Қызыл жебе
ұста. Алсай біткеннің ыдыс-аяғы, кетпен-күрегі, құрал-сайманы
түгел соның мойнында. Біріне жоқ демес. Қабақ шытпас. Құдай
осындай адамды жарылқаса жарасар еді, бірақ есігінің алдында
тышқақ лағы жоқ. Жалғыз, есектей көк төбеті бар.
Мына төтенше жиында Ахат одан:
– Қорған, сен не айтасың? – деп сұрағанда, Қорғанның бар
айтқаны:
– Мен орыс солдаттарының мылтығындай мылтық соға
алатын сияқтымын, – деді.
Мен төбелеске дайынмын деген сөзі. Қорған басқаша
сөйлемес. Тек қатыны күңейлеу, әрі бала таппаған. Құдайдың бір
қимағаны сол. Сақау қатынның тілі шаяндай. Мінезі ауыр момын
адамды балпылдап мазалаумен болады.
– Шойлы кішінің жұмышын істегенше, өжімішке бір пышақ
іштеп әкелшең қайтеді. Пышаққа да жайымадық, – дейді де
отырады.
Сонда Қорған өз үйіне арнап пышақ соқпайды емес. Істеп
әкелген пышақты қатыны жоғалтып жібереді. Күлмен бірге
байқамай шығарып тастайды. Немесе, үйлеріне біреу келсе,
«күйеуің ұста ғой, мына пышағыңды мен алайыншы», – деп
қалап әкетеді.
– Қор болған Қорған, – дейді оны есіркеген жұрт. Осы
Ахаттар талай рет: «Құтылсайшы сол сақаудан. Қу бас қаласың
ба? Елміз ғой, көптеп, көмектесіп, құда түсіп, басқа бір шүйкебас
алып берейік», – деген. Көнбейді.
– Кішкентайынан қосылып еді маған. Көзінің жасынан,
обалынан қорқам пәленің. Не ғыласыңдар, жүре берсін, – дейді
Қорған. – Құдай бермейін десе, қанша қатын алғаныңмен бала
бермейді.
– Не болса да, болары болды, бояуы сіңді, – деді Ахат. –
Дауылбай бізді шабады – ол анық. Дауылбайдың қолына бір бәле
қылып, шыдас берерміз. Менің қорқатыным, Шымкенттен әскер
шықпаса. Онда құрыдық.
– Құрымасқа қару соғамыз, – деді Қорған.
– Алсай жиырма түтін. Патшаның әскері – түмен. Алыса
алмайсың.
196
Қызыл жебе
– Сонда амал не?
– Амал – ақырын бағайық. Іс қиынға айналса – көшеміз.
– Қайда?
– Әулие-Ата жаққа.
– Ата-бабаның жерін тастап па?!
– Иә. Ата-бабаның жеріне сыйыспадық емес пе? Дайын
болыңдар.
Алсайлар күткендей Дауылбай ауылды шаппады. Ол құрығын
басқаша сілтеді.
Алсай ауылы болыстың шабуылына дайындалып, бесіктегі
баласы мен белі бүгілген шал-кемпірінен басқасының бәрі
қолдарына қару алды. Солдаттардан тартып алған қос винтовка,
бірнеше шиті мылтық, қалғаны садақ, сойыл, шоқпар, күрек,
кетпен, айырға дейін қолдарына алды.
Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу-
Бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары
жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-әлсін
әупілдеп иттер үріп қояды.
Бүгін тарыны шымшықтан әйелдер қорыды. Тарының
тұмсығы қызарып, басы иіліп, иісіп қалған. Құдай қаласа енді
ертең-бүрсігүні орақ саламыз деп отырған. Тары қорыған әйелдер
де ауылға қайтты. Қарақойынның егіні батқан күннің сәулесімен
ойнап, алтын дариясындай құлпырып, сынаптай толықсып,
шалқып жатты. Жау шымшық ұясына қонақтаған. Торғайдың
жауы адамның жауынан әлдеқайда әділ. Күн батты, ұясына
қонады. Тарыға өш боп жаратылған сорлы о да бір. Тек серігін
іздеген бөдене ғана кешкі тымықта бытпылдықтап, үздігіп, үзіліп
кете жаздап қақсайды.
Мұндай кеште қыз ұзатса жарасады, келін түсірсе жарасады.
Шілдехана шақырса жарасады. Мұндай мүлгіген кеште ертедегі
ерлік замандар туралы қисса тыңдар ма еді! Немесе ақсүйек
ойнап, алтыбақан тебер ме еді! Ит те ырылдасып, жаңа сойылған
құнан қойдың сүйегіне таласып жатса ғой. Күрпілдеп саба пісілсе
анда-санда...
Алсай ауылында оның бірі жоқ бүгін. Қатулы қабақ, қатқыл
үн. Тіпті жас балалары да жыламайды. Бала болуды ұмытып
197
Достарыңызбен бөлісу: |