8.2 Екілік есептегіштер
8.2.1 тізбекті және параллельді есептегіштер
Екілік есептегіш М = 2n модуліне ие болатын есептегіш, мұндағы n – бүтін сан. Есептегіш триггер кіріс импульстарының жиілігін екіге бөледі. Сондықтан есептегіш тізбектей жалғанған есептегіш триггерлердің тізбегі түрінде құрылуы мүмкін (8.1,а суретті қара). Есептегішті Т-триггерлер тізбегі ретінде көрсету қосу, сол сияқты азайту варианттары үшін де дұрыс, себебі разрядтарды ауыстыру жиілігіне қатысты заңдылық кестені жоғарыдан төмен (тура есеп), сол сияқты төменнен жоғары (кері есеп) қараған кезде де сақталады.
Бұл кездегі айырмашылық келесі ауыстыруды шақыратын алдыңғы разрядты ауыстыру бағытында болып отыр. Тура есептеу кезінде келесі разряд алдыңғы 1-0 бағытта өткенде, ал кері болғанда 0-1 бағытта өткенде қайта қосылады.
8.1 сурет – Тізбекті есептегіш құрылымы (а) және оның тура динамикалық басқару триггерлердегі іске асуы (б)
Сонымен варианттар арасындағы айырмашылық триггерлер кірістерін алдыңғылардың шығыстарына әртүрлі қосуда болып отыр. Егер тура динамикалық басқарулы есептегіш триггерлерде тұрғызылса, онда қосылу сипаты келесі триггерлердің алдыңғыға қосылу сипаты тура және кері есептеу есептегіштерін алу үшін 8.1,б суреттегі сызбаға сәйкес келуі керек.
Тура және кері есептеу варианттарының айырмашылығынан реверсивті есептегішті құру тәсілі шығады, басқарушы сигнал әсерінен сигналды алу нүктесін триггерден қарама-қарсы шығысқа ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ-НЕ , ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ суретте көрсетілген элементі арқылы көшіру.
Максималды тез әрекетке паралельді тасымалдауышы бар синхронды есептегіштер ие. Фронтпен басқарумен триггерлерде ұйымдастырылған параллельді тасымалдауышы бар соммалық синхронды есептегіштің құрылымы (8.3 суретті қара).
8.3 сурет – Тура есептеу параллель есептегішінің сызбасы
8.2.2 Топты құрылымдық есептегіштер.
Үлкен разрядты параллель есептегіштерді құрастыруға шектеулерге байланысты топты құрылымдық есептегіштер кең өріс алып отыр, онда есептегіш топаралық тасымал тізбектерімен байланысқан топтарға бөлінеді (8.4 суретті қара).
8.4 сурет – Топты құрылымдық есептегіш сызбасы
Топтың барлық триггерлерінің бірлік бұл жағдай кіріс сигналын келесі топқа тура жіберуге топаралық коньюктор даярлайды.
Егер топ разрядтылығын кемітіп және синхронды Т-тиггерлерін пайдаланса, онда тізбекті тасымалды синхронды есептегіш сызбасы алынады (8.5 суретті қара).
8.5 сурет – Тізбекті тасымалды есептегіш сызбасы
Сызба синхрондықтар қатарына жатады, себебі барлық триггерлер бір кіріс сигналы әсерінен біруақытта жұмыс істейді. Осы сызбаның кіріс сигналына тез реакциясы көрініс табады: ол параллель тасымалды есептегіштегі сияқты болады. Бірақ кіріс сигналдарының ең үлкен жиілігі бойынша бұл сызба параллель тасымалды сызбадан едәуір нашар болып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |