Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет57/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Ешқандай кедергі кездестірмей сүңгіп кетті. Қара Иван ақырын 
шөпті  ашып  қарап  еді,  үңгіде  ешкім  де  жоқ.  Тек  бос  құмыра 
жатыр.
«Мына  сойқанды  аңшы  түзге  отырамын  деп  тысқа  шығып, 
біреу-міреудің  көзіне  түсіп  қалар  ма  екен?».
Қара Иван дәретхана жаққа қарап біраз тұрды. Абайлап барып 
есігін түртті,  ешкім жоқ. Мал қораны айналып шықты. Сайдың 
жағасына барып, тал-талдың арасын шолды.
Қараптан-қарап  жүріп,  күбірлеп  өзімен-өзі  сөйлескенін  де 
байқамай қалды. Ақыры «бұл жүрісім сезікті болар», – деп үйіне 
қайтты. «Мүмкін, ол тентек үйге кірген шығар» деп босағадан 
аттап әуелі сенекті шолып шықты. Капуста тұздалған кеспектің 
артына үңілді. Қабырғада ілулі тұрған қамыт пен белорақты да 
ұстап-ұстап қойды. Ішкі бөлмеге еніп, әдетте балалар жататын 
пештің үстіне мойнын созды. Темір кереуеттің астына еңкейді.
–  Не жоғалттың? – деді ыстық пештің көмейіне қамыр толы 
қара табаны сүңгітіп жатқан Марфа күйеуінің абыржыған түрін 
көріп  шошынып.
–  Жәй, қайрақ тас, – деді Қара Иван.
–  Қайрақтас неге керек? – деп әйелі тақақтады.
–  Иә, ол пышақ қайрап, Зойканы соймақшы, – деп кемсеңдеді 
Федька.
–  Мен  соярмын  сені.  Сойып  көр!  –  деп  Марфа  пештің 
қаңылтыр  қақпағын  тарс  жапты.
Қара Иван қолына бос құмыра ұстаған күйі қалшиып тұрды 
да қалды.
***
Сол  күні  сұрғылт  іңірде  Верныйдың  облыстық  түрмесінің 
сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жадау, ескі 
киіз  қалпағына  шөп-шалам  жабысып  қалған,  қалқан  кеуделі, 
жазық жоталы, екі көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір 
адам келіп қақты. Бұл қақпа оған бұрыннан таныс еді, адаспастан 
оңай  тапты.
Үйіңді таба алмай адасуың мүмкін, ал түрме оңай табылатын 
заман.  Бұл  адамға  түрменің  есігі  де  жеп-жеңіл  ашылады, 


115
Қызыл жебе
зарықтырмайды. Ар жақтан қарауыл келіп, қақпаның құлыбын 
салдыр-гүлдір  ашып,  аяқ-басы  алба-жұлба  адамды  көріп:
–  Не керек саған, аулақ жүр! – деп ақырды.
Оның ақырғанынан әлгі адам айылын жиған жоқ, қайта қасына 
келіп, қаһарлы үнмен:
–  Мені нашандигіңе алып бар! – деді.
–  Начальник  сен  сияқтылардың  ермегі  емес,  аулақ.  Арыз 
айтып келуші қаңғырған киргиз аз емес, бар айда! – деді қарауыл 
қақпаны  жаба  бермекші  болып.
–  Ей,  ақымақ,  мен  кісі  өлтірген  адаммын.  Тез  нашандікке 
алып  бар!  –  деді  әлгі  бұйрық  түрінде.
Қарауыл қалбақтап қалды. Дереу мылтығын кезеніп: 
–  Алдыма түс! – деді.
Рысқұл осылайша абақтыға екіншілей енді. Ол бағана Иванға 
Кузьма  көршісінің  айтқанының  бәрін  есітіп  еді.  Аз  ойласа  да, 
ары ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан шешімі осы болды.
* * *
Шолақ  Шабдар  өз  үйінің  есігінің  алдына  келіп  тұрғанын 
көргеннен  кейін,  пристав  адамдарын  дереу  аттың  ізіне  салған. 
Аттың  иесі  аман-есен  бір  жерде  жасырынып  жатқаны  белгілі 
болды.  Тізгін,  шылбыр  ерге  байлаулы.  Демек,  бұл  ат  иесін 
оқыстан  тастап  келген  жоқ.  Әдейі  босатылған.
Қашқынның  қайда  жатқанын  ауылдастары  білмейтіні  рас 
екеніне  көзі  жеткендей  болған  пристав  алтыбақанда  асулы 
тұрғандарды  босатуға  бұйрық  берді.
Анарбай  мен  Таубай  бастап,  болыстың  адамдары  да 
ауылдарына қайтты. Тұрарды ала кетті. Мақаш баланы алдына 
өңгеріп  жатқанда  пристав  тағы  да  қатаң  ескертті:
–  Ақымақтық  жасамандар.  Балаға  бастарыңмен  жауап 
бересіңдер. Оны өлтіру – торғайды өлтіруден де оңай. Мәселе – 
әкесін қолға түсіруде. Көрдіңдер ме, ол ұзаған жоқ. Алысқа ұзап 
кетпейді  де.
Топалаң тиген ауыл есеңгіреп:
–  Құдай-ау, құтқарғаның рас па, жоқ па? Иә құдай, иә аруақ! 
Ақсарыбас! – деп бірін бірі құшақтап, талықсып жатқан Молдабек, 


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет