Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері


Қазақ терминологиясының ғылыми қағидаттары



Pdf көрінісі
бет5/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
терминология книга

Қазақ терминологиясының ғылыми қағидаттары:
Бірінші қағидат: 
Ұлттық терминқор қалыптастырудың 
ішкі көзі қазақ тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасам 
тәсілдерін барынша ұтымды пайдалану.
Екінші қағидат: 
Терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі 
саналатын шет тілдерден термин қабылдау. 
а) Туыстас түркі тілдерінен термин қабылдау 
ә) туыстық жақындығы жоқ тілдерден термин қабылдау
Ескерту:
Бұл қағидаттар өткен ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 
бастап, аяғына дейінгі аралықта Ахмет Байтұрсынұлы мен Елдес 
Омарұлы, Құдайберген Жұбанов, Нығмет Сауранбаев, Сақтаған 
Бәйішев, Әбдуәли Қайдар сынды ғалымдар жасаған, ұсынған 
қағидаттарды арнайы зерттеген монографиялық еңбегіміздің 
нәтижелері бойынша ұсынылып отыр. Кітап 2004 жылы жарық 
көріп, оның негізгі ғылыми нәтижелері көптеген республика-
лық, халықаралық конференциялар мен ғылыми жиындарда ға-
лымдар қауымына таныстырылып, талқыланған. (Толық мәлімет-
ті аталған монографиядан алуға болады: 
Құрманбайұлы Ш. Қазақ 
терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Алматы: 
«Сөздік-Словарь», 2004. –208 б.).
Бірінші қағидаттың қысқаша негіздемесі. Бұл қағидат қазақ 
терминологиясы дамуының бұған дейінгі жасалған қағидаттары-
ның да негізі болған. 1924 жылы Е.Омарұлы ұсынған қағидаттың 
бірінші тармағында «Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен 
алынатын болсын» делінсе, 1926 жылғы Ахаңның баяндамасын-
да «Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін 


13
қазақ сөздерін алу» қазақ терминологиясын дамытудың басты 
қағидаты ретінде көрсетілген. 1993 жылы Ә.Қайдар ұсынған 11 
қағидаттың үшіншісі «қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптас-
қан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану» деп бел-
гіленген. 
Терминге және терминологияға қойылатын талаптарға жа уап 
беретіндей атауларды сұрыптап алып, барынша ұтымды пай-
даланылуға тиісті қазақ тілінің ішкі лексикалық қоры – жалпы 
қолданыстағы сөздер, көнерген сөздер, кәсіби сөздер мен диалек-
тизмдер сияқты лексикалық қабаттар мен өзге де өнімсіз көздер 
болуға тиіс. Түрлі лексикалық қабаттардан сұрыпталып алынатын 
атаулар есебінен терминқорды толықтырумен бірге лексика-се-
мантикалық, морфологиялық, синтаксистік және калька, термин-
дену сияқты сөзжасам, терминжасам тәсілдерін ұтымды пайдала-
ну арқылы да ұлт тілінің термин шығармашылығы үздіксіз дамып 
отыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет