Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет115/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
бері  көрмей  кеткен  қайнысының  халіне  қайғырып,  дауыс 
шығарып  еді,  онысы  көзі  тірі  азаматты  жоқтау  болып  шықты.
Тағдырдың  толқыны  айдап  келіп,  қолына  қарап  кіріптар 
болған келіні Ізбайша мынау анайылау абысынына тіксіне қарап 
қалған.
–  Қайнаға  дұрыс  айтады,  жеңеше.  Жамандық  шақырмаңыз. 
Мен  білетін  Рысқұл  төтеннен  ажал  жетпесе,  оңайлықпен  жан 
беріспейді.  Жауына  ерегескенде,  бір  күн  болса  да  тірі  жүруге 
тырысатын  адам.  Мен  соның  қасында  боламын.  Пешенедегіні 
көреміз.
Ізбайша әуелдей көз жасын көлкіте бергенді қойды. Ширығып, 
біртүрлі тәуекелге белді бекем байлап алды.
Бектен  болыс  та,  пристав  та  мына  бір  тозаң  тұтқан  асыл 
тастай аяулы әйелге не айтарға білмей аңтарылып қалған. Болыс 
пен приставтың ояздан алған тапсырмасы бұл әйелден қалай да 
теріс жауап алу. Ізбайша бармаймын деп бас тартуы керек. Ал 
енді екеуі де: шіркін, әйелің осындай болса, деп әм таңданып, әм 
сүйсініп қалған. Олар да пенде. Олар да кейбір сәтте тебіренер. 
Бірақ  бұл  қыламықтап  өтетін  қауқарсыз  сезім.  Ендігі  сәтте 
қазына  адамының  қатыгездігі  бас  көтереді.  Аяныш,  тебіреніс 
дегенің  айдалада  қалады.
Әуелі  Бектен  болыс  басын  көтеріп,  қақырынып,  тамағын 
кенеп  алып  сөз  бастады.
–  Шырағым, құдай адалынан жаратқан адам екенсің. Сендей 
жары  бар  Рысқұлда  арман  болмаса  керек.  Бірақ  жазмыштан 
озмыш  жоқ  деген.  Әйелдің  жолы  жіңішке.  Жас  бала,  жал-
құйрықсыз  әйел  заты,  сен  Сібірге  Рысқұлмен  ілесіп  барғанда, 
күнің  қараң  болады  екен.  Оныңды  қой.  Біз  де  жатың  емеспіз. 
Мына  Қырғызбай  қайнағаңның  қолында  тұра  бер.  Біреуден 
ілгері,  біреуден  кейін  дегендей,  күндеріңді  көріп  кетесің. 
Кебенек  кигеннен  түңілме,  кебін  кигеннен  түңіл  деген  де  бар. 
Тұз-дәм бұйырса, ерің қайтып оралар. Біздің ақылымызды алсаң, 
сол. Өзіңді өзің тозаққа тастама. Жас балаңның да обалын ойла. 
Мына лауазымды кісінің сөзі – жанашырдың сөзі сияқты. Ақылға 
салсаң, айтып отырғаны рас. Ақылға салсаң, Рысқұлдың етегінен 
ұстап  өткен  өмір  қасіретті  өмір.


232
Қызыл жебе 
Дүниенің  әділетсіздігіне  шыдай  алмай,  дүниенің  рахатынан 
безген сол бір саяқ ерден көтерген баласы да жоқ. Сонда арасын 
дәнекерлеп тұрған не бар? Несін қимайды? Әлі басы жас. Жерде 
жатқан тесік моншақты да біреу көтеріп алады. Сонда неге зар?
Ізбайшаның  үндемей  отырып  қалғанын  байқаған  Бектен 
болыс:
–  Бара алмаймын деп қолыңнан бір жапырақ тілхат бер. Біз 
де  жолымыздан  қалмайық.  Әңгіме  осымен  бітті  дейік.  Қалай, 
хат білуші ме едің? Білмесең жақының ғой, қайнағаң Қырғызбай 
жазсын, – деді.
Ізбайша  бір  сәт  өзінің  тілхатын  әлдекімге  оқытып  отырған 
Рысқұлды  көз  алдына  елестетті.  Ізбайша  түрме  көрмеген.  Ол 
түрмені қиссадағы зындан деп біледі. Зындан түбіне лақтырған 
тастай  болып  жатқан  Рысқұл  мұның  тілхатын  алады.  Өзі  хат 
танымайды.  Біреуге  оқытады.  Тілхатты  оқып  берген  адамға 
сенбей,  өзінің  өр  мінез,  қулық-сұмдығы  жоқ  туралығымен  тік 
келіп:
–  Әй, не оттап тұрсың? Мұны жазған Ізбайша емес! – дейді. 
Бірақ көңіліне күдік кіреді. – Шынымен Ізбайша менен безгені 
ме? О, опасыз қаншық! Қойныңдағы қатыныңа, астыңдағы атыңа 
сенбе деген осы, атасына нәлет! Менімен бірге бармасаң, бадал! 
Басқа бай тауып ал! Көрермін көгергеніңді! – дейді.
Ізбайшаның  тізесінде  момақан  жатқан  кішкентай  қыз  бала 
кенет басын көтеріп алып, өгей шешесінің көзіне бейкүнә жәудір, 
жәдігер көздерін қадап:
–  Жеңеше, көкеме барам, көкеме барам, – деп кемсең-кемсең 
етіп, дауысы бірте-бірте көтеріліп жылап қоя берді.
 Ізбайша Түйметайды бауырына қысты:
–  Жылама, барамыз көкеңе. Көкеңді тастап біз қайда кетуші 
едік, – деді. Кішкене сәби жылағанын қоя қойды. Ізбайша сонда 
болысқа  бұрылып:
–  Мырза, бізді босатыңыз. Рысқұлға жетейік. Бізді аясаңыз, 
құдай сізді аясын, – деді.
Бектен болыс кенет шытынап, шарт етіп:


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет