ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ
Терминдерді логикалық тұрғыдан реттеп, сала ұғымдарын топтастырып, жіктеп, жүйелеп болғаннан кейін олар жөнінде мамандардың өзара кәсіби тұрғыда сөз қозғап, ал көпшіліктің ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы жетістіктерімен та- нысып, оқып-білуі, ақпарат алуы үшін оларды тілдік тұрғыдан да жүйелеу, біріздендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін терминдер ұғымды дәл бейнелеуімен қатар тілдік талаптарға, нормаларға да жауап беруі керек.
Термин дегеніміз – арнаулы мақсатта қолданылған сөз, белгілі бір арнаулы сала терминжүйесінің мүшесі. Терминтану қазір ке- шенді ғылым саласы ретінде қалыптасқанымен, о баста лингвис- тика қойнауында пайда болған ғылым. Терминжасамда тіл, ал терминтануда қазір де тіл ғылымы басты орынды иеленеді. Сон- дықтан тіл мамандарының термин, терминология мәселелерін зерттеу мен ұлттық терминқорды қалыптастыруда да үлкен жа- уапкершілік арқалап, негізгі рөл атқаруы орынды. Терминология- ны біріздендіру ісіне қатысты да осыны айтуымыз керек. Бұл тұрғыдан қарағанда терминтану классиктерінің бірі А.А. Рефор- матскийдің «терминологияның кез келген түрін біріздендіру – ең
алдымен сөзді тиімді пайдалана білу» (унификация любого вида терминологии есть прежде всего рациональная организация сло- ва) деген сөзі ешқашан құнын жоймақ емес.
В.М. Лейчик қолданбалы терминтанудың басты нысаны – біріздендіру деп көрсете отырып, терминологияны біріздендіруге стандарттау, реттеу, үйлестіру және терминография арқылы қол жеткізіледі дейді. К.Я. Авербух терминография, реттеу және стан- дарттау жұмыстарын жүргізу арқылы терминологияны бірізден- діруге болады деп санайды. Енді осы қазіргі терминтану ғылымы- ның ең көрнекті өкілдері терминологиялық жұмыстың өзегі санап отырған біріздендірудің мәніне үңілер болсақ, біріздендіру кезінде терминге қойылатын тілдік талаптардың негізгі рөл атқаратынын көреміз. Мәселен, біріздендіру жұмысы арқылы реттелетін бір- мағыналылық, көпмағыналылық пен омонимдерден, синонимдер мен дублеттерден арылу, мағына дәлдігі, терминнің ықшамдылығы сияқты талаптарды орындау үшін лингвистикаға жүгінуге тура ке- леді. Бұлар – тіл білімінің қарастыратын мәселелері. Терминология- ны біріздендіру, стандарттау кезінде атқарылатын жұмыстың бірі – терминдерге ғылыми анықтама беру. Бұл негізінен терминдерді түгендеп, сала ұғымдарын іштей жіктеп алғаннан кейін атқары- латын жұмыс. Терминологияны біріздендірумен айналысушылар ғылыми ұғым мен тілдік таңба терминнің анықтамалары бірдей болмайтынын, оларға қойылатын талаптар да бөлек екенін білуге тиіс. Ғылыми ұғым анықтамасында оның мазмұны толық ашылып, ұғым белгілері нақты көрсетіледі. Сол ұғым белгілері мен аталған ұғымның сипатталып отырған ұғымдар жүйесіне қатысы да анық сипатталады. Бір сөзбен айтқанда ұғым анықтамасында ұғым қыры толық ашылып, қажет жағдайда бір-бірімен жалғасып бірнеше анықтама беріледі. Ал терминнің анықтамасында оның сол термин- жүйедегі оның орнын айқындап тұрған негізгі, басты белгілері ғана қамтылады. Мәселенің бұл қырын түсіндірмелі, энциклопедиялық, терминологиялық сөздік жасаушылар да ескеруі қажет. Өйткені терминологияны қалыптау, стандарттау осы сөздіктерге негізделіп жасалады. Термин анықтамаларының бірнеше түрі бар. Ол жөнін-
де осы мәселені арнайы зерттеген белгілі терминтанушы ғалым С.Д. Шеловтың еңбектерінен толығырақ білуге болады.
Жалпыхалықтық тілде болатын көпмағыналылық, сино- нимділік, омонимдердің қолданылуы арнаулы сала тілінде, терми- нологияда да кездеседі. Бұлардан арылу терминге, терминжүйеге қойылатын негізгі талаптар қатарына кіреді.
Терминологияны біріздендіруде, соның ішінде стандарттауда ең алдымен қойылатын басты талаптың бірі – терминнің бір- мағыналылығы. Терминнің бірмағыналылығы (однозначность термина) – терминнің бір ғана ұғымның атауы болып, бір ғана мағынаны білдіруі. Көптеген терминтанушы ғалымдар термин- нің бірмағыналылығы белгілі бір арнаулы сала шеңберінде ғана сақталуы мүмкін деген тұжырымға тоқтайды. Терминдерді біріз- дендіру барысында көбінесе осы тұжырым басшылыққа алынып жатады. Осыған қатысты зерттеушілер термин бірмағыналығын іштей бірнеше түрге бөледі. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |