Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет9/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
–  Е, құдай, кәдімгі қаргүл ғой. Кейде еңлік деп те атайды.
–  Мынаны біз аконит дейміз, қазақтар не дейді?
–  Ол  тұқымың  құрғыр  уқорғасын.  Мал  жемейді,  жесе  өліп 
қалады.
Есік  көлдің  желкесі  желкілдеген  көкорай.  Қызыл,  жасыл 
жайқалған  гүл.  Шүмілдік  пен  ботагөз,  қазтамақ  пен  желайдар, 
рауғаш пен ауша, жанаргүл мен қашқаргүл, сарғалдақ пен құлмақ, 
долана мен үшқат аралас сансыз шөптер аттарын географ ерінбей 
ежіктеп сұрап, хаттап алды.
Сол  күні  олар  Талғар  алқымындағы  тағы  бір  алқа  –  Ақкөл 
жағасына  жетіп,  сонда  түнеп  тыныстап  еді.
Ақкөл – Есік көлге қарағанда жадағай. Жағасында сызылып, 
сылаң қағып тұрған сұлу шырша мұнда жоқ. Суы да жасыл зүмірет 
емес. Ашаң, ақшыл тартып жатады. Жағасы толған тарғыл тас. 
Өңкиген түйетастар Талғардың апайтөсінен бір заманда құлаған 
Есік көл қанша сұлу болғанмен, өзегіне нәр беріп жатқан Ақкөлге 
қарыздар.  Есік  көл  қазір  жазғы  күн  батып  бара  жатқан  ақшам 
мезгілінде төменде, табан астында қарауытып жатыр.
Мезгіл шілде іші болса да тау омырауы сақылдаған салқын. 
Ақкөлдің  айдыны  ашулы.  Сондықтан  да  болар,  құс  баласы 
көрінбейді. Оның есесіне көктеңбіл ханбалық көп екен, мейман 
қармақ  салып,  әне-міне  дегенше  бір  шелек  балық  іліп  алды. 
Қауқылдасып,  даурығысып  еді.  Қармаққа  балық  ілінген  сайын 
ғалым қатыны ұл тапқандай қуанып, картузын аспанға лақтырды.
–  «Ғалымбысың  деген»,  –  деп  Рысқұл  оның  мына  тірлігін 
қомсынып  отырды.  Қанша  кедей  болса  да  судан  балық  сүзуді 
кәсіп қылмаған қазаққа бұл бала-шағаның қылығындай көрінді.
Шаршаған қоңыр өгіз біраз оттаған соң әрірек барып ыңқ етіп 
жата кетті де көзін жұмып күйіс қайыруға кірісті. Зеңгі бабаның 
намазы сияқты онысы.
Рысқұл  тасжарғанның  бұталарын,  көл  толқыны  жағаға 
шығарып тастаған ақсөңке жинап от жақты. Тастан қалап ошақ 
тұрғызып, сырты ысталған қара шәугімді отқа қойды. Көктеңбіл 
хан  балық  жалғанның  шырыны  екен,  петерборлық  мейман 
екеуі тоя тамақтанып алды. Аттар мен өгізді ит-құс, аю жарып 


19
Қызыл жебе
кетпесін  деп  Рысқұл  жалғыз  ауыз  мылтығын  оқтап  жанына 
қойды.  Тамызық  үзілмесін  деп  тағы  да  отын  жинады.
Заңғар  таудың  кеудесіне  шығып  отырған  екі  адам  маздап 
жанған отқа үңіліп қапты. Мейман қазақша білмейді, Рысқұлдың 
орысшасы  «твая-маядан»  артпайды.  Тілі  басқа,  діні  басқа  екі 
адамға  от  ортақ.  От  олардың  тілмашы  сияқты.  Дүниеде  оттан 
таза  нәрсе  жоқ.  Тіпті  алмастың  өзінде,  алтынның  өзінде  ақау, 
кірбің  болуы  мүмкін.  Ал  отта  арамдық  болмайды.
О баста Дмитриевтің көкірегіне күдік кірген. Бөтен адам, тіл 
білмейтін,  көп  сөйлемейтін  сыры  беймәлім  біреу.  Талғардағы 
бір орыстың айтуына қарағанда, нағыз тоқымы кеппес қарақшы 
көрінеді. Сонда бұл мені аңғар-аңғар тау ішінде жайратып салып 
кетіп отырса не болмақ?
Қазір  дастарқан  басында  дәм  бөліскеннен  кейін  Рысқұлдың 
жалынға қарап тесіліп, жалқын сәуледен әдемі сурет көргендей, 
яки бір ғажайып әуен тыңдағандай бозым халін байқап, ойлады: 
«Жоқ бұндай адамда бөгде пиғыл болуы мүмкін емес».
Тең  артқан  торы  ат  пен  Дмитриев  мінген  қара  ат  түн 
қараңғылығынан  сескенгендей  іштерін  тартып  қойып,  бір-
бірімен айқасып, мүлгіп тұр. Қоңыр өгіз күйіс қайырудан зерігер 
емес.  Оқта-текте  көмейіне  сүйек  тығылғандай  түйіліп  барып, 
күйісін  қайта  бастайды.
Тәуекел  түні.  Жер  түбінен  жетіп,  аспан-таудың  Талғар  атты 
шыңының  қыры-сырын  білмек  үшін  осынша  азапты  сапар 
шеккен  Дмитриевтікі  де  ерлік.  Ғылым  жолында  да  тек  ерлік 
керек. Оған жолбасшы болып, табанын тасқа тілдіріп, тау асып 
жүрген  Рысқұлдікі  де  ерлік.  Мұны  мойындаған  ғалым  кейін 
өзінің Ташкентте басылып шыққан «Талғар – Іле Алатауының ең 
биік  шыңы»  атты  кітабында  былай  деп  жазар:
«1923 жылы 28 шілдеде менің Талғар шыңына шығуыма тура 
жиырма жыл толды. 1903 жылы 28 шілдеде мен Талғардың күнгей 
жағында жатқан ең биік мұзартқа шықтым. Оны мен «Богатырь» 
деп атадым.
Менің маршрутым – Алматының шығысында қырық шақырым 
жердегі  Есік  өзенінің  бойын  қуалап  отырды.  Есік  өзені  Іле 
Алатауының  терістігінен  ағады.


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет