Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДА ҚОЛДАНЫЛҒАН



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
терминология книга

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДА ҚОЛДАНЫЛҒАН 
ТЕРМИНДЕРДІҢ ГЛОССАРИЙІ
Баламасыз термин
(безэквивалентные термины) 
– басқа тіл-
ге жартылай немесе толықтай аударылмайтын, аударылатын тілде 
нақты баламасы жоқ белгілі бір тілдің термині. Мүлде аударуға 
келмейтін терминдермен қатар, араға уақыт салып барып бала-
масын табуға болатын атаулар да болады. Терминдердің мұндай 
түрін «уақытша баламасыз термин» деп атайды. 
Біріздендіру
– терминологиядағы бірмағыналылықты қамта-
масыз етіп, терминдер мағынасындағы дәлдіктің жетіспеушілігі 
мен қайшылықтарын және олардың қолданысындағы кемшілік-
терді түзетуге бағытталған кәсіби қызмет. 
Терминологиялық әдебиеттерде «біріздендірумен» қатар бұл 
ұғымның «терминологияны біріздендіру» түріндегі толық нұсқа-
сы да жиі қолданылады.
Терминологияны біріздендіру бірнеше деңгейде жүзеге асады. 
Олар: 1. Белгілі бір 
тар мамандықтың шеңберіндегі бірізден-
діру; 2. Сала шеңберіндегі біріздендіру; 3. Тілішілік біріздендіру 
(нақты бір ұлт тілі шеңберінде); 4. Тіларалық біріздендіру
(а) 
туыстас тілдер шеңберіндегі; ә) туыстығы жоқ тілдер арасын-
дағы); 5. Ғылыми терминдерді әлемнің бірнеше тілдері арасын-
дағы 
халықаралық біріздендіру.
Салааралық терминология 
(межотраслевая терминология) 
– бір-бірімен іргелес салаларға бірдей қызмет ететін терминдер 
жиынтығы.
Салалық терминология 
(отраслевая терминология).
Ғылым 
мен техниканың, өндіріс пен өнердің сан түрлі салалары болатын-
дығы белгілі. Адам қызметінің алуан түрлі сондай арнаулы сала-
ларындағы деректі және дерексіз ұғымдардың атаулары мыңдап 
саналады. Сондай белгілі бір арнаулы сала атауларының жиын-
тығын – салалық терминология деп атайды. Мұндай терминдер 
жиынтығын география терминологиясы, физика терминология-
сы, математика терминологиясы, музыка терминологиясы деп өз 


8
саласының атымен қосып нақтылап та атай береді. Бұл салалар-
дың атауларын негізінен осы салалардың мамандары жасайды. 
Олар сол салаларды зерттеуші ғалымдар немесе практик маман-
дар болуы мүмкін. Біздегі ғылыми әдебиеттерде оларды көбінесе 
салалық мамандар деп атау дәстүрі бар.
Стандарттау
(стандартизация) 
– әр ұғым үшін бір ғана тер-
минді таңдап, оны арнайы құжаттарда бекіту. «Стандарттау» мен 
«қалыптау» (кодификация) терминдерін синоним атаулар деп қа-
растыратын да ғалымдар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет