234
Қызыл жебе
ішінен Рысқұлмен тілдесіп. – «Кеш мен бейбақты. Баяғыда саған
ілеспей, орта жолда Меркеде қалып қалғанымды қаламап едің.
Енді тағы бір опасыздық болды. Оның есесіне сенің әйелің мен
балаңды бағып-қағуға ант етейін, бауырым. Сенің алдыңда арым
таза болсын».
– Ну, Киргизбай, – деді пристав тілхатты ыждағаттап сөмкеге
салып жатып. – Енді бұл әйелге әзір бол. Қашып кетіп жүрмесін.
Айырылып қалсаң, ух! Рысқұлдың артынан ол емес, сен кетесің.
Төрелер үйден шықты. Жас төлдің кіндігі қатпаған ерте көктем
еді. Күн едәуір кешкіріп қалыпты. Аспараның басындағы сәуле
малған майда бұлт қоянның жон арқасындай жұмыр, жұмсақ.
Аспан кеуілім жай, мөлдір көк. Мықанның арғы бетінде бір салт
атты қырғыз тауды бетке алып, әндетіп кетіп барады:
– Ишь ты, қара-киргиз,– деді пристав әндеткен салт аттыға
қарап:
Мықанның арғы беті – қырғыздар. Әулие-Ата оязына қарайтын
Шалдуар болысы. Қазақты – «киргиз», қырғызды «қаракиргиз»
дейтін әдетіне басып тұр пристав.
Алатауға приставтың көзімен қарасаң, қиқы-жиқы үйілген
тастар. Көктем алдында қуанышы кішкентай кеуделеріне сыймай
шықылықтаған шымшықтардың қазіргі беймаза тіршілігінен,
кешегі алтын күректен кейін жұмыртқа қабығын тесіп шыққан
балапан құсап, тоңы жібіген топырақты түртінектеп шығып келе
жатқан көктің сыбдырынан, бетіңді қыз алақаны сипағандай саф
самалдың лебінен, осының бәріне шала мас болып бара жатқан
анау қырғыздың сағынышты ән сазынан мына болыс пен пристав
бейхабар. Көкіректе сезім қылы дың етпеген кәркеуделердің
табиғаты тасыр, тілі дөкір. Верныйдың түрмесінде әкесімен
бірге жатқан Тұрар Рысқұловпен енді он жылдан соң бетпе-бет
кездесетіндерін бұл екеуі қазір білмейді. Аспара болысы Бектен
Медеров пен Мерке приставы Афанасий Сокольский. Терек
басында қураған жапырақ қалтырайды. Олар бұған назар салған
жоқ.
– Поехали, – деді пристав.
Достарыңызбен бөлісу: