Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет59/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   125
Қызыл жебе 
қандасын о дүниеге шығарып саларда оның күнәсін алып қалады. 
О дүниеге марқұм күнәдан пәк аттануы керек. Мұсылман салты 
сол.  Кәне,  қайсың  бар,  мұсылмандар?  –  деді.
Адам  үрейленер  тыныштық  орнады.  Саймасайдың  күнәсін 
өз мойнына алуға ешкім беттемей тұр. Өйткені марқұмның бұл 
жалғандағы істеген зорлық-зомбылығы, күнәсі қисапсыз екенін 
көпшілік білетін. Сонша ауыртпалықты өз міндетіне алудан бәрі 
қашып тұр.
Саймасайдың жалғыз қалғаны осыдан басталды.
Имам тағы да айқайлады:
–  Туысқандары  қайда?  Марқұмды  күнәсінен  арылтпай 
аттандыру  тірілер  үшін  екі  есе  күнә.  Талапкер  жоқ  па?
Ешкім тырс етпеді. Алдарында кілемге ораулы табыт көлденең 
түсіп, арашашы күтіп жатты. Тірілердің мына қорлығын Саймасай 
сезбейді-ау,  сезсе  түсінер  еді:  тіріде  кім  болғанын,  өлгенде 
кім  болғанын.  Дәл  табыт  тұрған  жерде  бір  кезде  Қызыл  Жебе 
бауыздалып  еді.  Сол  араға  Қамбар  атаның  қаны  төгілген.  Ана 
бұтаның түбінде Рысқұл байлаулы жатқан. Сол бір жаздың айлы 
түні Саймасай алдағы қыста дәл осы жерде табытта жататынын, 
өзінің підиясына ешкім шықпай қоятынын ойлады дейсің бе?
Имам тығырықтан шығудың амалын іздеп:
–  Уа, Анарбай мырза, ағаңның підиясы болсын деп тағы да 
дұға  оқимын.  Түсіндің  бе?  –  деді.
«Мұнымды  ескерусіз  қалдырма»,  –  дегені  ол.  Имамның 
жетегінде бір қара кететін шығар. Дүние-боқты жек көрмейтін 
небір қорқаулардың өзі болыстың бар бәлесін өз мойнына артудан 
қорыққанда, имам ретін тауып тұр. Өлеңді жерде өгіз семіреді, 
өлімді жерде молда семіреді деген осы.
Ақыры  соңында  мүсәпір  бір  төбешік  қала  берді,  жанында 
жан  баласы  аялдамады.  «Ақ  иық»  атанған  алпауыт  болысты 
айналайын ағайын жер ошақтай обаға қырынан салып кіргізіп, 
ахиретке  шыдамсыз  шығарып  салды.  Бәрі  де  қаралы  ауылға 
асықты. Ендігі бөліс сонда. 
***
Тау басынан бейсеубет біреу қарап тұрса, болыс ауылына жау 
шапқан екен дер еді.


119
Қызыл жебе
«Ой, бауырымайлап» ат қойған лек-лек топтар ел шетіне жете 
беріп, аттарынан аунап түсіп, марқұмның ордасына қарай асықты. 
Еңкілдеп шын жылап жүргендері де бар, көздеріне түкірік жағып 
алып, ойбайлап жүргендер де бар.
Болыстың орыстар салып берген еңселі, көк шатырлы үйіне 
шымалдай  құжынаған  халық  сыймайтын  болған  соң  қыс  та 
болса, жағалай киіз үйлер тігілген. Ортасына от жағылған, жан-
жағына кілем тұтылған, еденіне қабат-қабат текемет, оның үстіне 
қабат-қабат  көрпелер  төселген  үлкен  үйге  болыстар  жиналды. 
Қақ төрге ояз отырды.
Ояз  орта  жастағы,  кең  маңдайы  жалтыр  баспен  шекарасыз 
жалғасып кеткен, кішкене орақ мұрны, шоқша сақалы бар шегір 
көз  кісі  еді.  Шағын  бойлы,  иығы  қушиыңқы  кісінің  еңсесін 
биіктетіп  алтындаған  шашақты  эполеттері  жарқырайды.  Сары 
түймелердің  әрқайсысында  айбынды  сес  ұялап  жатқандай.
Қазаға жиналған қырық бір болыстың бәрінің назары оязда. 
Одан  бұрын  сөз  бастауға  ешкімнің  батылы  бармас.  Он  екі 
қабат ордалы үйдің ішінде болыс емес Тұқымбай мен Анарбай 
бар.  Анарбай  өлген  болыстың  інісі  ретінде  қатысып  отыр  да, 
Тұқымбай  мен  болыстан  дәрежем  кем  емес  деп  кеудеге  салып 
келіп отыр. Ал шындығында екеуінің де ояздың көзіне түсіп қалу 
әрекеттерінде  зәлім  есеп  бар.
Анарбай  қатты  қайғырған,  мына  өлім  өзегін  өртеп  кеткен 
сияқты көрінгісі келеді. Бірақ зымиян көзге оның үһілегенінен 
күйіктің  жалыны  емес,  басқа леп  сезіледі. Бұл  өлім ойламаған 
жерден  Анарбайға  екі  олжаны  бірден  үйіп-төгіп  бере  салғалы 
тұр.  «Енді  кім  болыс  болады?»  –  деген  осы  отырғандардың 
бәрінің көмейінен атқылаған сұраққа: «Саймасайдың туған інісі 
Анарбай бар», – деген жауап және көп көкейде ұялап, ұшқалы 
тұр.
Екіншіден,  Саймасайдың  әлі  жаулығы  алынбаған,  беті 
ашылмаған,  шымылдыққа  енбей  жатып,  қара  жамылған  жесірі 
Нүкетай  сұлудың  бірден-бір  әмеңгері  –  Анарбай.
Осы  екі  жай  көз  алдынан  көлбеңдеп,  жүрсе-тұрса  кетпей 
қойып,  әлі  топырағы  суымаған  ағасының  бейнесін  көлегейлей 
береді.  Кейбір  сәтте  осыншама  жұрт  болыстың  өліміне  емес, 


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет