Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет7/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Шешендік сөздер

ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ...
 
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың»,— деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
—    Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! депті. Сонда Сырым:
—    Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін,— депті.
 
* * * * * * * * * * * *
СЫРЫМНЫҢ ЕКІ РЕТ СӨЗДЕН ЖЕҢІЛУІ
 
Сырым бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі шал адам екен. Сырым отырып өз жолдасына қарап:
—    Япырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау! — дейді.

Сонда келіншек түсіне қойып:
—    Батыр, сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уақытысында емес пе?! — депті.
 
Сырым шөлдеп келе жатып, бір үйден түсіп сусын ішіпті.
—    Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!— депті Сырым маңдайының терін сүртіп.
—    Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім,— депті үй иесі.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет