Терминге қойылатын талаптар дегеніміз – қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі шарттар.
Терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
Терминнің бірмағыналылығы(однозначность термина).Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір таңбаланушыға – бір таң- ба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген қағи- даттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі.
Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. Терминнің бірмағыналығы абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін (қараңыз → термин мағынасы). Бұл талап негізінен белгілі бір арнаулы сала терминологиясына қатысты қойылады.
Терминнің ықшамдылығы(краткость термина). Бірне- ше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым ата- уы ретінде, атау сөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексика- лануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулар- дың ықшамдалуы – осы үнем заңының талаптары. Алайда терми- нологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық
тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санай- тын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде «Термин мағынасы- ның дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да термин- нің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздер- ден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді.» Терминнің қысқалығын: а) лексикалық ықшамдылық ә) тұлғалық ықшам- дылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар.