Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
терминология книга

Терминжүйені қалыптау 
(кодификация терминосистемы)
– 
сала терминдерін нормативтік сөздік түрінде шығару. 
Терминологиялық сөздік 
(терминологический словарь) 
– әртүрлі арнаулы сала ұғымдарының атаулары терминдерді 
қамтып, олардың мағыналарын түсіндіретін, жүйелік байланы-
сын, аудармаларын, қолданылу ерекшеліктерін т.б. сипаттарын 
көрсететін сөздік түрі. Жасалу мақсатына, тілдерді қамтуы мен 
арналып отырған аудиториясына сәйкес терминологиялық сөздік-
тер бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, 
энциклопедиялық, түсіндір-
мелі, екітілді, көптілді терминологиялық сөздік 
және т.б. 
Терминологиялық стандарт
(терминологический стандарт) 
– стандарттау құқығы берілген мемлекеттік орган ресми бекітіп, 
белгілі бір мерзім аралығында ұсынылған қалпында өзгеріссіз 
қолданылуы міндетті саналатын терминологиялық құжат. 
Ұлттық терминологиялық стандарт
 (Национальный терми-
нологический стандарт)
– бір ел көлемінде жаппай қолданылуы 
міндетті болып саналатын терминологиялық стандарт. 
Мемлекеттік терминологиялық стандарт
(Государствен-
ный терминологический стандарт)
– өкілеттілігі бар Мемлекет-
тік стандарттау органы ресми бекіткен, сол мемлекет көлемін-
де біркелкі қолданылуға тиісті терминологиялық стандарт түрі. 
Әдетте терминологиялық стандарттардың қолданылу мерзімі 
(3-5 жыл) көрсетіледі. 
Салалық терминологиялық стандарт
(отраслевой терми-
нологический стандарт)
– белгілі бір арнаулы сала көлемінде 


9
бірізді қолданылуға тиіс терминдер қамтылып, сол сала маманда-
рына ұсынылатын стандарт. 
Республикалық терминологиялық стандарт 
(Республикан-
ский терминологический стандарт)
– республика көлемінде қол-
данылу құқығы берілген стандарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет