Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125
Қызыл жебе 
–  Ә, болыс, қан шеңгелдеп қалдың ба? Тұра тұр, бұл зілдей 
салмақты,  ауыр  қан  текке  кетпес,  –  деді.
Қаталдық  пен  осалдық  қатар  жүреді.  Өзінің  қаталдығын  ар 
алдында ақтауға осал адам өте шебер. Саймасай мына сұмдықтан 
ақталудың, өзіне күнә жолатпаудың себебі деп Қызыл Жебенің 
осы  ауылдан  шыққанын  желеу  қылады.  Тұқымбайға  талай  сөз 
салғанын,  болыс  басымен  тілегі  орындалмай  сағы  сынғанын 
бетке тұтады. Әлгіде сескеніп, апырай, бұл қалай? – деп қалса 
да, қайтадан қарғыс қайратына мініп алып, қатайып кетті. Қолын 
қалың теңге жапыраққа сүрте салып, жалшыларының біріне:
–  Әй, су әкел, көргенсіз, – деп зекіді.
Қанды қолды, бетіне баттасып, кеберси қатып үлгірген қара-
қошқыл дақты су тазартқан. Бірақ бір былғаныш сезімді көңілінен 
тазарта алмады. Қанша қасамдап жуса да әлгі бәле беті-қолында 
әлі жұғып тұрғандай әзірейіл әсерден арылу жоқ. Түптің түбінде 
ібілістей күнәні су тазарта алмақ емес. Дүниеде оттан таза нәрсе 
жоқ.  Қылмысқа  қылқынған  пенденің  күнәсін  от  қана  тазарта 
алар.  Сират  көпірінен  құлап,  тозақ  отында  шыжғырылса  ғана 
арамдықтан арылар. Соның өзінде отқа күйген бет пен алақанда 
мәңгілік қарғыс таңбасындай болып қарақошқыл дақ қалмаса...
Жылқы  баласының  сұлтаны  –  Қызыл  Жебенің  терісі 
сыпырылып, түңгі салқынмен буы бұрқыраған еті жайрап қалды. 
Етінен жылт еткен май көрінбеді. Кілең қара кесек, тарамыстау 
қызылды  байқаған  болыстың  басына  тағы  бір  сұмдық  ой  сап 
ете  түсті.  Бұл  ойдан  ол  тіпті  бүкіл  уайым,  сезіктену  сияқты 
сезімдерден  құлантаза  жазылып,  жадырап  шыға  келді.
Осы бір қаһар қысқан айлы түннен бір күн бұрын Софийск 
станциясының (Талғар қаласы) бір мұжығы болысқа арыз айта 
келіп еді. Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. Соны табуға 
көмектесіңіз, мырза, – дейді. Болыс орыстың мұжығын:
–  Оттама, бізде сенің көтерем атыңды ұрлайтын ешкім жоқ. 
Қазақ жылқы алса, ісіне татитындай етіп молынан алады және 
алыстан  алады.  Ауылдасына  тимейді,  –  деп  шығарып  салған.
Шабармандар жан-жаққа шашырады. Болыс боржық Таубайды 
приставқа жіберді. Бір жігітін Талғардағы аты жоғалған мұжыққа 
жұмсады. Мақаш пен тағы бір нөкері Қызыл Жебенің етін Рысқұл 


47
Қызыл жебе
үйінің артындағы сайға апарып, жалбызбен көміп тастауға кетті. 
Рысқұл қол-аяғы байлаулы тұтқында жатыр.
Есебі есеп-ақ. Пристав пен мұжықты Рысқұлдың «ұрлығының» 
үстінен  түсіреді.  Пристав  байлаулы  тұтқынды  Алматыға  айдап 
жөнеледі. Қызыл Жебе жоғалды деп Тұқымбай ауылы дүрлігіп 
жатқанда  мұжықтың  атының  дабырасымен  Саймасай  ауылы 
Қызыл Жебенің сезігінен сақтанбақ.
Есебі  есеп-ақ.  Тұқымбай  бісмілла  деп  Саймасайдан 
сезіктенеді.  Салып  ұрып  болысқа  жетеді.  Осылай  да  осылай, 
болысеке.  Алдырған  албырт  –  анасының  қойнын  ашады.  Бұл 
сенің адамдарыңнан келген тажал, Рысқұл деген баукеспең бар. 
Оның қолынан бәрі келеді. Жүйрігімді соған алдырдың. Тауып 
бер,  -  дейді.
Болыс айтады:
–  Есің дұрыс па, байғұс. Рысқұл түрмеде жатыр. Абақтыдағы 
адам қайдан сенің атыңды ұрлайды. О байғұс бұл күнде тышқан 
аулайтын  болған.  Бір  орыстың  көтерем  лақсасын  аламын  деп 
азабын тартып жатыр, – дейді.
Тұқымбай:
–  Апыр-ай, сонда қалай? Әнеукүнгі аста сонау Қарақолдың 
қыздары қатты сұқтанып еді. Солардан болды ма бұл сұмдық? Әй, 
сырттан ала алмайды-ау. Сыр білетін біреу бар, біреу бар, – деп 
қамшысын таянып жұдырығымен жер тоқпақтайды. Саймасай:
–  Е,  сыр  білетін  ауылыңда.  Өзіңнен  көр,  –  деп  кергиді. 
Саймасай  есебі  есеп-ақ.
* * * 
Тау-Шілмембеттің үркердей ғана аз ауылына бұлтсыз күні күн 
күркіреп, найзағай шартылдап, жай түскендей болды да қалды. 
Бұрын  да  айлы  түндегі  арық  қояндай  қорқақтап,  дуайпат  өгей 
шешенің қолына қараған жетім баладай жаутаңдауық болған.
Сәлік-Сарының ендігі күні мүлде мүшкіл.
Еркек кіндік Ахат қарттың үйіне жиналған.
–  Ау,  ағайын,  бізге  қай  құдайдың  қарғысы  тиді  бұл?  Не  өз 
туған жерімізге сыймаймыз, не кісі еліне сыймаймыз. Не жаздық 
бұл қу құдайға? Ортамыздағы бір бүлікке бола бәріміз қырыламыз 


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет