Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет4/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Терминжүйені қалыптау (кодификация терминосистемы) – сала терминдерін нормативтік сөздік түрінде шығару.
Терминологиялық сөздік (терминологический словарь)

  • әртүрлі арнаулы сала ұғымдарының атаулары терминдерді қамтып, олардың мағыналарын түсіндіретін, жүйелік байланы- сын, аудармаларын, қолданылу ерекшеліктерін т.б. сипаттарын көрсететін сөздік түрі. Жасалу мақсатына, тілдерді қамтуы мен арналып отырған аудиториясына сәйкес терминологиялық сөздік- тер бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, энциклопедиялық, түсіндір- мелі, екітілді, көптілді терминологиялық сөздік және т.б.

Терминологиялық стандарт (терминологический стандарт)

  • стандарттау құқығы берілген мемлекеттік орган ресми бекітіп, белгілі бір мерзім аралығында ұсынылған қалпында өзгеріссіз қолданылуы міндетті саналатын терминологиялық құжат.

Ұлттық терминологиялық стандарт (Национальный терми- нологический стандарт) – бір ел көлемінде жаппай қолданылуы міндетті болып саналатын терминологиялық стандарт.
Мемлекеттік терминологиялық стандарт (Государствен- ный терминологический стандарт) – өкілеттілігі бар Мемлекет- тік стандарттау органы ресми бекіткен, сол мемлекет көлемін- де біркелкі қолданылуға тиісті терминологиялық стандарт түрі. Әдетте терминологиялық стандарттардың қолданылу мерзімі (3-5 жыл) көрсетіледі.
Салалық терминологиялық стандарт (отраслевой терми- нологический стандарт) – белгілі бір арнаулы сала көлемінде
бірізді қолданылуға тиіс терминдер қамтылып, сол сала маманда- рына ұсынылатын стандарт.
Республикалық терминологиялық стандарт (Республикан- ский терминологический стандарт) – республика көлемінде қол- данылу құқығы берілген стандарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет