21
бірқатар мамандар оларды түрлі деңгейде тұрған бір-бірінен кейін
сатылап жүзеге асатын жұмыс түрлері деп түсіндіреді; 4. Бірқа-
тар белгілі ғалымдар, сала мамандары көбінесе барлық термино-
логиялық жұмыстардың басын қосатын мейлінше кең мағыналы,
ауқымды жалпы ұғым атауы
упорядочение (реттеу)
десе, (мәсе-
лен, Д.С. Лотте, В.П. Даниленко, Л.И. Скворцов, Т.Л. Кандела-
ки); 5. Келесі ғалымдар мен сала мамандары бұл орынды
уни-
фикация (біріздендіру)
ұғымы иеленіп тұр деп, бұл жұмыс түрін
жоғарғы сатыға қояды. Бұл «унификация» терминін жалпы ұғым,
тектік атау ретінде жиі қолданады (олар: А.А. Реформатский,
Р.Ю. Коб рин, К.Я. Авербух, В.М Лейчик, Е.В. Карпинская,
Л.Ю. Фомина, С.К. Магомедов, М.Е. Куприянова және т.б.).
Т.Кияк «нормализация» мен «упорядочения» мейлінше жалпы
ұғымды білдіретін синоним терминдер [63] дейді.
Ал А.В. Суперанская бастаған Н.В. Подольская, Н.В. Василье-
ва сияқты ғалымдар
унификация
мен
упорядочение
терминдерінің
орнына «нормализация» (нормалау) терминін қолдануды ұсына-
ды. Бұл ғалымдар «кодификация» мен «стандартизация» сино-
ним атаулар дейді. [Общая терминология: Терминологическая
деятельность. –М.,1993.]. А.В. Крыжановская терминология ны
біріздендіруді ішкі және сыртқы біріздендіру (унификация) деп
жіктей отырып, бұл ұғымды «межъязыковая интеграция» деп
атаған жөн деп санайды.
Профессор К.Я. Авербух ретсіз, стихиялы түрде жинақталған
терминдерді ретке келтіруге бағытталған мақсатты жұмыс терми-
нологияны біріздендіру деп аталатынын айта келіп, бұл қызмет
түрін «біріздендіру» деуден өзге, «упорядочение» (реттеу), «стан-
дартизация» (стандарттау), «гармонизация» (үйлестіру), «нормали-
зация» (нормалау) деп те атайды дейді. Ғалым:
Достарыңызбен бөлісу: