Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет28/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Сарыны  қудалама  деп.  Біздің  Қарақойын  мен  Кемербастаудың 
суын ішуге рұқсат ет десін Дауылбай болысқа. Құрметті Метрей 
тамыр,  осыны  ұмытпай  айт  патшаға.
–  Е,  ақсақал,  сөзді  көбейтіп  жібердіңіз  ғой,–  деп  саудагер 
татар  кегжие  бастады.
–  Болды  өзі  де.  Жаз,  шырағым,  құдай  тілеуіңді  бергір.  – 
Құрметті Метрей тамыр! Хош! Алла-құдай сақтасын сені! Хат 
жазушы Шымыр-Шілмембет Жылқайдарұлы Рысқұл. 1904 жыл, 
Мизам  айы».
–  Адресі қайда? – саудагер татар. Ахат Рысқұл берген, іріп 
тұрған  қағазды  абайлап  бүктеуін  жазып,  саудагердің  алдына 
қойды.
–  «Санкт-Петербург.  Улица»  ...  деп  ар  жағын  оқи  алмай 
татар тоқтап қалды. Дәл бүктеуі қырқылып кеткен. Көшенің аты 
өшіп қалыпты. «Дмитриеву С.В.» деген жазуы көмескі көрінеді. 
Саудагер  татар  басын  көп  қатырып  тұрмай,  адресті  шала-пұла 
жазып, хатты Ахаттың қолына берді. – Анау көшенің арғы бетінде 
пошта бар. Соған апарып өткізіңіз, – деді.
* * *
Рысқұл Алматының түрмесіне түскелі үш айдан асып барады. 
Жеке  камера  болатын.  Жай  жабайы  там  қыш  еді.  Кім  біледі, 
барымташы,  жылқы  ұрысы,  «жабайы  киргиз»  қашып  қайда 
барар деді ме, жоқ әлде тас камералар бос болмады ма, әйтеуір 
Рысқұлды анайылау мал қора құралпы бір үйге әкеліп тыққан. 
Оның  да  жалғыз  терезесі  темір  болатын.  Есігі  берік.
Шілде шығып,  қыркүйек кіріп, шөптің  буыны  қатып  қалған 
кез.  Рысқұлды  бір  мезгіл  қораға  тыныстауға  шығарады.  Екі 
мезгіл дәретханаға алып барады. Түрме мен қораның түкпірінде 
тұрған дәретхана үйшігіне дейін жүз метр шамалы. Соған барар 
жолдың бойында сыртқы дуалды қуалай қаулап өскен қарасора 
бар. Кезінде орып тастауға ешкім құнттамаған қарасора сорлы 
жоңышқа емес, не отын болып жарытпас, содан шаң қауып, гүлі 
түсіп қурап, құдай қарғап қауқиып тұрғаны.
Рысқұл  желкесінен  мылтық  кезеген  айдауылмен  ары-бері 
өткенде, неге екенін өзі де түсінбей, сол қауға қарай ықтай береді. 
Өмір бойы далада, тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскеннен 


57
Қызыл жебе
бе, әйтеуір әлгі солған қарасора, өзгенің назарын аудармаса да, 
бұған  бір  түрлі  ыстық  көрінеді.  Мүмкін,  қарасора  оған  өзінің 
қырық құрақ құрым киіз үйін еске салған шығар. Қашып арасына 
кіріп  кетсе  таптырмайтын  Ақсу-Жабағылының  қара  орманын 
елестете ме екен.
Әттең,  Ақсу-Жабағылының  тасына  табаны  бір  тисе,  мұз 
жастанып,  қар  төсенген  арқарлармен  ауылдас  болып,  мына 
қысастығы  қыруар,  қулық-сұмдығы,  кесір-кесапаты  күллі 
әлемнің күлін суырар сұмдық дүниесін талақ етіп тастап кетер 
еді.
Жоқ,  одан  бұрын  ол  Саймасай  мырзаға  барып  сәлемдесер. 
Өйтпесе,  өмір  бойы  өтелмес,  жоқ,  екі  дүниеде  де  кешірілмес 
қарыз мойнын қыл арқандай қылқындырар. Өз басының жәбір 
көргендігі үшін ғана емес. Бой-бой! Әсте олай емес. Әділет деген 
атаңа нәлеттің қасқыр талап кеткен иттей қаңсылап қалғаны үшін. 
Қылмысты Саймасайлар істейді, жазасын Рысқұлдар тартады.
–  Сонда бұл қалай, мырзам? – деп бір ғана сауал беру үшін.
Мына түрмеге келіп түскен түннен бері ойынан кетпей қойған 
сұрақ бұл. Саймасайға барып бір сәлем беру, бір сауал қою енді 
бүкіл қалған ғұмырының ең кіндік мақсатына айналған. Құрым 
үйде қалған қатынын сағынып бара жатқан жоқ. Он жасар тірі 
жетім  Тұрарды  аяйды,  әрине.  Оған  да  қарайламас.  Көп  болса, 
маңдайынан бір иіскеп, басынан бір сипар. Содан кейін...
Қарасораға қарай береді. Арасынан тас шегіртке шықылдайды.
«Сорыңды  ұрайын,  –  дейді  Рысқұл  шегірткеге.  –  Түрменің 
ауласына  сені  біреу  әкеп  қамаған  жоқ  қой.  Неге  кетпейсің 
құдайдың  даласына».
Тас  шегірткеге,  шекшекке  ұрсып  қойып  Рысқұл  ауыздығын 
сыңар езулеген қарашыл жылқы дайын шаң басқан қурайға қарай 
қиялап кете береді. Айдауыл сонысынан секем алғандай:
–  Көзіңе қара, тура жүр! – деп арс ете қалды.
Рысқұл  ілдәбайлап  соғыла  салған  дәретхананың  дуал  жақ 
қабырғасын қиратып қашып кетуді де бір ойлады. Бірақ мылтығын 
шошайтқан қарауыл қалт қарап, кірпік қақпай тұрады.
Сонысына  ыза  болған  тұтқын  кейде  айдауылдың  титығына 
тиіп, «патшалар жаяу баратын» жерден шықпай отырып алады. 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет