Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕРДІҢ ГЛОССАРИЙІ



бет3/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕРДІҢ ГЛОССАРИЙІ




Баламасыз термин (безэквивалентные термины) – басқа тіл- ге жартылай немесе толықтай аударылмайтын, аударылатын тілде нақты баламасы жоқ белгілі бір тілдің термині. Мүлде аударуға келмейтін терминдермен қатар, араға уақыт салып барып бала- масын табуға болатын атаулар да болады. Терминдердің мұндай түрін «уақытша баламасыз термин» деп атайды.
Біріздендіру – терминологиядағы бірмағыналылықты қамта- масыз етіп, терминдер мағынасындағы дәлдіктің жетіспеушілігі мен қайшылықтарын және олардың қолданысындағы кемшілік- терді түзетуге бағытталған кәсіби қызмет.
Терминологиялық әдебиеттерде «біріздендірумен» қатар бұл ұғымның «терминологияны біріздендіру» түріндегі толық нұсқа- сы да жиі қолданылады.
Терминологияны біріздендіру бірнеше деңгейде жүзеге асады. Олар: 1. Белгілі бір тар мамандықтың шеңберіндегі бірізден- діру; 2. Сала шеңберіндегі біріздендіру; 3. Тілішілік біріздендіру (нақты бір ұлт тілі шеңберінде); 4. Тіларалық біріздендіру (а) туыстас тілдер шеңберіндегі; ә) туыстығы жоқ тілдер арасын- дағы); 5. Ғылыми терминдерді әлемнің бірнеше тілдері арасын- дағы халықаралық біріздендіру.
Салааралық терминология (межотраслевая терминология)
– бір-бірімен іргелес салаларға бірдей қызмет ететін терминдер жиынтығы.
Салалық терминология (отраслевая терминология). Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің сан түрлі салалары болатын- дығы белгілі. Адам қызметінің алуан түрлі сондай арнаулы сала- ларындағы деректі және дерексіз ұғымдардың атаулары мыңдап саналады. Сондай белгілі бір арнаулы сала атауларының жиын- тығын – салалық терминология деп атайды. Мұндай терминдер жиынтығын география терминологиясы, физика терминология- сы, математика терминологиясы, музыка терминологиясы деп өз
саласының атымен қосып нақтылап та атай береді. Бұл салалар- дың атауларын негізінен осы салалардың мамандары жасайды. Олар сол салаларды зерттеуші ғалымдар немесе практик маман- дар болуы мүмкін. Біздегі ғылыми әдебиеттерде оларды көбінесе салалық мамандар деп атау дәстүрі бар.
Стандарттау (стандартизация) – әр ұғым үшін бір ғана тер- минді таңдап, оны арнайы құжаттарда бекіту. «Стандарттау» мен
«қалыптау» (кодификация) терминдерін синоним атаулар деп қа- растыратын да ғалымдар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет