ЖАҢЫНДЫ ЖАРАЛАМА АЛЫСТЫ ҚАРАЛАМА
Малайсарының аулы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым аулына келгенде қарт азғантай қойының алдында жүр екен.
— Аға кім болдыңыз? — деп сұрапты.
Малайсары:
— Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы,— депті. Сонда Сырым:
— Тананың қайсысың? Жеті үй — Жиенбекпісің? Бес үй Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың? — дегенде, Малайсары:
— Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың! — депті. Сонда Сырым:
— Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы атым, шапаным мынау! — деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті.
* * * * * * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |