Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет22/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
–  Болыс-еке,  бауыздатпа.  Мен  осы  атты  саған  өлтірмей-ақ 
сіңіріп берейін. Мына таудың ішінде жан баласы баспаған жайлар 
бар. Қызыл Жебені сонда сақтайын. Тіпті оған көнбесең қырғыз 
асырып  жіберейін,  тіпті  Қоқан  асырып  жіберейін.  Әйтеуір, 
Тұқымбай таппаса болды ғой саған. Көн мырза. Құлақ ас.
Болыс сәл безірейіп тұрды да:
–  Жоқ!  –  деп  басын  қатты  шайқағанда  сақалы  селтең  ете 
қалды. – Бұл жыннан жаралған жүйріктің даңқы жердің түбінен 
де жетеді. Мұны тірідей жасырып болмайды. Тек көзін жойып 
жіберу  ғана  –  жалғыз  жол.  Әй,  неғып  тұрсыңдар,  ербиіп, 
албастыға ұқсап. Бар, Мақашқа көмектес. Жылдам жайлаңдар! – 
Болыстың  шабармандары  зыта  жөнелді.
Рысқұлдың атына ыршып мінгенінен сескенген болыс:
–  Әй, әзір болыңдар! – деп айқайлады.
Рысқұл  Шолақты  тебініп  қалып,  шырғанақ  арасындағы 
алаңқайға атырылып жетіп, Қызыл Жебені сауырынан қамшымен 
тартып-тартып  жіберіп  еді,  жануар  ышқынып,  аспанға  бір-ақ 
шапшыды. Бірақ Мақаштың қолындағы қыл шылбыр кеңірдегін 
қырылдатып  қысты  да,  жерге  гүрс  етіп  қайта  түсті.  Рысқұл 
шылбырға  жармаса  бергенде,  оң  иығы  опырылып  түскендей, 
тұла  бойы  болбырап,  әл-дәрмені  кетіп,  ат  үстінен  аунап  құлап 
бара  жатты.
Боржық Таубай анадай жерде жатқан бақанмен бастан көздеп 
ұрғаны  иығына  тиіп,  мертікті.  Талай  сойқан  соғыстарда  бес-
алты  адамның  сілтеген  сойылдарын  бойына  дарытпай  сап-сау 
шығатын  Рысқұл  қапыда  құлады.
–  Байлап  тастаңдар  иттің  баласын!  –  деді  асығып  жеткен 
болыс  шабармандарына.  Қазақта  не  көп,  арқан  көп,  әп-сәтте 
Рысқұлдың аяқ-қолы сіресіп қыл арқанмен байланды да қалды. 
Бақан тиген иығы астында қалған екен, қақсап қоя берді, шекесіне 
шырғанақтың  сояудай  тікені  қадалып,  сүйегін  тесіп,  миына 
сұғылардай  бірте-бірте  сүңгіп  бара  жатты.
Обадай дәу Мақаш байлаулы жатқан адамды ақиланып тұрып 
теуіп кеп қалды. Болыс жекіріп:
–  Тиме, жетті енді, – деді. – Бұл ит осы күйінде түрмеден бір-
ақ  шығады,  құдай  қаласа.  Ал,  атты  құлатыңдар.  Тез  бауыздап 


45
Қызыл жебе
жіберіңдер  де,  терісін  өртеп,  етін  мына  Шілмембеттің  үйінің 
артындағы  сайға  апарып  тығып  тастаңдар,  Бесағаштағы  үйі 
ше.  Онан  арғысын  өзім  білемін.  Бол,  жылдам.  Қызыл  Жебені 
аяқтарынан арқанмен шалып, төрт адам бірден тартқан кезде есіл 
тұлпар жерге аспан құлағандай, аспандағы Ай құлағандай гүрс 
ете  қалды.
Қанша  дүлей  болса  да,  қанша  құлақкесті  құл  болса  да 
Мақаштың  кеуек  кеудесінен  бір  аяныш  оты  жылт  етіп,  Қызыл 
Жебені  бауыздарға  келгенде  қолы  қалтырап:
–  Апыр-ай, шыннан қиямыз ба? – деп жан-жағына қарады.
Қайдан келгені белгісіз, болыстың Қалдыбегі ербиіп шырғанақ 
арасынан шыға келді де, қотансиып, аңғал күліп:
–  Өлә,  Қызыл  Жебені  сойғалы  жатыр,  –  деп  қолын 
шапа лақт ады.
Ұрысса, баласының елірмесі ұстап қалатынын білетін болыс:
–  Қалдаш, айналайын, бара ғой, үйге бара ғой, – деп алдап-
сулап  ауыш  ұлын  шығарып  салды.
–  Ешкімге айтпа, білдің бе, Қалдаш. Бұл Қызыл Жебе емес, 
бордақыланған ақсақ торы ат қой өзіміздің. Ертең үйге қаладан 
үлкен  кісілер  келеді,  соған  ертелеп  дайындалып  жатқанымыз 
ғой,  –  деді  жол-жөнекей  баласын  басынан  сипап.
–  Иә, көке десе, ол Қызыл Жебе ғой, – деп соқталдай болса 
да,  бала  қалпында  қалған  неме  шынын  айтып  келеді.
–  Қой, оттама, қайдағы Қызыл Жебе!
Есі  шығып,  еңсесі  басылып  отырған  Мақашқа  болыс  қайта 
келіп:
–  Ей, шірік, әнеукүні көкпарда сені масқара етіп кеткен осы 
емес  пе  еді?  Неменеге  емешегің  елжірей  қалды?  Бол!  –  деді.
Саймасай  бұлай  болар  деп  ойламаған.  Ойда  жоқта  бетіне 
шапшыған  қанды  абайсызда  алақанымен  сыпырып  қалып  еді, 
қолына  қарақошқыл  жылымық  жылбысқы  жабысып,  баттасып 
шыға  келді.  Айға  шағылысқан  алақаннан  түрлі-түрлі  сәулелер 
жылтырап,  жымыңдасқандай  болды.
Саймасай қатты сескеніп, тұла бойы дір ете қалды. Бұл кезде 
есін жиған Рысқұл қиғаштап жатып, мына зауалдай сұм жағдайды 
көріп:


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет