абақтысында, қазір біз Түйметай екеуміз паналап жүрген
Меркеден алыстасыз. Мен көрген наурыз көк, сірә мына Меркеден
өтіп, Алматыға да барар. Анда-санда абақтыдан сізді далаға
шығарғанда сол наурыз көкті сіз де көресіз. Түйметай екеуміздің
сәлемімізді, сағынышымызды жеткізер ме сізге жәудір көз,
көгілдір құс? Біз сіздің етегіңізден ұстап, қиянға кетуге де
ықтиярлымыз. Ол басында құдайдың пешенеге жазғаны - сізбен
бірге өмір кешу болған. Есіңіздеме, Тұрардың көкесі? Мен сіздің
жер кепеңіздің табалдырығын таудай биікке балап, ыс басқан
жертөленің аласа төбесін шаңқаң ақ орданың шаңырағындай
санап, өз еркіммен аттап едім ғой. Онда мен жасым жиырмаға
239
Қызыл жебе
толмаған жас бала едім. «Қатыны өлген қаңғыбасқа тиген
інесі?» – деді жұрт сонда. Ауылнай Таубай сөз салып еді
алдында. Тағдыр екен, оған көнбей, сізге көзсіз ілесе бердім.
Үйіміз жеркепе болса да, қарлығаштың ұясындай еді. Енді ол
қаңырап қалды. Енді мен үш таған ошақты, түбінің жарығы
жез шегемен жамалған қара қазанды, қос уыс дән табылғанда
талқан тартатын тac диірменді сағынамын. Қалды бәрі де.
Тұрар кілтін бұрап сылдырлата беретін ескі әбдіра да қалды.
Оның ішінде ақ шүберекке ораулы жататын ақ бәкіні ала
кеттік. Сізден тапқан баланың кіндігін сол бәкімен кесуді құдай
маған қимады. Жанымыздағы терең сайдан екі шелек су көтеріп
келе жатқанда түсік тастап, содан қайтып бала көтермей
қалдым мен бейбақ. Бірақ алты айлығында бауырыма салған
Түйметай менің өз өзегімді жарып шыққандай. Құдай куә, мені
Түйметайдың өгей шешесі деп ешкім айтпас. Тұрардың жөні
бір басқа. Ол да менің өз балам. Бірақ менің ақ төсімнің иісін
алмаған. Сонда да қатты сағынамын. Не күйде жүр ол қазір?
Мені есіне ала ма ? Тірі болсын құлыным. Менен сәлем айтыңыз,
анасымын мен оның.
Тұрардың көкесі-ау! Азғырған жұрттың айтқаны келді. Мені
сіз үлде мен бүлдеге ораған жоқсыз. Біз ерлі-зайыпты болып
қосылған бес жылдың ішінде менің иініме бір-ақ рет жаңа көйлек
ілініпті. «Батыр байымас» деген рас екен. Бүйіріміз томпайып,
тоя тамақ ішкен күніміз аз болды. Бір уыс талқан табылса
Тұрар мен Түйметайдың аузына тостым. Өйткені мысық екеш
мысық та, қанша аш болса да, ұстаған тышқанын алдымен
балаларына әкеліп береді. Таубайға тисем, ақ майы ақтарылған
қара шараны өзім ұстар едім. Кеше сіз түрмеге түскенде,
Бесағаштағы ауылымыз ойран болғанда Таубай мұны бетіме
салық қылып, табалады ғой. Бірақ мен тағдырыма налымаймын,
Тұрардың көкесі. Сіздей ер азаматтың әйелі екеніме шүкіршілік
етіп, еңсемді түсірмей, жұрттың жүзіне қымсынбай қараймын.
Бір елі аузына екі елі қақпақ қоя алмаған жұрт не десе, о десін,
менің пірім сізсіз, Тұрардың көкесі. Мен сізге сенемін. Өзіңізбен
бірге Сібірге бізді де ала кетпек болғаныңызды есіткенде, менің
іші-бауырым елжіреп, сізге – еріме, піріме деген ынтық, мына
240
Қызыл жебе
адасқан қаздай қаңқылдап жүрген сәтте, жаныма сая, іргеме
ық болды. Сізге ілесіп, қыстың қыспағында омбылап қалған
жаралы киіктей, қиыншылық көрсек те арман жоқ,. Тәңірі
қос көріп, төрелердің рақымы түссе, бізді аждаһаның аузына
Достарыңызбен бөлісу: |