Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет118/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
талмай берді. Бұл сірә, жылқы баласының біреуді жақсы көргенде 
істейтін ізеті шығар, сонысымен өз мейірімін білдіргені шығар. 
Не де болса, Рысқұлдың жүйкесі бір жібіп кетті, шыдамы берік 
азамат тебіренгеннен көмейіне өксік тығыла берді:
–  Е, Шолағым, ризамын саған, – деп сыбырлады. – Шіркін, 
саған  мініп  алып,  Талғар  мен  Түргеннің  тауларын,  Шелек  пен 
Есіктің  алқабын  аралап,  жортып  жүрген  жоқшылық  күндердің 
өзі  бір  ғанибет  екен-ау?!
–  Е, шырағым, үмітсіз шайтан ғана болсын. Әлі кім білген. 
Дәм-тұз таусылмаса, Шолағыңа да мінерсің, – деп сезімтал қарт 
інісін  жұбатқан  болды.
–  Ой,  Аха,  сіз  де  айта  бересіз,  –  деп  күлді  Рысқұл.  –  Бұл 
Шолақ  оннан  асып  қалды.  Енді  мен  оралғанша  он  жыл  өтсе, 
бұл  байғұстың  басы  қурап  қалмай  ма?!  Бірақ,  кім  біледі, 
кімнің  басы  бұрын  қурарын.  Менің  жаураған  жанымды  қазір 
тек үзілмес үміт оты ғана жылытады. Адам сорлы қызық екен 
ғой.  Айдалатыныңды,  құлақ  естімеген,  көз  көрмеген,  қиянға 
кететініңді біліп отырып, әлденеден үміт етесің. Не екенін өзің 
де  білмейсің.  Бірақ  әйтеуір  дәметесің.
–  Үмітсіз  шайтан  ғана  болсын,  шырағым.  Үмітіңді  үзбе, 
адамның үміті үзілгені – үні өшкені. Сен тұрмақ, мына жетпістен 
асып,  басы  жерге  жеткен  менің  де  жарық  дүниеден  үмітім 
бар. Енді маған не дауа. А бірақ кеудеден шыбын жан шықпай 
тұрғанда,  қыбырлап  жүре  бергің  келеді.  А  сондықтан  жасыма, 
шырағым.  Мына  тірі  көлеңкең  тықыршып  тұр  ғой.  –  Ахат 
айдауылға қарады. – Сөзді көп созбай, қоштасайын. Тұрарды бір 
көрсем  деп  едім...
–  Ізбайшадан  жауап  болмаса,  өзіммен  бірге  Тұрарды  ала 
кетпекпін. Ал алда-жалда рұқсат етпесе, бір құдайға, одан соң 
өзіңе тапсырдым, Аха. Оған жаны ашитын басқа бір адам жоқ. 
«Ағайының  көп  болса  адам  тимес,  көсеуің  ұзын  болса  қолың 
күймес»  деуші  еді.  Мен  ағайынсыз  емес  едім,  бірақ  азаматы 
аз  болды,  атасына  нәлет.  Мен  оларды  кінәламаймын.  Олардан 
кінә жоқ шығар. Жалаң қолмен от көсеп, аяғы күйген тауықтан 
тарығып  қалған  шағымда,  Алматының  абақтысын,  Мекке 
айналғандай сырттан торып, жанымнан шықпай жүрген жалғыз 


238
Қызыл жебе 
сенсің. Ризамын, Аха. Екі дүниеде де ризамын. Әлдеқалай заман 
болса,  Тұрарды  тастама.
Қарт  ағасы  Рысқұлды  құшақтап,  төсіне  төсін  басып,  жел 
шайқаған  кәрі  емендей  теңселіп,  көп  тұрды.  Сонда  кәріліктен 
шаршаған,  үздіксіз  соғудан  мезі  бола  бастаған  жалқау  жүрегі 
қайтадан  жанданып,  өлімсіреген  өзенге  таудан  тасқын 
құлағандай, тулап, дүрсілдеп қоя берді. Шыдамы біткен айдауыл 
Ахатты  иығынан  тартып:
–  Уақыт бітті! – деп қалды.
Еті  қашқан  қу  сүйек  иықтың  тынымсыз  діріл  қаққанын 
қолымен  сезген  айдауыл  амалсыз  тағы  аялдаған.
Кім  білген,  бөдененің  құйрығындай  тұқыл  тіршілікте 
түрменің құлпы мен темір торынан басқа, аш қандала мен атала 
быламықтан басқа, ақсиған тістер мен ақырған бұйрықтан басқа, 
бұл тіршілікте туысқандық, қимастық, қиыспастық, өзек өртенер 
сезімді  айдауыл  пақыр  сонда  бір  сәтке  өз  басынан  кешкен  де 
болар...
* * *
«Есен-сау  барсыз  ба,  Тұрардың  көкесі?  Біз  бір-бірімізді 
көрмегелі міне, екі жылға жақындапты. Өзіміздің Бесағаштағы 
жеркепеден  сіз  аттап  шыққалы  бері  екі  жаз,  екі  қыс  өтті. 
Міне, тағы да көктем шықты. Кеше мен наурыз көкті көрдім. 
Көзіме  жылы  ұшырады.  Сізден  бір  хабар  берер  деп  дәметкен 
едім,  тілсіз  құс  түк  айтпады.  Сөйтсем,  ол  жылы  жақтан, 
оңтүстіктен ұшып келеді екен ғой. Ал, сіз болсаңыз Алматының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет