Қызыл жебе
– Ана ақымақ Алсайдың алдынан шығып, ауылына
қайтарыңдар. Мені ояз шақырып жатыр, – деп жуан қарагер
аттың басын бұрды.
Атқа мінсе есіріп кететін қайран қазақ қиқулап ылдиға
шаба жөнелген. Ат таңдап лап қойған қолды көріп, Рысқұл қақ
сойылын оңтайлады. Ағайындарына:
– Атты мен жаяу соғыса алмас. Шегіне тұрыңдар. Бұларға
бейбіт сөйлесу мүмкін емес. Қараптан қарап тұрып қырылмайық,
– деді.
– Шырағым, осы жанжалға кіріспей-ақ қойсаң қайтеді, – деді
Ахат.
– Е, Аха-ай, бұлар бұқсаң сұға береді, қайтесіз мені бөгеп.
Мен бір қаны қарайған адаммын, – деді де Рысқұл биік торыны
бір-ақ секіртіп, ордалы ауылдан шыққан түйдек шаңға жұлдыздай
аға жөнелді. Олармен жанасқанша көк ақ қалпағын ғана баса
киіп үлгерді.
Дауылбай аттандырған қол алты сойыл еді. Малшылар,
қызметшілер болатын. Рысқұл бәрін де таниды. Бәрі туысқан.
Бұлардың қанын төккеннен түсер пайда жоқ. «Қасқыр да қастық
қылмас жолдасына». Ең алдымен ескі шекпенінің екі етегі екі
шалғайға кетіп, далақ-далақ шауып келе жатқан жылқышы
Кенже екен. Қолындағы құрықты дәл бір асауға салатындай күні
бұрын созып ұстап алыпты. Рысқұл оның құрығын жұлып алып,
жаман тымағын көзіне түсіріп, өте берді... Кенже: «О, әкеңді»,
– деп көзі түк көрмей, аттың басымен алысып әуре болып кетті.
Тізгін тартып, тымағын түзеп киіп, жан-жағына қараса өзінің
қаруластары түгел сойыл-шоқпардан айрылып, тымақтары
көздеріне түсіп қалған екен. Кенже тағы да: «О, әкеңді...» – деді.
Кімді боқтағанын өзі де білмейді.
Рысқұл бұл кезде жеке шауып, Дауылбайдың ақ ордасына
жетіп те келген. Жанға шыдас бермей бұзып-жарып басынған
салт аттыны казак-орыстар қалай қарсы аларын білмей сасқан.
Ату керек пе, болмаса мылтықты аспанға атып қорқыту керек пе?
Бұл кезде орданың есігі ашылып, Рысқұл ояз болыспен қатар
табалдырықта тұрған. Бір казак-орыс:
187
Қызыл жебе
– Жоғары мәртебелі мырзам, не бұйырасыз, атайық па? –
деді.
– Атпа! – деді ояз. Ол әлгінде Рысқұлдың алты аттыны
тымақтарын тұмсықтарына қаптап кеткенін көріп қызыққан.
– Мұндай қызықты еш жерден көре алмассың, – деп сүйсінді,
– атуға болмайды. Егер өзі жамандық ойласа ғана атыңдар.
Шын ажалың жетпесе, қырық жыл қырғын болса да өлмейсің.
Әйтпесе, әлгі кезде Рысқұлды ұрда-жық бір солдат көздеп тұрып
басып салса, бітіп жатыр. Батыр – бір оқтық. Қой боғындай
қорғасын әңгімені тәмамдамақ. Бірақ Рысқұлдың әлі талқаны
таусылмаған шығар, әлі көретін жарық сәулесі, тататын дәм-
тұзы бар шығар, ояз әлгіндей «атпа!» деді.
Дауылбай ішінен өкініп қалды. Кедей ауылдың бас көтерері
де, басбұзары да, аз атаның баласы жалғыз қыран осы - Рысқұл.
Мұның көзін құртса, басқасы илеуге оңай. Илеуге келмейтін
шелді пұшпақ осы. Казак-орыстың қолымен қайтпас сапарға
аттандырып жібергенде, оңды болар еді. Ертең ел-жұртқа, би
мен сотқа: «Е, ол бұзық ұлыққа, ақ патшаның айтулы адамына
қастандық ойлап, содан қаза тапты», – деуге жеңіл-ақ еді. Бірақ
мылтық атылмады.
Ояздың да өз есебі бар. Біріншіден, Рысқұлдың ерлігіне шын
сүйсінді. Ұлы қолбасшылардың шын ерлікті бағалап жауы да
болса жарылқағанын ояз талай оқыған, естіген. Мәдениетті,
зиялы қауымның өкілі ретінде ол мұндай жомарт мінез көрсетуді
өзіне мәртебе санайды.
Екіншіден, өзі сыйлы қонақ болып жатқан жерде кісі өлімі
кездесіп, қан төгілгені қайбір жақсылық дейсің. Күні ертең
Шымкентке аттанады. Аман болса, мына болыс Рысқұлға ақысын
жібермес. Бұларды казак-орыстың қолымен атқаннан гөрі бірінің
қолымен бірін бауыздатып, өздерімен өздерін қызыл шеке етіп
қойып, қызығына қарап отыру әлдеқайда тиімді.
Бұл кезде Рысқұл оқ бойы жерге жетіп, атынан түсті. Қайың
сойыл мен білтелі мылтықты ердің қасына ілулі қалдырды.
Торыны жетектеген бойы ақ ордаға беттеді.
Әдетте Дауылбайдың ауылына ұлықтан өзге ешкім атпен
кірмейді. Ауыл сыртынан аулақта көліктен түсіп, жаяу келеді.
188
Достарыңызбен бөлісу: |