Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ



бет32/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ


Барлық арнаулы салалардың терминологияларын реттеп, біріздендірудің субъектілері бар. Олар – осы терминологиялық жұмыстарды жүргізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.


Терминологияны біріздендіру кәсіби қызмет болғандықтан оны осы іске маманданған қызметкерлер, дайындықтан өткен ма- мандар атқаруға тиіс. Өкінішке қарай, бізде бұл кәсіпті арнайы оқытатын оқу орны да, тәжірибеден өткізіп оған дайындайтын арнайы мекемелер де жоқ. Соған байланысты бұл іспен бізде кез келген филолог немесе түрлі сала маманы айналыса береді. Тер- минологиялық жұмыстар кәсіби тұрғыда жүргізілмеген жерде атқарылған жұмыстардың сапасы да соған сай болады. Практик терминші мамандарды даярлау тәжірибесі қалыптаспағандықтан, істің жайын жақсы білетін маман табу, оларды жұмысқа тарту да қиындық туғызады. Осы жағдайды ескере отырып, терминоло- гиялық жұмыстарды жүргізуге жауапты қызметкерлердің білімін жетілдіруге арналған дәрістер, курстар, семинарлар ұйымдастыру өте маңызды. Сондай-ақ бұл жұмыстың басы-қасына терминтану саласы бойынша магистрлік, кандидаттық, докторлық қорғаған
немесе осы салаға арналған ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу құралдары мен оқулықтар жазған немесе терминологиялық сөздіктер жасаумен жүйелі түрде айналысып жүрген мамандарды тартқан орынды.
Терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, жүргізу, үйлестіру
– өте ауқымды жұмыс. Біздің елде терминологиялық жұмыстардың барлығын қолға алып отырған мамандандырылған мекеме, ұйым, арнайы орталық жоқ. Бұл істі нақты бір ғылыми-практикалық орталық, мекеме немесе әлеуеті жеткілікті ұйым қолына алғанда ғана жұмыс нәтижелі болады. Мәселен, КСРО кезінде Мәскеуде ғылыми-техникалық терминология комитеті болды. Осы комитет 90-жылдарға дейін 300 терминологияны ретке келтіріп, 600 мем- лекеттік стандарт жасапты. Мұндай ауқымды жұмыс бүкіл одаққа белгілі арнайы комитет болғандықтан ғана атқарылды.
Ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін терминологиялық жұмыстарды бүкіл республика көлемінде үйлестіре жүргізудің тізгінін өз қолымызға алып, дұрыс ұйымдастыру керек еді. Бірақ осы шаруаға тиісті көңіл бөлініп, жұмысты өз деңгейінде жүр- гізетін арнайы құрылым жасақталмады. Тек терминком ғана сол бұрынғы тәртібімен жұмысын жалғастыра берді. Тұрақты қызмет атқаратын мамандандырылған мекеме болмағандықтан, консуль- тациялық-кеңесші органның бүкіл терминологиялық жұмыс- тарды өз қолына алуға, бір орталықтан үйлестіруге күш-қуаты, мүмкіндігі жетпеді. Комиссия әртүрлі сала мамандары ұсынған терминдерді бекітумен ғана айналысып келді. Мұны бүкіл терми- нологиялық жұмыстардың жүзден бір бөлігі ғана деуге болады. Кәсіби мамандар шоғырланған, барлық терминологиялық жұмыс- тардың жүргізілуі мен атқарылған істің сапасына жауап беретін нақты бір мекеме болмағандықтан, бізде терминологияны ретке келтіруде үлкен қиындықтар туындап отыр. Мұндай жағдайдың орын алуы айналып келгенде қазақ тілінің ғылым мен техноло- гия тілі ретінде қызмет етуіне тосқауыл болады. Терминжүйесі орнықпаған, жүйеге түспеген тіл ғылым тілі ретінде қызмет ете алмайды. Ғылым тілі ұлттық әдеби тілдің беломыртқасы болса,
терминология – ғылым тілінің жұлыны. Беломыртқасы майысқан, жұлынына зақым келген тілдің тірлігі оңға басуы, ғылым тілі ретінде сұранысқа ие болып, өркендеуі өте қиын. Тіпті, мүмкін емес. Сол себептен де ұлттық терминқорды ретке келтіріп, терми- нологияны біріздендіруге айрықша мән бермесе болмайды. Бұл біздің елдегі мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қолданысын қамтамасыз етудің аса өзекті мәселесі.
Қазір республикада терминологияны стандарттаумен құзы- ретті мемлекеттік орган айналысып отыр. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында 2016 жылы 747 ұлттық стандарт жасап, базасындағы 5725 ұлттық стандарттың 4179-ын халықаралық та- лаптарға сәйкес үйлестіргендігі жөнінде мәлімет берілген. Бұл комитеттің ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіруге (гармонизация) баса көңіл бөліп отырғаны байқала- ды. Енді осы үйлестіру жұмысындағы қазақ тілінің, ұлт тілінде- гі терминдердің, ұлттық терминжүйенің сәйкестендірілуі қалай жүзеге асып жатыр деген мәселе нақтылауды қажет етеді. Бізге белгілі мәліметтер бойынша мұнда заттар мен құбылыстардың, тауар, өнімдердің ұғымдық жағын стандарттау, ұғым анықтама- ларын үйлестіруге басымдық беріліп отыр. Ал мәселенің линг- вистикалық қыры, қазақ тілі терминдерінің тіларалық, халықара- лық стандарттарға енуі әлі кезегін күтіп тұр. Бұл орайда елдегі тіл саясатын жүргізуге құзыретті, соның ішінде терминкомның жұмысына жауапты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен ҚР Инвестициялар және даму министрлі- гінің Техникалық реттеу және метрология комитеті араларында тығыз байланыс орнатып, терминологияны республикалық дең- гейде реттеу және халықаралық деңгейде үйлестіру жұмыстарын жолға қоюы өте маңызды. Осы жұмыс реттелсе, терминологияны тарсалалық, салалық, тілішілік және халықаралық біріздендіруге, салалық және халықаралық стандарттарды жасауға, оларды са- раптан өткізуге тіл мамандары, терминтанушылар белсене арала- сып, тиісті мәліметтерді алып отырған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет