Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет38/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
Қызыл жебе 
«Онда  болыстың  шабармандары  шығады,  шаһардан  солдат 
шығады.  Албанға  кеткен  болысқа  да  хабар  жетеді.  Қайын 
жұртында  ол  көп  аялдай  қоймас.  Қазір  жолға  шығу  керек. 
Кешікпеу керек. Астаң-кестең басталады. Астаң-кестең... Сорлы 
ауылдың  тынышын  тағы  аламын.  Ақырғы  сойқан,  шыдап  бақ, 
ағайын.  Содан  кейін  ел  жаққа  ауамыз.  Ел  жаққа...»
– Тұрар, – әкесі әлденеден сезіктеніп отырған баланы қорқытып 
алмайын деп абайлап, жұмсақ үнмен тіл қатты. – Тұрар! Қазір 
ауылға мені іздеп жүрген адамдар келеді. Сен қорықпа. Жеңешең 
де қорықпасын. Сендерге тимейді. Мені көрген жоқпыз, келген 
жоқ  деңдер.  Мені  көргеніңді  жеңешеңе  де  айтпа.  Мен  бірер 
күннен соң ораламын да, сендерді алып бұл жерден көшіп кетеміз. 
Білдің бе? Бізге ешкім тиіспейтін, қорламайтын, қоқаңдамайтын 
мекен табамыз. Саған тай сатып әперемін.
–  Қызыл Жебедей ме, көке?
–  Иә, Қызыл Жебедей, Тұрар.
–  Қызыл Жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке?
–  Оны кім айтты?
–  Оны болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
–  Жо, Тұрар, Қызыл Жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де 
соймайды.
–  Қайдам...
Рысқұл баласын тағы қысып құшақтады.
–  Тұрар,  сен  тез  барып,  ер-тоқымды,  менің  шекпенімді 
мылтықты алып кел. Ешкімге көрсетпе. Бірер таба нан, бірер уыс 
құрт  ала  шық.  Жеңешең  үйде  ме  еді?
–  Жаңа Ахат атамдікіне кеткен Түйметай екеуі.
–  Онда  тез  бар.  Біреу-міреу  байқап  қоймасын.  Тез  орал, 
Тұрар...
* * *
Шолақ  Шабдарға  мініп  тұрып,  еңкейіп  баласын  жерден 
көтеріп  алды.  Қос  қолтығынан  көтерген  бойы  бірауық  ұстап 
тұрды.  Сүйген  жоқ.  Құшқан  жоқ.
–  Тұрар, бауырым, жігерім! – дауысы дірілдеңкіреп. – Сенен 
несін  жасырайын.  Кетіп  барамын.  Жолым  ауыр.  Бірақ  қандай 
бір  күн  туар,  нендей  бір  ауыртпалық  болар,  еш  заман  әкеңе 


77
Қызыл жебе
күмән келтірме. Мен де бір адасқан жанмын. Кімдерге қиянатым 
да  болды.  Ал  арам  болған  жоқпын.  Соған  сен.  Баласың  ғой, 
байғұсым. Өсерсің, ақыл кірер, сонда түсінерсің сорлы әкеңнің 
қан  жұтып,  қаһар  кешкенін.  Жеңешеңді  ренжітпе.  Түйметайға 
қарап жүр, қарағым. Ал үйге бар. Қуғын келіп қалар.
Баланы еңкейіп ұстап, қатып қалды.
–  Көке, мені ала кет. Көке...
–  Ей,  Тұрар!  Қой  деймін.  Сені  қайтып  келіп  алып  кетемін. 
Қайт  үйге!
Шолақ  Шабдар  бұл  жолы  өрлеп  тауға,  таудың  шатқалына 
қарай  қыландап  барып,  қараңғыға  сіңіп  кетіп,  жоқ  болды.
* * *
Қуғын түн ортасы ауа, ауылдың ит біткенін шуылдата келді. 
Бір топ солдат ауылды жан-жағынан қоршап тұрды да, боржық 
сары  старшын  бастаған  екі-үш  адам  тінтуді  әуелі  Рысқұлдың 
үйінен  бастады.
Беймезгіл  уақытта  есікті  тарсылдатқан  Рысқұл  шығар  деп 
қалды  Ізбайша.  Тұрар  қуғын  екенін  бірден  сезді.  Түйметай 
оянған  жоқ.  Ізбайша  иығына  бешпентін  іле  сала  іш  көйлекпен 
есікке  жүгіріп  барып.
–  Бұл қайсың? – деді ақырын.
–  Аш! – деп ар жақтан бөтен дауыс арс ете қалды.
–  Үйде  кісіміз  жоқ,  аша  алмаймын,  –  деді  әйел  дауысы 
дірілдеп.
–  Полиция,  ұлықтың  адамдары бұл.  Аш  тез!  –  деп  боржық 
сары есікті тұтқасынан тартып-тартып қалып еді, ілдебай ілгек 
жұлынып кетті де, боржықтың өзі байқаусызда шалқалап құлап 
қала  жаздады.
–  Шырағдан  жақ!  –  деп  бұйырды  боржық  Таубай  киініп  те 
үлгірмеген  әйелге.
Ізбайша түртінектеп жүріп, ши шақпақ тауып алып, шишасыз 
май шамның білтесін тұтатты. Үйдің ішіне күңгірттеу болымсыз 
жарық түсті. Ортасында жалғыз тіреуі бар жартылай жеркепенің 
қабырғаларына  сорайған  ұсқынсыз  көлеңкелер  сыймай  төбеге 
шығып кетті.


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет