Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет7/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Рысқұлдың табиғаты тарғыл көкектен басқалау. Қазір тарғыл 
тастың  тасасынан  тауешкі  аңдыған  мергендей,  тәуіп  атаның 
қас-қабағынан көз алмай отыр. Баланың бар тағдыры енді осы 
Ахаттың  қолында сияқты,  оның  аузынан  шығар  сөзге  зарығып 
отыр. Бір сәт Тұрарға көзі түсіп еді, бала өзіне тесіле қарап жатыр 
екен. Рысқұлдың тұла бойы шым ете қалды. Сонда ол Тұрар өзі 
өле кетсе, мына әке күллі әлемнің адамдары жиылып арши алмас 
қалың  қайғыда  қалатынын  ойлап,  уайымдап  жатқанын  айтпай 
сезді.
Әке  мен  баланың  арасында  үнсіз  ұғыныс,  тілсіз  махаббат, 
жіпсіз жалғанған жүректер барын осы жай аңдатар еді. Жасына 
жетпей  көзіне  ой  тұңғиығы  ұялаған  жәдігерді  қу  құдай  көп 
көрмесе екен, маңдайымды тайқитып, сорымды сорадай ағызып 
кетпесе  екен  деп,  Рысқұл  іштей  шырылдады.
Мамырбай Рысқұлдың аламан, албырт мінезін ұната бермейді. 
Жасы  егде  тартқанша  орнығып,  орта  түсіп,  жуаси  қоймағаны 
ұнамайды.  Осынша  тақыр  кедей  болғаны,  анда  да,  мұнда  да 
сыйыспай  жүргені  қу  мінезінен  деп  ойлайды.  «Күштіменен 
күреспе,  мықтыменен  тіреспе»  деген  бұрынғылар.  Шамаң 
келмейтін болған соң құр тыраштанып не керек, одан да ақырын 
жүріп,  анық  басып,  құба  төбел  қу  тіршілікте  біреуден  ілгері, 
біреуден кейін дегендей, бала-шағаңды асыра. Адыр болғаныңмен 
ірі болмасаң – бәрі бекер. Бәрінен де осы Рысқұлдың Қалипаны 
елең-алаңда  қолынан  тартып  әкеткені  Мамырбай  шалдың  кәрі 
көкірегінен шемен болып кетпейді-ақ. Шал да болса Түлкібас-
Жуалыдан  ауып  келген  Шымырдың  бір  тентегінің  қорлығына 
көнбек  емес  еді.  Қалипа  марқұм:
–  Жөкеме  айтыңдар.  Өз  ықтиярыммен  шықтым.  Шатақ 
шығарып, ұятқа қалмасын, – деп сөз салыпты деген соң барып 
Мамырбай  өз  шынтағын  өзі  тістей  алмай  қапа  боп  қалған.
Көк шыбын біраз үні өшіп, жым-жырт болған соң қайтадан 
безілдей  бастады.  Құрақ  терезені  тесіп  шығуға  мың  жылда 
да  шамасы  жетпес,  бірақ  шыныны  соққылап,  ызыңдағанын 
қоймайды.  Далаға,  кең  дүниеге  шығуға  деген  құштарлық 
қыстаған  бір  мақұлық.


15
Қызыл жебе
Ахат сонда жалбыр қасын жалп еткізіп, көзін ашып алды. Көз 
жанары жайдары, жұмсақ екен, әрбір қимылын андып отырған 
Рысқұлдың іші жылып қалды. Тәуіп өз құлағы ауыр болған соң 
жұрттың бәрі саңырау деп ойлай ма екен, жарықтық, әйтеуір:
–  Рысқұл!  А!  Рысқұл!  –  деп  айқай  салды.  –  Аруақ-құдай 
қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. Қатты келген екен, 
әлгі сүзекті айтам. Енді ештеңе етпейді. Беті бері қарады. Түйірі 
бар тамақ ішкізбей қоя тұр. Ұн қуырып, сұйық быламық бер және 
айтарым  таба  алсаң,  қара  қойдың  қалжасы  керек.  Тек  майын 
алған сорпасын ғана ішкіз. Құдай қаласа, жігітің жазылып кетеді.
Ахат  орнынан  тұрып,  таяғына  сүйеніп,  бүкшеңдей  басып 
есікке беттеді. Шығып бара жатып, артына бұрылып. – Әлгі қара 
қойдың  қалжасын  ұмытпа,  –  деді.
Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына 
рақмет айтуды да ұмытып кетіп еді.
–  Айтпақшы,  адыраспан  тұтатып,  күн  қызылы  батқанда 
баланы  үйдің  сыртына  алып  шығып,  құбылаға  қаратып, 
шашыратқының  қайнаған  суымен  ұшықта,  –  деді  тәуіп  қайта 
бұрылып.
* * *
Тышқан  мұрнын  қаната  алмас.  Тышқақ  лағы  да  жоқ.  Жөнді 
жуынды тимеген соң Желтабан да зорман аулап, күні бойы тау 
бөктерлеп  үйден  безіп  кетті.  Тау  демекші...
Рысқұл дәл қазір құлжа атып алатындай, асыға басып далаға 
шықты.  Айнымас  досындай  кеудесін  айқара  ашып  Талғар  тұр 
екен. Иә, Талғарға көтерілмегелі де көп уақыт болып қалыпты. 
Былтыр Петербордан келген оқымысты орысты ертіп шыққаннан 
кейін қайтып, Талғар белуарына көтерілген емес.
О да бір өте шыққан күндер екен. Орыстардың ішінен, әсіресе 
ұлықтарының ішінен ондай мың болғыр оңдысын бұрын көрген 
жоқ. Метрей, ия, Метрей еді ғой аты. Талғардың биік шыңдарына 
жол тауып алып шыққаны үшін Рысқұлға көп күміс ақша беріп, 
Рысқұл үйі сонда битін бір төгіп қалып еді.
Сол орыс кетерінде:
–  Егер қысылсаң, хабарла, – деп еді.


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет