Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет96/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

* * *
Ұлықты  Дауылбай  Сазтөбеге  дейін  шығарып  салды. 
Қоңыраулары  күмбірлеп  күймелер  көрген  түстей  лезде  ғайып 
болды.  Дауылбай  аттан  түсіп,  оязбен  құшақтасып,  қоштасқан 
жерде әлі тұр. Ұлықтың құшып тұрып, арқасынан қаққаны әлін 


193
Қызыл жебе
алып қойғандай, орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. 
Көңіл ала. Ояз күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. 
Әлгі алсай сойқаны болысқа қатты соққы болды. Ояз мәдениетті, 
зиялы кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей 
кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. Ел басқара алмайтын, халықты 
уысында ұстап отыра алмайтын болымсыз болыс екен деп бара 
жатқан  жоқ  па?  Қол  астындағы  бағыныштылары  басынып, 
болысын  сыйламайды  екен  деп  бара  жатқан  жоқ  па?  Тапа-тал 
түсте  ақ  орданы  солқылдатып,  маңдайын  түсіріп,  уықтарын 
сындырып  кеткені  анау.  Шын  мәнінде  маңдайы  жарылған  киіз 
үй емес, Дауылбайдың өзі шығар. Ел құлағы елу, болыстың ақ 
ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті деген 
сыбыс  жер-жерге  жайылып  кетсе,  сол  жаман.  Сүйекке  таңба. 
Масқара  таңба.  Қап,  ит  алсай!  Жер  басып  жүрсем  ендігі  ісім 
сенімен болсын. Қоңыз тергізіп жегізіп, қаңғыртып жібермесем, 
Дауылбай  атым  өшсін!  Үрім-бұтағыңа  дейін  қан  қақсатармын 
сен алсайды. Ашыққан ит аяғымды келіп жалайсың әлі! Ал мен 
сен  сұмдарды  аш  бөрідей  ұлыта  аламын.  Өзің  келесің...  Төрт 
аяқтап,  жер  бауырлап,  жорғалап  жетесің!
Анттан  соң  ақылы  жиылғандай  Дауылбай  селк  етіп,  жан-
жағына қарады. Нөкерлері күтіп тұр екен. Қарны жуан қарагер 
атқа екі жігіт екі қолтығынан көтеріп мінгізді. Ат үстінен дүние 
айқынырақ  көрінеді.  Сазтөбеге  Қоқан  хандығы  кезінде  келіп 
қоныстанған  диқандардың  бау-бақшасы  мәуелеп  тұр  екен. 
Шабдалысы, алмасы бәрі төгіліп, ағаш басы иіліп, көздің жауын 
алғандай.  Ағаш  жапырақтарын  тозаң  тұтқан.  Жауын  жаумай, 
тамшы  тамбай  тұр.  Жүгерінің  балағы  сарғайып,  жапырағы 
қусырылып  бозаң  тартыпты.  Қап-қара  диқан  басына  шалма 
байлап, балағын түріп, дәу кетпенмен бір қасық суды қақпалап, 
жетелеп,  шөлдеген  жүгеріге  алып  барады.  Дауылбайдың  есіне 
алсайлардың  тарысы  түсті.  Осы  су  үшін  соққыға  жығылған 
Бердіқұл көз алдына тұра қалды. Бір сәт оның өліміне өзі кінәлі 
екенін іштей мойындағандай да болды. Су азабын тартқан мына 
диқанды көріп, алсайлардың халін түсінгендей де болды. Бірақ 
бұл бір сәттік осалдық еді. Дауылбай емешегі езілгіш, бор мінез, 
жасығыштан  емес.  Қайтадан  қара  тастай  қасарып  алды.  Енді 


194
Қызыл жебе 
осыдан Күмісбастауға жетіп, Алсай ауылынан өш алғанша көңілі 
жай  таппайтынын  сезді.  Қарны  жуан  қарагерге  қамшы  басты. 
Нөкерлер  үндеместен  соңынан  ерді.  Болыстың  қарагері  арқан 
бойы  алда  келеді.
* * *
Алсайлар әрі-сәрі, Қырғызбай айтты:
–  Осы жатқан жыланның құйрығын қатты бастық қой деймін. 
Құдай әйтеуір артын қайырлы қылсын.
–  Ол жатқан жылан емес, шаққан жылан еді ғой. Ұмыттың 
ба,  арысымыз  қайда!  –  деп  Үсіп  сілкінді.
Қырғызбай - Соқыр батырдың баласы еді ғой. Бірақ Соқырға 
тартпаған,  тайғақтау  мінез  таныта  береді.  Қиыншылық  көрсе 
демде күйреп, күйзеліп қалады. Денесі мол, көзі алақандай, ірі 
кісі  болса  да  қопалақтау.  Сақалы  желкілдек,  кеудесіне  түседі. 
Дүниеде жыланнан қатты қорқады. Жылан алып жүрсе оны бала 
да қорқытып, айтқанын істете алады.
Үсіп  керісінше  шағын  кісі  еді.  Жасына  қарамай  шашы  ерте 
ағарып кеткен. Екі қолы қалтырауық еді. Келіндері оны сыртынан 
Қалтырауық қайнаға дер еді. Бірақ шақар. Сөйлегенде тістеніп 
сөйлейді.  Ашуға  булыққанда  сөйлей  алмай  күре  тамырлары 
білеуленіп,  мойны  ісініп,  бет-аузы  қып-қызыл  боп  кетеді.
–  Тас  түссе  талайымыздан.  Тәуекел.  Болар  іс  болды.  Мен 
өзім  Рысқұлды  кінәламаймын,  –  деп  Шыныбек  шықты.  Аласа 
бойлы,  көсе  кісі.  Көзі  ежіріктеу,  сәл  мұрнынан  сөйлейтіні  бар. 
Жас кезінде мұрнына самал түсіп, осы Рысқұл таудан аю атып 
әкеліп, соның өтін ішіп жазылған. Әйтпесе, жаман ауру сәңкитіп 
кетер екен. Мүмкін, содан болар, Шыныбек Рысқұлдан шығарда 
жаны басқа, әйтпесе дұрыс па, бұрыс па – ол жағына мән беріп 
жатпай,  Рысқұл  жағын  жақтайды.
Мұнда  көп  сөйлемейтін,  ұрыссаң  ренжу  білмейтін,  қажу 
білмейтін  нағыз  нар  Қорған  ғой.  Ұзын  бойлы,  аққұбаша 
ажарлы  жігіт.  Қияқ  мұрты  қап-қара,  көзі  нұрлы,  дәу  мұрын, 
қисса  батырларын  еске  салатын  ерекше  жан.  Осы  түрімен  бір 
елге  сұлтан  болып  отыратын  адам.  Бірақ  біреуге  билік  айтып 
көрмеген. Ол тек айтқанды орындауды біледі. Алсайдың үлкен-
кішісінің  құлы  сол.  Бәрінің  тірлігін  істейді.  Темір  ұста.  Ағаш 


195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет