Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


Терминнің абсолютті бірмағыналылығы



бет20/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
терминология книга

Терминнің абсолютті бірмағыналылығы (абсолютная од- нозначность термина) – терминнің белгілі бір ұлт тілінің шең- берінде бір ғана мағынаны білдіруі.
Терминнің салыстырмалы бірмағыналылығы (относи- тельная однозначность термина) – терминнің белгілі бір сала терминологиясының шеңберінде немесе туыстас пәндер терми- нологиясында бір ғана мағынаны білдіруі.
Терминологияны біріздендіруде абсолютті бірмағыналылыққа ұмтылған дұрыс. Алайда бұл талап үдесін шығу кейде мүмкін болмай жатса да, салыстырмалы бірмағыналылыққа жету міндет- ті саналады.
Терминдер синонимділігі. Бір ғана ұғымды, затты немесе құ- былысты екі немесе одан да көп терминмен атауды терминология- дағы синонимділік деп атайды. Мамандар арасында А.Б. Шапиро сияқты «Термин сөздердің синонимдері болмайды. Ал дублет тер- миндер кездеседі» деп санайтындар да бар. Дегенмен термино- логияда синонимдер болады дейтін пікірге ден қоятын ғалымдар жағы басым. Жалпы әзірге терминологияда синонимдердің бол-
майтындығы толық дәлелденбеген. Керісінше, кәсіби лексика- ның бұл мәселесін әлі де тереңірек зерттеу қажет деп ойлайтын- дар қатары қалың. Терминологиядағы бұл құбылысты зерттеген Г.Ф. Курышко (Явление синонимии в профессиональной лексике) мамандар мен оған арнайы тоқталған ғалымдар аз емес. Сонымен терминдердің синонимінің болуы ғылым тіліне, терминологияға тән емес, жат құбылыс деп саналғанымен, синоним терминдер сала тілінде ұшырасып жатады. Сала терминдерінің арасында си- нонимдердің ұшырасуы терминологияның кемшіліктерінің қата- рына кіреді. Сондықтан арнаулы салалардағы осы синоним-тер- миндерден арылу терминологияны біріздендіру жұмысының міндеттерінің бірі деп танылады. Терминологияны біріздендіру кезінде синоним терминдер арасынан терминге қойылатын та- лаптарға сай деп танылған бір термин іріктелініп алынады. Мұн- дай таңдау кезінде тіл маманы, терминтанушы ол терминнің ұғым мазмұнын дәл беруімен қатар оның тіл нормаларына сай болу жағын да сөзсіз есепке алады. Терминнің ықшамдылығы, жағым- ды дыбысталуы, анықтамасының айқын, мағынасының дәл бо- луының талап етілуі соны көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет