Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет24/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
ба? Айтсаңдаршы, бір бәтуаға келейік те, – деп дегбірсіз Омар 
алалы көзі ақшиып, аптығын баса алмай екіленді.
–  Өзің не айтасың? – Ахат жалбыраған қастан көзі көрінбей 
төмен  қарап  отыр.
–  Мен айтсам – турасын айтам. Қашанғы тілімді шуда жіппен 
байлап  қоям.  Бәленің  бәрі  Рысқұлдан.  Бізді  бүлдірген  Рысқұл 
деп ұлықтарға айтайық та, Дауылбайдан жаздық-жаңылдық деп 
кешірім сұрап, туған топыраққа қайтайық.
–  Әй, шірік томар, о бастан-ақ осал едің. Оңбаған істің бәрі 
осалдан  шығады,  –  деп  Шыныбек  шарт  сынды.
–  О,  маңқа  ит,  мен  осал  болғанда,  сен  пысық  болып  не 
бітірдің?  –  деп  Омар  одыраңдады.
–  Жә,  болды!  –  деп  жекіді  Ахат.  –  Енді  өзімізбен  өзіміз 
ырылдасқанымыз жетпеп еді. Тек, түге. Одан да анау абақтыда 
жатқан  арысымызды  қалай  құтқарамыз,  соны  айтыңдар.  Соған 
жиналып  отырған  жоқпыз  ба?  Қорған,  сен  не  дейсің?
–  Мен Рысқұлдың жемтік жемейтінін білемін. Орыстың атын 
ол  алған  жоқ.  Мұның  түбі  шикі,  –  деді  самайына,  мұртына  ақ 
кіре бастаса да қызыл шырайлы сұлу жүзінен әлі де сол сонау 
сәбиліктің  бейкүнә  шырайы  таймаған  Қорған.
–  Үсіп не айтады? – деді Ахат басын салбыратып омырауына 
салған  қалпы.
Үсіптің  аппақ  құдай  басы  қалтаңдады.  Қолының  да  дегбірі 
кетті. Ызғырық жел маза бермеген күзгі жапырақтай тынымсыз 
қалтырайды.
–  Біздің бас не көрмеген бас, қайда қурап қаларын бір құдай 
өзі  біледі.  Туған  бауыр  –  арыстандай  азаматымызды  жалғыз 
тастап,  елге  қайтқанда  не  береке  табамыз.
–  Әне,  бұл  елге  бір  жөн  айтсаң,  жүндей  түтіліп,  жүдеп 
кетеді, – деп Омар тағы алқына бастады. – Үйірінен лаққан саяқ 
оңбайды.  Туған  елден  кетіп  тентірегелі  міне,  жиырма  бес  жыл 
болды.  Талғарда  туған  балаларымыздың  сақал-мұрты  шықты. 
Құдай-ау, ата-бабамыздың жұртына жуи алмай, жынды көбелек 
құсап, бұл Саймасайдың ит арқасындай бір тілім жерінен жылжи 
алмай  қашанғы  қорлық  көреміз?  Көбіміздің  төрімізден  көріміз 
жуық.  Жат  жерде  сүйегіміз  шірісе,  елдегі  әруақ  азаланбай  ма? 


49
Қызыл жебе
Бүкіл Сәлік, Шілмембет, Шымырдың сүйегіне таңба түспей ме? 
Не деген сұмдық бұл! Елге барып: «Жаңылдық, жаздық» десек, 
«е,  адасқанның  айыбы  жоқ,  қайтып  үйірін  тапқан  соң»  демей 
ме? Қарақойынға қайта барып, бір тоқымдай жерге егін салып, 
түскен тарының талқанына қақалып өлсем арманым жоқ. Басқаң 
не қылсаң о қыл, мен өзім көшуге бел байладым. Тәуекел!
Омар демігіп барып әрең тоқтады.
Mүлгіп отырған қарт жай ғана оң қолын көтерді. Мүлгіп емес-
ау, ежелгі ескі моладай мүжіліп отыр.
–  Шырағым, Омар, сен қазір үні бөтен, өзгеше бір сөз айтып 
кеттің.  –  Дауысы  сүзектен  тұрған  адамдай  әлсіз.  –  Адамның 
басы  –  алланың  добы,  қай  сайда  қаларын  болжап  білген 
ешкім  жоқ.  Дәм-тұз  тартса,  алла  жазса,  әруақ  қолдаса  елге  де 
барармыз.  Бірақ  сондағы  ел:  «Рысқұлды  құрбандыққа  шалып, 
Дауылбайдың  көңілін  тауып,  ақыры  жағынып,  жалбарынып 
қайттыңдар ма?»  демей ме? Бәріміздің көкірегімізде мәңгі-бақи 
лағнет күдігі қалмай ма? Еті тірі ер ғой, Рысқұл осыдан аман-
есен босанып шыққанда «Тіпәй!» - деп бәрімізге түкірмей ме? 
Және оның осы жолы кінәлі екеніне менің күмәнім қатты. Мұнда 
бір найза бойламас бір сұмдық сыр жатыр, мен білсем. Күні кеше 
біздің ауылға болыс неге келді? Рысқұлмен неге жеке сөйлесті? 
Арандатып,  әдейі  ор  қазып,  соған  омақата  құлатқан  жоқ  па? 
Мұның  сұрқиялығы  Дауылбайдан  да  асып  тұр,  мен  білсем. 
Әуелі  істің  ақ-қарасын  ажыраталық,  содан  соң  ұлығына  дейін 
арызданып,  алдына  баралық.  Тым  болмаса,  артынан  бір  іздеп 
бармасақ,  адам  болғанымыз  ағайын-туған  болғанымыз  кәне?
–  Ұлық  бізді  күтіп,  емешегі  елжіреп  отыр,  иә,  –  деп  Омар 
күңк етті. Бұрынғыдай айырламайды. Жүні жығылып, жуасыған. 
Бірақ қушық шекесі тырысып, тыржиған қалпы қалды. – Ұлыққа 
не деп, не бетімізбен барамыз? Ойламайсыңдар ма, былай ақылға 
салып?  Орыстың  атының  еті  біздің  ауылда  табылғаны  рас  па? 
Рас. Рысқұл болмаса, осы отырғандардың біреуіміз.
–  Оттама!  –  деді  Шыныбек  шыдай  алмай.  –  Рысқұл  кедей 
орыстың лақса жылқысын ұрламайды. Мұнда бір бәле бар. Ахаң 
дұрыс айтады. Болыс неге келді? Рысқұлмен неге жеке сөйлесті? 
Мен  білсем,  құдай  біледі,  болыс  оны  баяғыдағыдай  тағы  да 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет