Бұл ғылыми-әдістемелік құралда ең алдымен, терминоло- гияны біріздендіру жұмысының мән-маңызы мен оның логика- лық-ұғымдық, лингвистикалық тұрғыдан жүргізілу реті көрсетіл- ді. Белгілі терминтанушы ғалымдар пікірі мен кейінгі кезеңде жарық көрген көптеген терминологиялық әдебиеттердегі қолда- нысы ескеріле отырып, «біріздендіру» термині бұл еңбекте бар- лық терминологиялық жұмыстардың басын қосатын көп сатылы кәсіби қызмет түрінің атауы ретінде кең мағынада қолданылды.
Екіншіден, терминологияны біріздендіру жұмысының ұлттық ғылым тілін дамыту мен қолданыс аясын кеңейтудегі мән-маңы- зы, не үшін қажет екендігі және қалай атқарылатындығы жан- жақты түсіндіріледі. Біріздендірудің түпкі мақсаты – жүйеге түскен, нормаланған, қалыптанған, жетілдірілген ұлттық термин- жүйе қалыптастыру екендігі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Тер- минжүйені түзуде атқарылатын жұмыстардың рет-тәртібі көр- сетіліп, олардың қалай жүргізілуіне қатысты әдістемелік кеңес беріліп отырады.
Үшіншіден, біріздендіру бірі аяқталғаннан кейін екіншісі басталып, сатылай атқарылатын түгендеу, жіктеу, жүйелеу, нор- малау, қалыптау, стандарттау, үйлестіру сияқты негізгі термино- логиялық жұмыстардың өзегі, тірек-негізі ретінде алынады.
Төртіншіден, арнаулы сала ұғымдарының іштей жіктеліп, топ- тастырылып, олардың өзара қарым-қатынасы мен сатылық байла- нысын көрсететін жүйе құрудың мән-маңызы ашып көрсетіледі. Терминжүйе түзуде ұғымдар жүйесін негіз етіп алуға ерекше на- зар аудару қажеттілігі ескертіледі.
Бесіншіден, терминологияны біріздендірудің лингвистикалық тұрғыдан қалай атқарылатыны жүйелі түрде сипатталып, оған нақты мысалдар мен үлгілер беріледі.
Алтыншыдан, терминологияны біріздендірудің жалпы бағыт-бағдарын айқындау мәселесі қойылып, ғылыми негіздел- ген қағидаттар ұсынылады. Терминологияның ұлттық сипатын
арттыру мен халықаралықтандыру үрдістерінің көздеген мақ- сат-мүддесі, ұлт тілі үшін тиімді-тиімсіз жақтары баяндалады.
Жетіншіден, терминологияны біріздендіру мен терминологи- ялық жұмыстарды республикалық деңгейде үйлестіру, ұйымда- стыру жұмыстарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасалады. Осы жұмыстардың атқарылуындағы кемшіліктердің туындау се- бептері аталып, оларды түзету жолдары айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |