192
Қызыл жебе
– Е, мырза, менің айтып отырғаным сол ғой. Ақ патшаның
сіздей ұлығына менің ордамда көрсеткен бұл қорлығы жазасыз
қалсын дегеніңізге түсіне алмай отыр едім.
– Дегенмен шу шықпайтын жағын ойлаңыз. Үркердей
киргиздарға шамаңыз жетеді деп ойлаймын. Бірақ әлгі жираф
сияқты аты бардың бір өзі-ақ алты-жеті адамды аттан құлатып,
екі бірдей солдаттың қаруын тартып әкетті. Генерал Черняевтің
жорықтарына қатысқан кәнігі солдаттардың мұндай ашық
ауыздығына таңданбасқа лаж жоқ. Ал әлгі батыр киргиздің
қимылына сүйсінбеске тағы лаж жоқ. Сұмдық! Бұл үшін қалай
коньяк алмасқа.
Коньяк қағысқаннан кейін ояз өзінің Шымкентке қайтатынын
айтты. Біраз күн қымыз ішіп, таза ауа, салқын самалда болып,
шынжау денсаулығы едәуір дұрысталып қалғанын айтты.
– Мен көп жер көрдім, бірақ дәл бұл Күмісбастаудай жер
көрмедім, Дауэльбай Тайтелиевич, – деді ояз шын ниетімен. –
Швейцария десе болғандай.
Бұл хабарға Дауылбай қапаланды. Әлі де бола тұрмадыңыз
ба, жайлауға шығып, небір тамаша көрер едіңіз? Неден кенет
аттанбақшысыз? Әлде әлгібір бейбастақ іс сізді ренжітті ме? –
деп бәйек болды.
Ояз ризалығын білдірді. Мемлекеттік мәні бар көп істер күтіп
тұр Шымкентте. Тіршілік болса тағы келер. Жер арасы жақын.
Жақсы атқа бір-ақ күндік жол. Енді шақыртпай-ақ келеді. Өйткені
Түлкібасқа ояз ғашық болып қалды. Ал әлгі жираф мінген
киргиздің ісін болыс билер арқылы өзі шешсін. Тіпті іс насырға
шауып, дүние бүлініп бара жатса, Шымкент алыс емес қой,
хабарлассын болыс. Ояз әскер бөлуге дайын. Ақ патшаның адал
қызметшісі Дауэльбай Тайтелиевич сынды ардақты адамдарды
ояз әрдайым қамқорлыққа алады. Дәм-тұзыңа, ықыласыңа
рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: