Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет120/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

апарсаңыз да, ала кетіңіз Тұрардың көкесі
Баланың  басындай  сом  құлыптың  сақыр-сұқырынан  Рысқұл 
шошып  оянған.  Ояна  салып  өз  қолына  қарады,  жан-жағын 
сипалады.  Ізбайшаның  жаңағы  хаты  үшті-күйлі  жоқ.  Аңырып, 
есеңгіреп отырып, есін жиғанда барып, әлгінің түсі екеніне көзі 
жетті.  Кенет  күн  тұтылғандай,  көзінің  алды  қарауытып  бара 
жатты. Түсінде жайраңдаған қайран көңіл бір сәтте талқан болды.
Айдауылдың  құлыпты  салдыратқанын  Рысқұл  зарыға  күтіп, 
сағынып жататын. Атуға алып шықпақшы болса да, есіктің бір 
ашылғаны жақсы. Ал бірақ мына бір ынтызар шақтың шырқын 
бұза, камераның ішін жарқыратқан күнді сөндіре, әдемі түстен 
адастыра  келген  айдауылды  қазір  Рысқұл  екі  көзімен  есікке 
шегелеп  жібере  жаздады.
Айдауылдың соңынан түрменің бастығы Приходько мырзаның 
өзі кірді. Бастықтың өзі кірсе, тегін келіс емес.
–  Қалай, Рысқұл? – деді Приходько шала-пұла қазақша, ескі 
досымен  сөйлескендей.
–  Қалай болушы еді, мырза. Сендерден хабар күтіп жатқан.
–  Хабар  жақсы  емес,  Рысқұл,  –  деді  Приходько  жаны 
ашығансып. – Сеники қатын отказ берген. Хат мынау. – Приходько 
қағазды  Рысқұлдың  қолына  ұстатпай  қашықтан  көрсетті  де, 
баяғы  Қырғызбай  қолымен  арабша  жазылған  тілхаттың  әуелі 
орысша аудармасын оқып, оны тілі жеткенше қазақшалап берді.
–  Сенбеймін!  –  деп  Рысқұл  орнынан  атырыла  түрегелді.  – 
Маған атбекет болған қазақ жігіті қайда? Сол оқып берсін. Менің 
әйелім емес мұны жазған. Мынау жалған!
Рысқұл ар жағын айта алмай алқынып, демі таусылып барып 
кенет тоқтады.
–  Сеники ақымақ, Рысқұл, – Приходько қауға сақалын талдап 
тұрып. – Қандай қатын өз еркімен каторгаға барады? Қатындар 
бәрі сондай. Сенбеу керек.


241
Қызыл жебе
–  Өтірік  айтасың,  қатындардың  бәрі  опасыз  емес.  Опасыз 
болса,  патшаны  өлтірмек  болған  орыстардың  қатындары 
байларының  соңынан  Сібірге  неге  барған?
–  Оһо, сенің сауатың ашылып қалған екен. Мұны кім айтты 
саған? А! Кім айтты? Әлгі оңбаған Бронников қой. Солай ғой, 
ә?  Оныкі  сандырақ.  Сенің  жаныңнан  оны  дұрыс  алып  кеткен 
екенбіз. Ал, о басында қасыңа бекер орналастырғанбыз. Көрдің 
бе,  жабайы  киргизге  декабристердің  кім  болғанын  үйретуін. 
Ақымақ, сен декабрист емессің, ал сенің әйелің артыңнан Сібірге 
ілесіп баратын дворянка емес. Трубецкая мен Волконская бұзық 
күйеулерінің соңынан іздеп барса, олар бай болған, қалтасы қалың 
болған.  Өз  қаражатымен  көшіп-қонған.  Ал  сенің  қатыныңның 
қалтасында  қара  бақыр  да  жоқ.  Жолда  бір  жерде  арам  қатып 
қалса, обалына кім қалмақ? Соны білген сенің қатының. Ол сенен 
ақылдырақ екен. Міне, тілхаты. Көп күйсемей, жолға жинал!..
Приходько  есік  жаққа  бұрыла  бергенде,  Рысқұлдың  жан 
дауысы  шығып:
–  Мырза!  Онда  маған  Тұрарды  ала  кетуге  рұқсат  ет!  –  деп 
ышқынды.
–  Жасы жетпеген баланы каторгаға жіберуге заң жоқ, – деді 
Приходько  ашуланып.
–  Онда мен губірнатырға арыз айтамын. Гүбірнатырға! – деп 
қайталады  Рысқұл,  түрме  бастығы  губернатордан  сескенеді-ау 
деген  үмітпен.
–  Айт, айт. Арыз жаз, өзің жаза алмайсың. Анау Бронников 
деген  досыңа  жаздыруға  рұқсат  бергізейін!..
Приходько кетісімен, камераның ішін күдік жайлады. «Сенейін 
бе, сенбейін бе», – деді Рысқұл сілейіп тікесінен тік тұрған күйі 
терезеден көрінген айға қарап.
Ай жарықтық толықсып тұр екен. Оның бетіндегі мең Рысқұлға 
таныс адамның сүлдесіндей болып көрінді. Күндізгіден гөрі түн 
баласы  жортуылда  көп  жүрген  Рысқұлдың  ай  бетіне  анықтап 
тұрып қарағаны осы болар. Бесағаштағы сайдың табанынан иін 
ағашпен су көтеріп келе жатқан баяғы Қалипа марқұм мына түрме 
терезесінен қарап тұрғандай екен. Аспандағы айдың меңі Қалипа 


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет