Схемотехника


Кез-келген модульді екілік-кодталған есептегіштер



бет24/36
Дата25.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#32208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
Конспект лекции (1)

8.3 Кез-келген модульді екілік-кодталған есептегіштер

 

2 санының бүтін дәрежесіне тең емес, яғни кез-келген модульді есептегіш бірнеше әдістер негізінде іске асырылады. Осындай екілік есептегіштің  2n - М = L шығарып тастауға жататын артық жағдайлары бар.



Артық жағдайларды шығарып тастау әдістері сан алуан және кез-келген М үшін есептегіштің  көптеген мүмкіндіктерін қарастыруға  болады. Бірінші күйлердің небір санын шығару арқылы есептегіштің алғашқы нөлдік күйін аламыз, бұл есептің табиғи ретінің жоқтығына және есептегіште артық кодты тіркеуге әкеліп соғады. Соңғы күйлерді шығарып тастау есептеудің табиғи ретін сақтауға мүмкіндік береді.

Кез-келген модульді есептегіштерді құрудың 2 тәсілін қарастыралық: разрядаралық модификациялы байланыстар және ауытқуды басқару.

Модификациялық разрядаралық байланысты есептегіштерді құрастыру кезінде, соңғы, артық күйлер есептегіштің жұмыс істеу кестелерінен тікелей шығарылып тасталады. Осы кезде сызбаны құрғаннан кейін автоматтар синтезі  үшін кәдімгі әдіспен есептегіш алынады, оның спецификасы стандартты емес функцияларда триггерлердің қозуы және сәйкесінше, триггерлердің арасындағы стандартты емес байланыста болып отыр. Осы оның атауын да түсіндіреді.

 

8.3.1 Есептегіштерді құрудың бірінші тәсілі.



Бірінші әдіс бойынша есептегіштерді құруды М = 5 арналған мысалмен көрсетейік, 8.1 кестеден басталық.

 

8.1 кесте



Бастапқы күйі

Келесі күйі

Қоздыру функциясы

Q2

Q1

Q0

Q2

Q1

Q0

J     K2

J1      K1     

J     K    

0

0

0

0

0

1

0       X

0       X

1       X

0

0

1

0

1

0

0       X

1       X

X       1

0

1

0

0

1

1

0       X

X       0

1       X

0

1

1

1

0

0

1       X

X       1

X       1

1

0

0

0

0

0

X       1

0       X

0       X

 

Триггерлердің қозу функцияларын табуда 8.2 кестенің «сөздігі» қолданылған.



 

8.2 кесте



Ауысу

J         K

0→0

0         X

0→1

1         X

1→0

X         1

1→1

X         0

 

Ерікті Х сигналының символының орнына кез-келген айнымалыны (0 немесе 1) қоюға болады. 8.1 кестенің негізінде жазалық:  (J2  бағанында бар болғаны бір бірлік қалдырылған), J1 = Q0, . Ki (i = 0, 1, 2) функциясы үшін сигнал көздеріне азырақ салмақ түсіру үшін тұрақты сандардың көбірек болатын вариантын таңдалық.  К2= 1, К=J1 и К= 1 деп қабылдаймыз.

Есептегіш сызбасы 8.6-суретте келтірілген.



Есептегіштің жобаланған жүйесінде артық күйлер олар есептегіштің қалыпты жұмысында пайдаланылмайтындықтан алынып тасталған. Бірақ бұзылуларда немесе сызбаға қоректену кернеуінің берілуінен кейін оның жұмысының басында артық күйлер орын алуы мүмкін.

 8.6 сурет – Модулі 5 болатын есептегіш сызбасы



 

Әрбір артық күйді алып, олардың келесі күйлерге өтуін анықтайтын триггерлердің қозу күйін анықтаймыз. Қажет болған жағдайда дәл осы әдіспен келесі ауысымды  да және т.б анықтаймыз. Алынған мысал үшін артық болып 101, 110 және  111 күйлері табылады.



101 жағдайында  Q2 = 1, Q= 0 және Q= 1. Триггерлердің қозу фунциясын біле отырып, J0 = 0, К0 = 1, J= K1 = 1, J= 0, К= 1 екендігін анықтаймыз.  Демек, 0 және 2 триггерлері лақтырылады, ал триггер 1 ағымдағы күйге қарама-қарсыға қайта қосылады және 101 артық күйінен есептегіш 010 күйіне өтеді. Ұқсас әдіспен 100 және 111 күйлеріне нәтижелер алуға болады. Нәтижесінде есептегіштің күй диаграммасын тұрғызуға болады (ауысымдар графигі), мұнда тек жұмыс циклі  (күйлер - айналмалар) ғана емес, қолданылмайтын күйге түскен (тікбұрыштар) автоматтар мінезі есепке алынған. Мұндай диаграмма 8.7 суретте көрсетілген.

 

 8.7 сурет – Модулі 5 болатын есептегіштің күй диаграммасы

 

Диаграммадан қарастырылған есептегіштің өздігінен қосылу қасиеті бар екендігін көре аламыз – бастапқы жағдайына тәуелсіз ол жұмыс цикліне жұмыс басталғаннан кейін келеді.



 

8.3.2 Есептегішті құрудың екінші тәсілі.

Кез-келген модульді есептегішті құрудың екінші әдісі – лақтыруды басқару әдісі  - есеп модулін есептегіштің сызбасын өзгертуді қажет етпейтін өте қарапайым әдіспен модуль есебін өзгертуге мүмкіндік береді.

Параллельді ауыстыруы бар синхронды есептегішті енгізуде қолдануға байланысты  әдісті қарастырайық (8.3 суретті қара). Аталған типті екілік есептегіштің қозу функциясы, біз білетіндей, мына түрге  Jj = K= Q0Q1…Qi-1 (J0 = K= 1 кіші триггерде) келтірілген. Бұл функцияларға оларды келесідей өзгертіп, лақтыру сигналы  R енгізейік:



,

К= Jv R.



 

 8.8 сурет  – Лақтыруды басқаруы бар есептегіштің сызбасы

 

Сигнал болмағанға дейін (R = 0), Jj и Kj функцияларының сәйкес екілік есептегіш функцияларынан айырмашылығы болмайды. R сигналы бірлік мәніне ие болғанда, Jбарлық  функциялары нольдік,  K– бірлік болады, бұл барлық келесі такті келгенде лақтырылуына мәжбүрлейді.



Егер  R есептегіште М-1 санының пайда болуы салдарынан орын алса, онда есептің  0, 1, 2,..., М-1, 0... кезегі, яғни М модульді есептегіш жүзеге асырылады.

Лақтыруды басқаруы бар есептегіштердің барлық разрядтарының сызбасы есеп модуліне тәуелді болмайды. Разрядты сызбалардан басқа, М-1 есептегіш мәніне жеткенде лақтыру сигналын қамтамасыз ететін бір коньюктор болады (8.8 суретті қара).

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет