Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет25/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
Қызыл жебе 
бір  қатерге  басын  тікті.  Рысқұл  көнбеді.  Соған  істеп  отырған 
қысастығы  бұл.
Ахаттың  басы  кеудесіне  салбырай  түсті.  Кеше  кешке 
Рысқұлдың  атқа  мініп,  бейуақыт  суыт  жүріп  кеткенін  өзі  ғана 
байқаған.  Ол  кетіс  тегін  емес.  Бірақ  орыстың  атын  алуда  не 
мақсат?  Не  де  болса,  өзімен  тілдесу  керек.  Алматы  барып, 
өзімен жолығуға рұқсат алу керек. Ол осы ойын мына отырған 
інілеріне айтпақ болып, басын көтере бергенде, есіктің алдынан 
балалардың  айқай-шуы  шықты.
Байбаламдап  жүрген  Молдабектің  Оразбағы  екен.  Астында 
шыбық аты бар. Шаңдатып шапқылап, Тұрарды ұстамақ болып 
екіленіп жүр. Жанында бір топ бала және бар.
–  Ұста, Қызыл Жебені ұста! – деп айқайлайды.
–  Қызыл Жебені соямыз! Қайыр бері, алдынан шық! Соямыз 
Қызыл  Жебені!
Үйдегілер елең етсе де: «е, бала-шаға ғой» дегендей, қайтадан 
Ахаттың  аузына  қарап  еді,  қарт  ләм  деместен,  есіктен  көз 
алмастан, жалбыр қасы түксиіңкіреп, түрі бұзылыңқырап қалған 
екен.
–  Тұқымбайдың  Қызыл  Жебесі  сойылған.  Сен  де  Қызыл 
Жебесің. Сені де соямыз, – деп Оразбақ Тұрарды астына бүктеп 
алыпты.
–  Тек-әй,  жүгірмек,  жағың  қарысқыр!  –  деп  босаға  жақта 
отырған Молдабек есіктен басын шығарып баласына айқайлады.
–  Шақыршы  бері  Оразбақты,  –  деді    Ахат  Молдабекке.  – 
Шақыра  ғой.
Молдабек ентігіп, таңқы танауы желпілдеп тұрған Оразбақты 
білегінен қатты ұстап, үйге алып келді.
–  Ассалаумалайкөм! – деп дауысын қатты шығарды Оразбақ, 
үлкендерге сәлемдесу керек деп үйреткен тәртіпті ұмытпай.
–  О,  айналайын,  таудай  жігіт  бол.  Өстіп  сәлемдесіп  жүр 
ылғи, – деп Ахат баланың көңілін көтеріп қойды. Оразбақ таңқы 
танауын  таңқ  еткізіп  тартып  қалды.  Әкесі  жеңінен  сілкіді.
–  Оразбақ,  Қызыл  Жебені  соямызың  қалай?  Қайдан  естідің 
бұл  сөзді?  –  деп  сұрады  Ахат  абайлап.


51
Қызыл жебе
–  Иә,  анау  болыстың  Қалдыбек  деген  баласы  айтты  ғой, 
бағана біз Солдатсай жаққа бүлдірген тере барғанда. Біз Қызыл 
Жебені түнде сойып алдық деді. Өтірік десеңіз, өзінен сұраңыз. 
Тұрар  болса:  «Мен  Қызыл  Жебемін,  Қызыл  Жебемін»,  –  деп 
мақтанады ылғи. Мақтаншақ өзі. Е, Қызыл Жебе болсаң соямыз 
дегенім рас. Ойнап әншейін. Әйтпесе, шындап соймаймыз ғой.
Үлкендер үрпиісіп бір-біріне қарады.
–  Оразбақ,  айналайын,  болыстың  ол  баласы  байғұс  есі 
ауысқандау  ғой.  Жәй  сандырақтап  жүр  де.  Сен  енді  Қызыл 
Жебені  соямыз  деп  айқайлаушы  болма.  Мақұл  ма,  айналайын?
–  Мақұл,  ата,  айтпаймын.  Тұрарды  да  қуаламаймын.  Ол 
өзі де жылап жүр. Көкесін абақтыға қамап тастапты ғой, – деп 
саңқылдады  бейуайым  Оразбақ.
–  Бара ғой, айналайын. Тұрарға тимеңдер, – деді Ахат ауыр 
күрсініп.
Үлкендер  ұрса  ма  деп  қорқыңқырап  келген  бала,  бұлайша 
оңай  құтылғанына  қуанып,  үйден  ата  кеп  жөнелді.
Отырғандар  қатты  ойда  қалды.  «Қызыл  Жебе  ұрланыпты» 
деген  хабар  бұларға  да  жеткен.  Ал  енді,  жылқының  төресі 
сойылыпты деген сұмдық суық сөз рас па, сандырақ па? Бұрынғы 
салмақ,  аз  болғандай,  иыққа  тағы  бір  зіл  қара  тас  құлады. 
Омыраулап, одыраңдап отыратын Омардың өзі еңсесі түсіп кетті. 
Саймасайдың сарсаңына Тұқымбайдың тозағы қосылмаса несі, 
– деген соқыр уайым миларын шағып, шекелерін солқылдатып 
отырған  тәрізді.
Енді бұлар Рысқұл орыстың жылқысын алды деген жалаға да 
тоба қылғандай. Ал егер Қызыл Жебенің бәлесі жұқса қайтеміз 
деген уайым үрейге ұласып бара жатқандай.
–  Иә, жаратқан алла, жар бола гөр! – деді Ахат қисық есіктен 
қиғаш  көрінген  далаға  жасаураған  қызыл  жиек  көзін  қадап. 
Далада жарығы ырсиған келі мен сынып қалған жартыкеш келсап 
жатыр екен. – Қарасу ішсек те, қайғысыз қыл, жаратқан. – Ахат 
қолымен жер тіреп орнынан көтеріле берді. Мәжіліс жабылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет