Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет56/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
жауға қарсы тайсалмай шауып, шайқаста шейіт кетсе, арманым 
бар демес-ау. Құдай мұны қос көрмеді. Қара Иван қаруды қайдан 
тапсын. Көршісі Кузьма сірә көнер ме? Жалғыз атын жоғалтып 
тапқан Софрон көнер, малын батырақ жалдап баққызып отырған 
Семен қалай қостар? Қара Иванның өзін көзтүрткі қылып, ұстап 
берсін...
Әлгіде  ғана,  Қара  Иван  жалғыз  кер  сиырын  сайдан  суарып 
қайтқанда, қауға сақал Кузьма үйінің шарбағынан асылып тұрып:
–  Жаңалықты есіттің бе, Иван? – деді.
–  Жоқ. Ол не? – деген Қара Иван жүрегі су етіп.
–  Бір киргиз өзінің управителін атып өлтіріп, қашып кетіпті. 
Әлгі  аңшы  киргиз  көрінеді.  Айтпақшы,  ол  саған  келгіштеп 
жүруші еді-ау. Еліктің лағын әкеліп берген сол емес пе еді? Байқа, 
бәлеге  қалып  жүрме!
–  Ол не дегенің, Кузьма? Аңшыны мен көрмегелі қашан?!
–  Әй,  қайдам,  болыстың  түбіне  жеткен  нақ  сен  құйған  оқ 
болып  жүрмесін.  Байқа...  –  Кузьма  миығында  зымиян  күлкі 
зәр  шашып.  –  Айтпақшы,  сол  киргиздың  сенің  Федькаңдай 
баласы бар екен. Болыстың адамдары соны ұстап отырса керек. 
Әкесі үш күннің ішінде өз еркімен келсе келді, келмесе баланы 
бауыздап өлтіреміз деп жар салғызыпты. Верныйдың бүкіл қару 
асынғандары  қазір  сонда  көрінеді.  Көрдің  бе,  киргиз  әкімін 
өлтіргеннен кейін, заман не болады? Не болып бара жатыр бұл 
заман?
Кузьма  шоқынған  ырым  жасап,  шарбақтан  ары  үйіне  қарай 
беттеді.  Қайта  бұрылып:
–  Біздің атаманды да Верныйға шақыртып жатқан көрінеді. 
Сірә, әлгі киргиздің әлегіне байланысты мәселе ғой. Жапондардың 
істегені анау. Россия  анамыз бүлікке бөгіп жатқаны мынау. Енді-
енді  аузымыз  асқа  тигенде,  мұрнымыз  тасқа  тимесе  игі  еді.  – 
Кузьма тағы шоқынды.
–  Тыныштық болғай. Иә, құдай!
Қара  Иванды  қат-қабат  уайым  қамалады.  Кузьма  сұм  әлгі 
күдігін  атаманға  айтып  қойған  жоқ  па  екен?  Аңшы  киргиз 
Қара Иванға келгіштеп жүретін деп оттап қойса болды, атаман 
ақиланып жетіп келеді. Енді не істеу керек? Тым болмаса, түн 


113
Қызыл жебе
түскенше шыдаса... Қазір құдайдың күні де жарқырап ашылып 
кетті.
Қара  Иван  қолына  айыр  алып,  шөмеле  төңірегіндегі  кәшек 
шөп-шаламды жинаған болып, айналшықтап жүріп алды. Қорада 
қамаулы тұрған торпақ мөңіреді. Өзінің сыбағасын ішіп қойған 
шақырылмаған  қонақты  ол  да  жақтырмайтын  сияқты.  Үйден 
Федька  жүгіре  шығып:
–  Батя, Зойка мөңіреп тұр ғой, мен шөп суырып салайын,– 
деп  еді,  Қара  Иван  шошып  кетті:
–  Өзім-ақ. Айда, әуре болма. Мамаңа көмектес.
Қара  бұжыр  әкесіне  емес,  ақсары  шешесіне  тартқан  үрпек 
бас, елгезек бала әкесінің мынасын түсіне алмай есіктің көзінде 
состиып  тұрып  қалған.  Жайшылықта:  «Малға  қарамайсың, 
Зойкаға  жем  бермейсің.  Астын  тазаламайсың»,  –  деп  ұдайы 
ұрсатын әкесі, бүгін басқаша мінез танытты. Шешесі сияқты бұл 
да  Зойканың  тілеуін  тілеулі.
–  Балалар  қызыл  көрмегелі  қашан.  Қашанғы  капуста  мен 
картопты  қара  суға  қайнатып  іше  береміз.  Зойканы  соғымдап 
алайық, – дегенде қожайынға әйелі де, баласы да ұлардай шулап 
қарсы шыққан. Зойка өссе, екі сиыр сауамыз деген арман жатушы 
еді оның ар жағында.
Бала  есіктің  алдында  тұрып-тұрып,  бұртың  етіп  үйге  кіріп 
кеткенде,  Қара  Иван  күйбеңдеп  қиқым-сиқым  жинаған  болып 
жүріп:
–  Ей,  Рысқұл,  –  деді  жан-жағына  қарайлап.  –  Хал  жаман. 
Сенікі  баланы  ұстаған.  Залогқа  ұстаған.  Сен  үш  күнде  келіп, 
қолға  түспесе,  баланы  өлтіретін  болған.
Рысқұл  тіл  қатқан  жоқ.  Шөптің  ішінде  адам  емес,  қаратас 
жатқан  сияқты.
–  Біздікі атаман Верныйға кеткен. Сірә, бұл Софийскіден де 
іздейтін болар сені. Менікі көрші сені біледі. Оттап қояды деп 
қорқамын.
Рысқұл тырс етпеді.
«Дүниені өрт шалғанда, бұл тағы да ұйықтап жатыр ма?» – деп 
Қара  Иван  шөмеленің  Рысқұл  жатқан  тұсын  ақырын  айырдың 
сабымен түрткіледі. Айырдың сабы кеуекке оп-оңай кіріп кетті. 


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет