Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет66/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125
Қызыл жебе 
Осылай деп өзіне-өзі дәт беріп, өзін өр ұстағысы келеді. Сағы 
сынбағанын  білдіргісі  келеді.  Кейде  сумаңдаған  сұқ  көздерді 
байқамаған  болады.  Бірақ  адам  өзін-өзі  тежей  бергеннің  де 
жақсылығы шамалы. Ішінен тынғанның ызасы – алманың өзегіне 
түскен құрт сияқты. Сыртың бүтін, ішің түтін.
Сол түтін ішке сыймай кеткенде, Рысқұл сұқ саусағын қадап 
тесікке тұра ұмтылады.
Артынша,  мұндай  қызбалыққа  бой  бергенім  қалай?  –  деп 
өкініп  те  қалады.  Дұшпанға  осалдығыңды  білдірме  дейді.
Сөйтіп,  жалғыз  жасыл  бұтақ  та  ғайып  болған.  Надзиратель 
оны қырықтырғаны камераға күн түсірмейді деген қамқорлықтан 
емес, әрине. Қылмыскердің көзі камераның тамұқтай тас, көрдей 
қарасұр  қабырғасынан  басқа  бояуға  алданбағаны  жақсы.  Ал 
тұтқынның күнде жасыл жапырақты тамашалап, көз жанарын дем 
алдырып тұрғаны, надзиратель тарапынан үлкен сый болар еді. 
Ондай мырзалықтың не керегі бар? Түрменің қожайыны шамасы 
келсе аспанның көгілдір түсін сұп-сұр бояумен баттастырып қояр 
еді, амал не, оны істей алмайды. Әзір аспанға жетер саты жоқ, рас, 
кейде бұлттар көмектеседі. Бірақ ең тұнжыр бұлттың өзі түрме 
камерасының  түсінен  әлдеқайда  ашық.  Надзиратель  шамасы 
келсе түнде қалтырап тұратын жалғыз жұлдызға балшық жағып 
қояр еді. Әзір оны да істей алмай жүр. Әрине, ең қызығы, жалғыз 
көзді  әйнекті  тарс  жапқан  ғой.  Бірақ  ол  түрменің  ережесіне 
жатпайды. Бір ғана амал – тор темірді неғұрлым жуанырақ қағу.
Терезенің  көзін  бітегенмен,  көңілдің  көзін  қалай  бітерсің. 
Адамның  айтып  болмас  ғажап  қасиеттерінің  бірі  –  көңіл  көзі 
ғой. О, онымен мың түрлі бояу көруге болады! Ол арқылы сонау 
сағым  таулардың  ар  жағында  жатқан  Түлкібасты,  Кемербастау 
мен Күмісбастауды көре аласың. Дәу-Бабаның сыртындағы Иірсу 
мен Ақсуды аралайсың. Мыңжылқы мен Мақпал жайлауын, Ұлар 
тауын  шарлайсың.  Кісінеген  жылқы,  шіңгірлеген  құлындар, 
үйездеген биелер, маңыраған қой, мөңіреген сиыр; зауза қоңызы 
әндеткен  түндер;  ақсүйек  ойнап  алқынған  қыз-бозбала,  айлы 
түндегі алтыбақан; қанталап барып батқан күн; күннің батысынан 
шығысына  дейін  қызғылтым  бояуға  малынған  бұлттар;  шығар 
күннің шаншыла шашыраған сәулесі, ақбас таулардың алаулаған 


133
Қызыл жебе
шыңдары;  Дауылбай  тоқалдықка  тартып  алған  Әсем  қыздың 
жәудір көзі; жылқышы Рысқұлды көргенде алаулап ала жөнелетін 
сол  Әсемнің  алма  беті...  бәрі  де  көз  алдында.  Бұл  көріністерді 
надзиратель  еш  уақытта  да,  мылтықпен  де,  найзамен  де  қуып 
шыға  алмас.
Тас  қапастың  құрсауында  отырғанның  өзінде  адамның 
көкірегінің терезесіне темір тор қаға алмайсың. Одан күнді де, 
аспанды  да,  жасыл  жапырақты  да  тасалай  алмайсың.
–  Тұрсаңшы, Тұрар!
Бала ұйқысын қимай, ыңырсып, бүрсиіп жатады.
–  Қазір, көке.
Түрме  камераларының  бәрі  мұндай  емес.  Бұдан  бір  мысқал 
болса да тәуірлері бар. Бірнеше кісілігі де, тіпті бір қора тұтқын 
жататыны да бар. Тұп-тұтас тастан емес, қыштан, тіпті домбаз, 
қам қыштан соғылған камералар да кездесер.
Рысқұл камерасы – санаулы тас абақтының бірі еді. Мұнда тек 
аса қауіпті тұтқындар, патша тіршілігіне барынша зиянкес, зор 
қылмыскер ғана отырғызылады.
Сондай  қылмыскердің  бірі  Шілмембет  Шымырдан  шыққан 
Рысқұл Жылқайдарұлы еді. Аяқ-қолын кісендеп, алғаш осы тас 
қапасқа жекелеп кіргізгенде мың да тоғыз жүз бесінші жылдың 
басы  болатын.
Осы түрмеден бір рет қашып шыққан әдісіне салып абақтының 
астын  теспекке  әрекет  жасап,  қараңғыда  іргеге  тырнақ  салып 
көріп  еді,  көбесі  сыдырылып  түсе  жаздады.  Саусақтары  мұп-
мұздай тасқа тиіп, көбесі жапырылып, шып-шып қан шықты.
Ертеңіне надзиратель оны дәретханаға шығарып бара жатып 
саусағындағы қанды байқап қалып:
–  Байқа,  бәлем!  Бұл  саған  өткен  жолғы  камера  емес,  –  деп 
айызы  қанғандай  қарқ-қарқ  күлді.
Бұл  жолы  түрме  қызметкерлері  сақ  болды.  Рысқұлдың  кім 
екенін танып қалған, қой қораға қамап қойсаң, абақты осы екен 
деп,  тырп  етпей  жата  беретін  аңқау  қазақ  болмай  шыққанына 
көздері  жеткен.
Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген. 
Жаза жарлығы көп ұзамас деп те күткен. Өлім жазасы бола ма, 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет