Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет98/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125
Қызыл жебе
кеткендей. Не иттері үрмейді. Сұңқиысып, адамдарға бір қарап, 
аулаққа  бір  қарап,  аңтарылысып  қалған.
Қап-қараңғы  айсыз  түн  түсті.  Бұлттарды  қызғылтым  нұрға 
малған  күннің  ақырғы  сәулесі  әдемі  түстей  ада  болды.  Жан-
жақтан  таулар  түксиді.
Тек шеткі қара күркеден бір кезде: «Арманда кеткен асылым-
ау, кімге де барып айтамын-ау, ойбай!» – деп булыға шыққан үн 
естілді.
Бердіқұлдың  жесірі.  Кісісі  өлген  үйде  бір  жеті  бойы  от 
жағылмас,  түтін  түтетілмес.  Ол  үйдің  қаралы  жандарына 
жақындары, ағайын-ауылдастары ас пісіріп апарар. Ал бүгін бір 
ғана  Бердіқұлдың  үйінде  емес,  бүкіл  Алсайдың  жиырма  түтіні 
бірдей тұтанбады. Мына тымырайған түн кең дүниені тарылтып, 
жер-жиһанды  жұтып  жіберіп,  көгілдір  көлді,  қызыл  маржан 
толқыған  егін-жайды,  тәкаппар  тауларды,  жасыл  аймақтарды 
көзден  тасалады.  Қараңғы  түн.  Түнде  жорыққа  қорқаулар 
шығады. Ал, қараңғы түнде қара күркеден жас жесірдің жоқтау 
айтып жылаған үні естілгенде қанша қорқау болса да, бұл қаралы 
ауылға ешкім шаба қоймас-ау. Ауыл қамданып, қарсы алатындай, 
Дауылбай ауылды шапқан жоқ. Тек Қарақойындағы толқып пісіп 
тұрған тарыны сол түні жылқысын қаптатып, таптады да кетті. 
Жайқалған  егін  орнында  әр  жерінде  масағы  бар  қарақошқыл 
топырақ  қана  қалды.
Алсайлар  жазаның  әр  түрін  күткен.  Мұны  күтпеп  еді.  Олар 
ояу-ақ болатын. Таудан құлаған тасқын тасырды да естіп, айқасқа 
әзір  тұрған.  Бірақ  әлгі  тасқын  ауылға  жетпей  төмен  құлап  еді. 
Алсай халқы Дауылбайдың сұмдығын сонда білді.
–  Ой-бай,  ол  иттер  егінге  жылқы  қаптатты,  –  деді  әлгі 
тасқынның  кенет  бұрылып  кеткен  сырын  ұққан  Рысқұл.
–  Иә, сөйтті! – деді Қорған да.
–  Онан да өзімізді шапсашы.
–  Аттанайық  әлі  де  болса,  –  деп  Рысқұл  жал-құйрықсыз 
торымен Қарақойынға қарай ағып жөнелді. Басқалар да аттылы-
жаяу  бәрі  тары  жаққа  жүгірген.  Бір  кезде  түн  ішін  күңіренген 
мылтық  дауысы  кернеп  кетті.  Орыс  солдатының  қолға  түскен 


198
Қызыл жебе 
винтовкасынан  атылған  оқ  дауысы  аспан  қақыратқан  найзағай 
гүріліндей  алапат  шықты.
* * *
Дүниедегі әдемі әуен – күзгі жаңбырдың әуені. Олар Шақпақтан 
асқанда жып-жылы жаңбыр жауды. Көптен бері жердің тандыры 
қатып, таңдайы кеуіп, тамбай тұрған жаңбыр. Осыдан үш-төрт 
күн бұрын жауса, мүмкін су үшін сойқан соғыс болмас па еді. 
Бердіқұл сойылға жығылмас па еді.
Жоқ.  Дауылбай  алсайларды  Қарақойыннан  қалай  да  қуып 
шығар еді. Ол үшін айла көп. Су сөз емес. Су жетеді. Алатаудан 
ағып жатқан судың молдығында есеп жоқ. Әлдеқалай Алатаудан 
құлаған  өзендер  тоқтап  қалса,  ылдидың  ындыны  құрып,  құм 
жамылар  еді.  Құм  жаулаған  жерлердің  реңі  қашып,  жасыл 
жапырақ  атаулы  жоғалар  еді.  Жасыл  жапырақсыз  өмір  не?!
Атыңнан айналайын, Асқар тау! Басындағы ақ қар – ақ сүттей 
бар. Ел емеді, жер емеді.
Тау болмаса – Ақсу қайдан шығар еді? Арыс қайдан шығар 
еді? Теріс қайдан шығар еді. Талас пен Аса қайдан шығар еді?
Шу мен Іле қайдан шығар еді...
* * *
Ел аман, жұрт тынышта шұбаған көш Шақпақ асуынан ары 
аунап  түскен  кезде  туып-өскен  Түлкібас  көзден  таса  болды. 
Өзінен биік тау жоқ сияқты көрінетін Дәу-Баба да көрінбей қалды. 
Шақпақтың қақпасы арттарынан тарс жабылғандай болды. Енді 
қашан ол қақпа қайта ашылмақ? Енді қашан туған жер құшағын 
жаймақ? Шалдар күрсініп, әйелдер анда-санда дауыстап, аңырап-
аңырап  алады.  Етек-жең  түрулі.  Бұрынғыдай  кимешектері 
шұбатылып  жер  сызбайды,  көйлектің  етегі  ышқырда.  Алыс 
сапарға  ықшамдалған,  айбынды  жүріс.  Тек  оқтын-оқтын  оқыс 
ойбай  естіліп  қалады.  Ондайда  шалдар:
–  Тек! Жағың қарысып, өз басыңа көрінгір. Жылама! – дейді.
Шақпақтан  құлай  бере  алдарынан  айналасын  тағы  да  тау 
қоршаған  жасыл-сары  алқап  жатты.
Алатау  бұ  жақта  бұрынғыдан  да  биіктей  түсті.  Қаратау 
керілген  керегедей  ұзара  берді.  Шақпақтан  аунап  түстік  дегені 


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет