53
Қызыл жебе
Түрменің биік дуалмен қоршалған дәу дарбазасының алдында
бұлар сәске түстен бесін ауғанға дейін тұрсын. Қарауыл ішке
кіргізбейді.
– Айда, начальникке бар. Рұқсат қағаз ал, – дейді.
Начальниктің қайда екенін қайуана қазақ білмейді. Ақыры бір
қияқ мұртты, жас тілмаш қазақ, мың болғыр, бастықтан тілдей
рұқсат қағаз алып беріп, ішке Ахат пен Тұрар енді де, Молдабек
аттарды қарауылдап сыртта қалды.
Тұрар ойлаған: «көкем мына дуал қорғанның ішінде жүрген
шығар» деп. Сөйтсе, қорғанның ішінде тағы да үйлер, тағы да
мылтық асынған қарауылдар бар екен. Жағалап жүріп, бір үйдің
есігінің алдына тоқтады-ау. Есіктің алдында тағы қарауыл.
Жақындатпайды. Рысқұлды бері шығармады. Қарауыл тек
темірмен қаптаған есіктің алақандай тесігінің қақпағын көтеріп:
– Жылқайдаров! Бері жақында, саған кісілер келіп тұр,– деді.
Тесіктен Рысқұлдың бір көзі ғана сығалады. Кірпік қақпайтын
суық көз жалт еткенде Тұрар шыдай алмай:
– Көке! – деп айқайлап жіберді. Суық көз жылиын деді.
Күлімсірегендей болды.
– Көке! Meн ғой, Тұрармын ғой. Ахат атам келді. Молдабек
тәтем сыртта қалды, – деп шырылдады бала. – Көке, мә, – деп
Тұрар алақанына жабысып қалған кәмпитті тесіктен сұға
бергенде бұлардан көз жазбай тұрған қарауыл:
– Нельзя! – деп зекіп тастады. Баланың қолындағы қызыл
қораз кәмпит екенін көрген соң:
– Ладно, – деп рақым танытты.
– Өзің жей ғой, Тұрар, – деді әке үні үздік-үздік шығып.
– Беу, шіркін перзент-ай, өзінің өзегіңнен шыққан қайран
бала! – деп Ахат елжіреді. Өз баласы жоқ екені есіне түсіп
қамығып та қалды. – Ой, ақымақ, көкең тәтті жеуші ме еді. Міне,
ауқат алып келдік қой оған ауылдан, – деп қоржынды көрсетті.
Қоржындағы құрт, май, пісірген ет сияқты тағамдарды қотарып
қарауылға берді. Елден келген сәлем-сауқатты тұтқынға қарауыл
тапсырады. Тәртіп солай. Тамақтың арасында пышақ, егеу
жасырып салып жіберген жоқ па деп тексереді.
Ахат
арық қолын көлегейлеп, тесікке үңіліп: