Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет39/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
–  Байың қайда? – деді Таубай қамшымен өз етігінің қонышын 
сарт еткізіп, үйдің ішін көзімен тінтіп болған соң әйелге бұрылып.
–  Қайда болушы еді, мырза. Абақтыда жатыр ғой.
–  Былжырамай  шыныңды  айт.  Абақтыдан  қашып  кетті. 
Әйтпесе неміз бар түн ішінде сандалып, сенің қойныңа келіп тұр 
дейсің  бе  бізді?
Келіншектің  төмен  жүзі  лап  етіп,  басын  көтеріп  алғанда 
алақандай  әдемі  көздері  жалт  ете  қалды.
–  Өйтіп айтпаңыз, мырза. Бала-шаға бар үйде. Кісіміз келген 
жоқ үйге. Қашып кетсе қайда жүргенін біз білмейміз.
Таубай  аузы  қисық  көне  кебеженің  ішіне  үңілді.  Кебеженің 
ішінен  ашыған  сүзбе  исінен  басқа  ештеңе  сезілмеді.  Төрде 
сыры кеткен ескі әбдіре тұр. Күндіз үстіне екі-үш көрпе, бір-екі 
текемет  жиылып, жүк көтеріп тұратын әбдіренің түнде арқасы 
босап  қалады.
–  Аш! – деді Таубай келіншекке әбдірені бүктеулі қамшымен 
нұсқап.
–  Әй,  мырза-ай,  осы  жаман  сандықтың  ішіне  біздің  кісі 
сыйып кетеді деп ойладыңыз ба? Ашайын. Көңіліңіз қалмасын.
Ізбайша  ұзын  бұрымының  ұшына  байланған  қара  кілтпен 
әбдірені  ашты.  Ескі  де  болса  әбдіре  құлпы  екі-үш  бұралады. 
Кілт бұралғанда құлыптағы тілшік шүріппе сыңғыр-сыңғыр етіп 
әуендетті.
Осы  әуеніне  бола  Тұрар  қолына  кілт  түскенде  сандықтың, 
аузын  қайта-қайта  бұрай  беруші  еді.  Бір  қайырым  ғана  әуен. 
Сандықтың ішінде іске татыр ештеңе жоғына кешірім өтінгендей 
аяулы  мұң.  Бұл  баяғы  батыр  баба  Әлімбектен  қалған  жұрнақ. 
Самарқанның саудагер сартына екі қой беріп сатып алған сонау 
Қоқан  заманында.  Көне  шеберлер  кілт  бұралар  құлпына  екі 
тілшік салып, бұлбұл құстың бір қайырым үнін түсірген. Әу баста 
ол үн көңілді де шығар, ал келе-келе, қажала-қажала құлыптың 
көмейінен  енді  жалынышты,  мұңды  әуен  шығатын  болған.
Сандықтың ішінде Ізбайшаның төркінінен келген біркиер сары 
шәйі  көйлек,  жасыл  тыс  барқыт  камзолы,  шашақты  шәлісінен 
басқа көзге түсер ештеңе жоқ сияқты. Шуда жіппен белінен бір 
байлаған, сарғайып кеткен қағаздар бар екен. Сөйтсе, ол сонау 


79
Қызыл жебе
Қоқан заманнан бергі толып жатқан алым-салықтардың куәлігі 
болып шықты. Сандық түкпірінде шүберекке ораулы түйіншекке 
қолын созды Таубай.
–  Тимеңіз, – деген бала дауысы шар ете қалды. Енді байқады, 
әнеукүні  болыспен  келгенде  Саймасайға  қолын  бермей  қойған 
безіреуік бала екен... – Тимеңіз, – дегеніне құлақ аспай, шүберектің 
орауын  жазып  көрді.  Күміс  жалатқан,  әр  жерінің  күмісі  көшіп 
қара қотыр болған кәдімгі бәкі екен. Бұл да Әлімбек батырдан 
қалған  мұра.  Әлімбек  бұл  бәкімен  өзінің  ұлы  Жылқайдардың 
кіндігін  кескен;  бұл  бәкімен  Рысқұлдың  кіндігі  кесілген;  бұл 
бәкімен Тұрардың кіндігі кесілген; кіндіктен басқаға жүзі тиіп 
көрмеген.
Шабарман оны қалтасына тыға қояйын деп тұрды да, татымсыз 
нәрсені  қойшы  дегендей  сандыққа  қайта  тастай  салды.  Жоқ 
жерден ашу шақырып, баланы құлағынан тартып тұрып:
–  Айт, әкең қайда? – деді.
–  Білмеймін, – деді бала безеріп.
Шабарман оны ыстан қарайып кеткен тіреуге тақап қойып:
–  Шыныңды айт! – деп қамшы көтерді.
–  Қойыңыз,  мырза,  баланың  жазығы  не?  –  деп  Ізбайша 
шырылдады. Есіктің алдында тұрған екі солдат селт еткен жоқ.
Боржық  Таубай  араша  түскен  келіншектің  өзіне  тақалған 
тамағынан  жұпар  иіс  сезгендей,  делебесі  қозды.  Дәл  өзіндей 
іркілдек,  сары  қарын  тартқан  кексе  әйелі  көз  алдыңа  елестеп, 
онымен  салыстырғанда  мына  тұрған  келіншектің  перідей 
сұлулығына қызығып, осыны иемденген Рысқұлға бұрынғыдан 
бетер  өшіккендей  жер  кепенің  іргелерін  тепкілеп  көрді.
–  Абақтыны тесіп шығып кеткен кәззап, бұл үйден де үңгір 
жол  жасап  алуы  мүмкін  ғой,  –  деді.
Жартылай жертөледе тышқанның інінен басқа тесік жоқ еді. 
Өзінің  ерсі  әрекетін  жуып-шайғысы  келген  Таубай  Ізбайшаға 
тағы  тиісіп:
–  Есіктен басқа қойныңа келетін жол жоқ екен. Есігің осал, 
оны білдік. Келесі жолы есік тықылдаса – шошыма. «Төбе шашы 
сексиіп,  төрге  қашар»  сен  емессің  ғой.  Кәне,  жігіттер,  басқа 


80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет