Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет95/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
соқтығарын кім білген?! Мылтық атаулы Рысқұлдың тақымында. 
Ояздың  жалғыз  бесатары  бар.  Бірақ  бір  қорықпаған  кісі  сол 
болды. Ол жақсы ойын көрген адамдай көңілді. Бесатарын қабына 
салып  қойды.  Ұлықтың  бұл  сабырлылығы  болысқа  ұнайды. 
Бірақ көкірегі құрғырдан сайлау кетпейді. Ауылында мәртебелі 
мейман  болып  жатқанымда  бұзықтарына  басындырып  қойды 
деп ертең Дауылбайды саз балшыққа отырғызбаса қайтсін. Ояз 
болса:
–  Әй,  көзсіз  тентек.  Ұнатамын  осындайларды.  Егер 
киргиздардың бәрі осындай келсе, сіз бен біздің халіміз мүшкіл 
болар еді, управитель мырза, – деп Дауылбайға қарады. – Бірақ 
сіз  бен  біздің  бағымызға,  ол  жалғыз.
–  Қайдан  жалғыз,  мырза,  Рысқұл  сияқты  бұзықтар  толып 
жатыр.  Ахат  деген,  Үсіп,  Қорған,  Махан,  Шыныбек,  Жуаныш 
деген  қызылкөз  құдай  атқандар  бар.  Әлгі  жауыз  алып  кеткен 
мылтықтар  олардың  қолына  тисе,  біздің  ордаға  қауіп  көп. 
Біріншіден,  мырза,  мұндай  бейбастақтың  болғанын  кешіріңіз. 
Екіншіден,  бізге  әскер  жіберіңіз.  Әлгі  басбұзарларды  ұстатып, 
ауыздықтамаса,  бұл  жаман  халық.
Ояз  қарқылдап  күліп,  болыстың  арқасынан  қақты.  Ішінен: 
«Империя үшін Дауылбайлар болғаны қандай бақыт! Шен үшін, 
өз қарабасының қамы үшін, қаны бір туысын құрбандыққа шалып 
жібереді. Жоқ, Дауылбайды болыстықтан түсіруге болмайды», – 
деп қойды. 
Ал дауыстап тұрып айтқаны:
–  Сіз  өте  сақсыз,  Дауэльбай  Тайтелиевич.  Ол  дұрыс.  Сақ 
болу  керек.  Ал  дәл  қазір  Шымкенттен  әскер  шақырып,  әбігер 
болатындай ойран оқиға жоқ. Әскер шақырып, соғыс жүргізіпті 
деген  дақбырты  қандай  жаман.  Сайлау  алдында  ондай  дабыра 
сізге тиімді емес. Дауэльбай Тайтелиевич. Сіздің өз жігіттеріңіз-
ақ тындыратын шаруа. Келісіңіздер, келісіңіздер, туысқансыздар. 
Әлбетте,  әлгі  батыр  киргиздың  әрекетін  ақ  патшаға,  оның 
жергілікті  әкімдеріне  қарсы  қимыл  деп  танып,  жаза  қолдануға 
әбден  болады...


192
Қызыл жебе 
–  Е, мырза, менің айтып отырғаным сол ғой. Ақ патшаның 
сіздей ұлығына менің ордамда көрсеткен бұл қорлығы жазасыз 
қалсын  дегеніңізге  түсіне  алмай  отыр  едім.
–  Дегенмен  шу  шықпайтын  жағын  ойлаңыз.  Үркердей 
киргиздарға  шамаңыз  жетеді  деп  ойлаймын.  Бірақ  әлгі  жираф 
сияқты аты бардың бір өзі-ақ алты-жеті адамды аттан құлатып, 
екі бірдей солдаттың қаруын тартып әкетті. Генерал Черняевтің 
жорықтарына  қатысқан  кәнігі  солдаттардың  мұндай  ашық 
ауыздығына  таңданбасқа  лаж  жоқ.  Ал  әлгі  батыр  киргиздің 
қимылына сүйсінбеске тағы лаж жоқ. Сұмдық! Бұл үшін қалай 
коньяк  алмасқа.
Коньяк қағысқаннан кейін ояз өзінің Шымкентке қайтатынын 
айтты. Біраз күн қымыз ішіп, таза ауа, салқын самалда болып, 
шынжау денсаулығы едәуір дұрысталып қалғанын айтты.
–  Мен  көп  жер  көрдім,  бірақ  дәл  бұл  Күмісбастаудай  жер 
көрмедім,  Дауэльбай  Тайтелиевич,  –  деді  ояз  шын  ниетімен.  – 
Швейцария  десе  болғандай.
Бұл  хабарға  Дауылбай  қапаланды.  Әлі  де  бола  тұрмадыңыз 
ба,  жайлауға  шығып,  небір  тамаша  көрер  едіңіз?  Неден  кенет 
аттанбақшысыз? Әлде әлгібір бейбастақ іс сізді ренжітті ме? – 
деп  бәйек  болды.
Ояз ризалығын білдірді. Мемлекеттік мәні бар көп істер күтіп 
тұр Шымкентте. Тіршілік болса тағы келер. Жер арасы жақын. 
Жақсы атқа бір-ақ күндік жол. Енді шақыртпай-ақ келеді. Өйткені 
Түлкібасқа  ояз  ғашық  болып  қалды.  Ал  әлгі  жираф  мінген 
киргиздің ісін болыс билер арқылы өзі шешсін. Тіпті іс насырға 
шауып,  дүние  бүлініп  бара  жатса,  Шымкент  алыс  емес  қой, 
хабарлассын болыс. Ояз әскер бөлуге дайын. Ақ патшаның адал 
қызметшісі  Дауэльбай  Тайтелиевич  сынды  ардақты  адамдарды 
ояз  әрдайым  қамқорлыққа  алады.  Дәм-тұзыңа,  ықыласыңа 
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет