Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет58/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125
Қызыл жебе 
Шыныбек,  Қорғанды  көтеріп  үйлеріне  кіргізіп,  ауыздарына  су 
тамызды.
Дәу Омар:
–  Айттым ғой, айттым. Мен байғұстың сөзін сөз дедіңдер ме? 
– деп селкілдеді.
Болысты  жер  қайысқан  жұрт  жиылып  жерледі.  Солдат 
сайының  бойындағы  бір  қыраттың  басындағы  зиратта  жас 
топырақ  жамылып,  жерошақтай  ғана  жерді  алып,  Саймасай 
жатты. Тірлікте атағы Алатаумен тайталасқан, ақ дегені алғыс, 
қара дегені қарғыс болған, өзін жарым патшадан кем санамаған, 
азуын  айға  білеген  алпауыт  құлаған  соң  мүрдесі  мүсәпір 
сияқты  көрінді.  Басына  әлі  күмбез  көтерілер,  алтындаған  ай 
таңбасы  қойылар,  босағасына  аят  та  жазылар.  Жылы  өткен 
соң ат шаптырылып, ас та берілер. Бірақ тірісінде дүниені жон 
арқасынан алшаңдап басып жүрген азулы арыстан қазір топырағы 
опырылып, іргелері үңірейіп қалған молалардың жанына келіп 
қоныстанды. Астында піл сүйегінен өрнек өргізген құс мамықты 
төсек жоқ. Құс мамық былай тұрсын, сүйекті орап алып барған 
қалы кілемнің өзін Алматыдан арнайы шақыртылған бас имам, 
дене  мүрдеге  түсірілерде  сыпырып  алдырып  тастады.  Онымен 
де қоймай мүрденің ернеуінен өзі бақылап тұрып сүйекшілерге 
бұйрық  айтып,  ақымның  ішіне  енгенде  марқұмның  жамбасы 
топыраққа тиіп жатсын, – деді. Мұсылман зиратына діні басқа 
адам  жолатпайтын  салтты  бұзып,  Саймасайдың  мәңгілік 
жайының  басына  орыс  ояздың  өзі  келді.  Болысты  мүрдеге 
түсірерде  ояз  қол  көтеріп,  басынан  қаракөл  папахасын  алды.
Ояздың істегенін істеп, управительдер де құндыз бөріктерін 
шешіп,  тақияшаң  тұрды.  Ояз  сөз  сөйлегенде,  тырс  еткен  жан 
болған  жоқ.
–  Мырзалар,  халайық!  Біз  бүгін  ұлы  императордың,  ұлы 
мәртебелі  патшаның  адал  қызметшісі,  Верный  уезінің  ең 
тандаулы...  –  э-э-э..  управителі,  э-э-э  управительдерінің  бірі 
Үшкемпіров  Саймасайды  ақырғы  сапарға  аттандырып  тұрмыз. 
Марқұм өмірінің ақырына дейін ұлы империяға, ұлы мәртебелі 
патшаға адал қызмет етті. Оны ешуақытта да ұмытпақ емеспіз. 
Марқұмның  топырағы  торқа  болсын.  Оның  патшаға  адалдығы 


117
Қызыл жебе
басқа  управительдерге  үлгі  болсын.  Хош,  қымбатты  Саймасай 
Үшкемпіров!  Сенің  жарқын  бейнең  біздің  жүрегімізде  мәңгі 
сақталады!
Ояз  бас  киімін  кигенде,  басқалар  да  бөріктерін  асыға  киіп 
алды.
–  Рақмет!  Рақмет!  Ұлы  мәртебелі  мырза!  –  десті  болыстар 
бастарын  шұлғып.
Жер астына бар ала кеткені үш қат бөз болды. Оның өзіне жүрек 
тұсынан алақандай дақ түсіп, қарауытып қалған екен. Мақтаны 
қанша басса да, шып-шып қан шыға берген. Адам тия алмаған 
қанды топырақ тыйсын дегендей, жан-жағынан жабыла уыстап 
кесек  салысты.  Кімнің  алғыспен,  кімнің  қарғыспен  лақтырып 
жатқаны мәлімсіз.
Жеті молда қатар тұрып, басы имам болып кезек-кезек құран 
оқыды. Молдалар құран оқығанда жан біткен бір тізелеп, құбыла 
жаққа  қарап,  жапырыла  отырып  қалды.  Кешегі  қардан  кейін 
жер лайсаң еді, етектеріне батпақ жабысты. Арғы-бергі ат жетер 
жердің болыс-управительдері түгел келіп еді, әсіресе, солардың 
оқалы қасқыр ішіктеріне обал болды. Сүйекті орап әкелген қалы 
кілем  имамның  астында  жаюлы  еді,  ол  жұрттың  бәріне  жете 
қоймады. Сірә, имамның қанжығасына бөктерілген де шығар.
Имамның қанжығасында әлгі кілем ғана емес, Саймасайдың 
небір асыл киімдері де кетер. Болыстың сүйегін жууға түскендер 
оның киім-кешегін бөліп алды. Сүйекке түсуге таласып қалғандар 
да  бар.  Тіпті  жаңа  ғана  өлікті  көрге  саларда  дененің  белінен, 
аяғынан,  басынан  сүйемелдеп  түсірген  бұжыр  орамалдардың 
өзіне  сүйекшілер  таласып  қалды.  Тірілердің  тіршілігі  сол. 
«Дүние-боқты  жақсы  көргендердің  бірі  –  мына  болыс  еді-ау, 
дүние-боқ соған не опа берді?» – деп ойланар жан жоқ.
Болыстың киіміне таласқандар қанша көп болғанымен, оның 
тіршіліктегі күнәсін өз мойнына алатын жанашырлар табылмады, 
жаңа болысты үйінен қайтпас сапарға шығарып саларда, дүйім 
жұрт  оның  жаназасын  оқыған.  Жаназа  оқылып  болған  кезде, 
имам дауыстап тұрып:
–  Кәне,  підияға  кім  шығады?  Пенде  болған  соң  оның 
мойнында  күнәсі  болмай  тұрмайды.  Ал,  мұсылман  қауым  өз 


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет