Қызыл жебе
Тұрар отыз беске шығады ол кезде. Отыз бесінде оны не күтіп тұр
екен? Кім болар екен? Оқу оқып жетіліп кетсе, мені мерзімінен
бұрын құтқарып та алар. Түйметай отызға толады екен. Үйлі-
жайлы болып кететін шығар. Ізбайша... Иә, Ізбайша кетеді ғой.
Ол басқа біреудікі. Шолақ Шабдар мен Ізбайша басқа біреудікі.
Тірі болса, Тұрар мен Түйметай ғой мені тосатын. Әттең, сәл
есің кіргенше, өз қолдары өз ауыздарына жеткенше қасында
бола алмады. Он жасар ойын баласы, бес жасар жортпаш қыз.
Е, жасаған өзің төзім бере гөр. Оу, осы соларды өзіммен бірге
ала кетсем ше? Әкімдердің бір ақылдысы, әділі ұшыраса менің
бағыма, мүмкін рақымы түсер. Ала кетемін деймін, атасына
нәлет. Алатауы не, Итжеккені не? Алатаудың бауыры каторгадан
несі кем? Бір күнімізді көрерміз. Ала кетемін. Әттең, Тұрар өсіп,
оқыса, Метрейді тауып алар ма еді? Ай, Метрей, Метрей! Қазір
осында болар ма едің... Мына қасқабас білер еді сонда менің кім
екенімді. Ана шегірткенің айғырындай шіңкілдеген піркорердің
аузына құм құйылар еді. Қайтейін, бағым жанбаған бір жан
болдым ғой. Атасына нәлет, ойла не, ойлама не. Күніне тоқсан
түрлі бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан».
Рысқұл селт етіп, басын көтеріп алды. Тілмаш бала сөйлеп
тұр екен. Орысша ағып тұр. Сөздерінің бірін ұғып, бірін
ұқпайды. Тұспалдайды, мұны жақтап айтатын сияқты. Алғашқы
күндегідей емес, кеше кеште камерада екеуі шешіліп сөйлескен.
Алдында Бронников айтты: «ол жігітке сенуге болады, түйілме»,
–деді. Екеуі есікке қарап-қарап қойып, орысшалап көп сөйлесті.
Тілмаш бала Бронниковке қойнынан суырып бір бүктеулі қағаз
да берді. Бронников оны ышқырына тығып жіберді. Тілмаш
шығып кеткен соң Бронников айтты: бұл өзіміздің адам. Дымың
ішіңде болсын деді.
Міне, сол Боташ Шоқұлы сөйлеп тұр. Камераның
қаракөлеңкесінде байқамаған екен, шашы көмірдей қара, қысқа
қырқылған, маңдайы келісті, көзінің шоғы бар, қыр мұрынды,
ат жақты, бидай өңді бозым жігіт екен. Қияқ мұрты шыққалы
да көп болмаған, сірә. Оның сөзіне қасқабас судьяның өзі де
ұйып қалған сияқты. Ал прокурор шықылықтаған шымшықтай
шыжбаңдап, бұлт-бұлт етіп қозғала берді.
215
Қызыл жебе
Қияқ мұртты адвокаттың аузынан Рысқұл «Қызыл Жебе» деген
сөзді естіп селк ете қалды. «Мынау бүлдірер ме екен? Қызыл
Жебенің аруағын неге қозғады? Иә, Қамбар ата, иә, қылқұйрық
біткеннің төресі, кеш мені! Сенің қаның менің мойнымда емес.
Кеш, жануар! Мен алданған адаммын. Мен де залымдықтың
құрбанымын. Кеш, қанатты жаралған қайран дүлдүл!».
Боташ Шоқұлының сөзін прокурор қайта-қайта бөле берді.
Орнынан шошаң-шошаң тұра берді. Судья оны тәртіпке шақырып,
кішкентай балғамен қоңырауды қайта-қайта қаңғырлатты.
Бұл қиян-кескі үздіксіз шайқастың бір көрінісі еді.
Ақыры судья өзінің жолдастарымен бірге басқа бөлмеге
шығып кетті. Көпке дейін оралмады.
Уақыт осындайда өзінің құдіретін танытады. Түрмедегі әр күні
Рысқұлға бір жылдай көрінсе, қазір әр минут бір күндей созылып,
сірә өтпей қойды. Бұрын қанша сабыр сақтаса да, тағдыры бір
тал қылға ілініп тұрған мына шақта, батырдан да дегбір кетті.
«Иә, тірі жетімдердің көз жасы, қолдай гөр», – деген. Тұрар мен
Түйметайы дүниенің бәрін көлегейлеп, көз алдында тұрып алды.
Судья жолдастарымен бірге залға қайта оралған кезде құлаққа
ұрған танадай тыныштықтан шыбынның ызыңы ғана естіліп
тұрды. Тіпті шыбындаған ешкінің құйрығындай тыныш таппай
отырған прокурордың өзі де қалшиып қалды. Судья жұрт отырар-
отырмастан үкімді жариялады.
– Он жыл каторга!
Прокурор бүйі тигендей ұшып тұрды.
Қуанғаннан адвокат та атып тұрды.
– Қалайша, – деп шар етті прокурор.
– Прокурор мырза, соттың үкімі жарияланып қойды. Енді
оны өзгерту тек Түркістан генерал-губернаторының құдіретінде
ғана. Сотталушы Рысқұл Жылқайдаровқа соңғы сөз, қандай
тілек-арызы бар?
Рысқұл сөз бастамас бұрын қос иығын қомдап алды. Қасқабас
судьяға ғана қарап тұрып:
– Ей, сот! Мен қатырғыға қатын, бала-шағамды бірге ала
кетемін. Оған қалай қарайсың? – деді.
216
Достарыңызбен бөлісу: |