Жақсы жақтары:
Бүгінде Қазақстанда Жұмыс берушілер ассоциациясы мен ҚР
Білім және ғылым министрлігінің өзара әрекеттестігі шеңберінде
кәсіптік білім беру саласы мен еңбек саласы ынтымақтастығының жаңа
түрлері дамуда. Мысалы, ҰБШ-ны еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің
пікірін міндетті түрде ескере отырып, білім беру саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органмен бірлесе отырып әзірлейді және бекітеді. Жұмыс
берушілердің
салалық
ассоциациялары
да
қызметтің
тиісті
салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін салалық
біліктілік шеңберін әзірлеуге тікелей қатысады.
БКБ, оның ішінде «Қазақстанда барлығы үшін білім беру.
Кәсіптік білім беруді ұлттық қадағалау орталығы» ассоциациясы үлкен
үлес қосуда. ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен (Алматы) бірге
Ассоциация ТжКББ басшылары мен мамандары және Орталық-Азия
13
республикалары мен Қазақстанның (ОВРҚ) орталықтарының ЮНЕВОК
өкілдері үшін «Кәсіпорынның сұранысына орай жұмысшы мамандарды
бейімдеуге арналған әмбебап механизм ретіндегі стандарттар»
тақырыбында қосалқы өңірлік семинар өткізді (10-11 қазан 2012 ж,
Алматы қ.).
Оқу орындары және компаниялар арасында 16,8 келісімге қол
қойылды. Келісімдер шеңберінде білім алушылардың іс-тәжірибеден
өтуі үшін 97 мың жұмыс орындары ұсынылды және 3000 теңге
мөлшерінде шәкіртақы төленеді, кәсіпорындарда 1398 мастерлер мен
оқытушылар стажировкадан өтті. «Кәсіптік білім және бизнес:
серіктестер диалогы» атты өңірлік форумдар өткізілді, сондай-ақ
жұмыс берушілермен аймақтар үшін мамандар даярлау бойынша
семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілді.
Форумдарда әкімдіктер мен ірі компаниялар арасында мамандар
даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы 33 келісім
жасалды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанында ТжКБ дамыту мен
кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңесі құрылды.
Экономиканың басым секторларында кадрларды даярлау бойынша
аймақтық және салалық кеңестер құрылды.
Сондай-ақ жұмыс берушілерді, мемлекеттік органдардың
өкілдерін, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын
жұмылдыра отырып, көлік, ауылшаруашылық, туристік салаларда
салалық кеңестер құрылды.
Осылайша, ТжКБ жүйесіне ұлттық, салалық және аймақтық
деңгейлерде ведомствоаралық басқару моделі енгізілді. Оны ұлттық
кеңес пен салалық, аймақтық және сенімгерлік кеңестері құрайды.
Алайда мұндай әсер ету жүйелік сипатта болмайды. Ол тиісті
институциялық тетіктер болған кезде анағұрлым тиімді болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта келесі мәселелерді шешуде мемлекеттік реттеу жоқ:
ұйымның кәсіби және біліктілік стандарттарын әзірлеу және бекіту
үшін жакапкершілікті бөлу: біліктілікті әзірлеу, бекіту, қолдау және
мойындау жөнінідегі ұйымдардың мәртебесі жоқ.
Құзыреттілік негізінде біліктілік шеңбері барлық тұлғалық
тәжірибені ескеретін болғандықтан, ал адамның құзыреттілігі
отбасында, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру, формальды
және формальды емес білім беру жүйесінде, әлеуметтік тәжірибе
арқылы қалыптасатындықтан, біліктілік шеңбері барлық білім беру
жүйесін реформалау негізіне жатады.
14
Мамандардың біліктілігін растау мен біліктілік берудің тәуелсіз
жүйесін құру Жолдауында
1
, «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам
» мақаласында
2
,
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
3
.
«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам
»
мақаласында (2012) ҚР Президенті Н. Назарбаев еңбектің білікті
нарығында ұсынылған барлық тараптарды - білім жүйесі, мамандар мен
бизнес арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертуге бағытталған
біліктілікті беру мен растаудың тәуелсіз жүйесін құру туралы тапсырма
берді. Президент сондай-ақ нормативтік маңызға ие болып қана
қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» болып
табылатын Ұлттық біліктілік жүйесін (ҰБЖ) құру жөніндегі барлық
жұмыстарға барынша екпін беру қажеттігін атап айтты. 5-
шақыруындағы ҚР Парламентінің 2-сессиясының ашылуында сөйлеген
сөзінде ол кәсіби біліктілік жүйесі туралы жаңа заң қабылдау міндетін
қойды.
Бұл ретте кәсіби даярлықты бағалау және біліктілікті растау
ҰБЖ-нің бір бөлігі болып табылады (Қазақстан Республикасы Еңбек
кодексінің 138-2, 138-6 баптары) және мамандардың кәсіби даярлығын
аккредиттелген органдардың сырттай және тұрақты бағалауын
білдіреді.
Ұлттық біліктілік жүйесін және Ұлттық біліктілік шеңберін
дамытудан келіп түсетін әлеуметтік пайда кәсіби және білім беру
стандарттарымен тығыз байланысты, Мұның барлығы білім беру
бағдарламалары мен кәсіби даярлық бағдарламаларының сапасын
жақсартуға, формальды емес оқытуды және жұмыс орнындағы
оқытуды тануға септігін тигізеді.
1.2. Еңбек ресурстарын дайындау жүйесін реформалау
саласындағы халықаралық тенденциялар
1
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы
2
«Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам
»
мақаласы, 2012 жылғы 10 шілдедегі Казахстанская правда
3
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 жарлығымен бекітілген
15
Әлемдік бірлестік техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға
көмектесу арқылы еңбек кадрларын даярлау салаларын реформалауға
басты назар аударады. ТжКББ дамыту және жетілдіру жөніндегі
халықаралық конгрестер Берлинде (1987), Сеулде (1999) және
Шанхайда (2012) өтті. 1989 жылы ТжКББ жөніндегі Конвенция
қабылданды.
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 2001 жылы ЮНЕСКО-ның
«XXI ғасырдағы техникалық және кәсіптік білім туралы» ұсыныстары
қабылданды. Осы құжатта қызметкерлердің құзыреттілігі мен бәсекеге
қабілеттігін арттыруды дамыту қажеттігіне көңіл бөлінді.
ЮНЕСКО-ның ұсыныстары жұмыс, азаматтық және тұрақтылық
үшін оқыту жөніндегі Бонн декларациясында (2004); даму жөніндегі
G20 іс-әрекеттер жоспарында (Сеул, 2010);
аса дамыған мемлекеттер
министрлер кездесуінің (LCDs') БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі
конференциясының 13-сессиядағы декларацияларында (Доха, сәуір
2012);
Шанхай конгресін дайындау шеңберінде ұйымдастырылған екі
аймақтық кеңес беру кездесулерінің қорытындыларында (Оман
декларациясы және Монтего Бей декларациясы); Африкада білім беруді
дамытуға
арналған
қоғамдастықтардың
триеннал-2012
материалдарында ары қарай дами түсті.
2012 жылдың мамырында Шанхайда «ТжКББ өзгерте отырып,
жұмыс пен өмір үшін кәсіптік дағдыларды қалыптастыру»
тақырыбында Халықаралық техникалық және кәсіптік білім беру және
оқыту (ТжЕББ) жөніндегі үшінші конгресс өтті. Конгресс ТжКББ-дің
тұрақты дамуға және ТжКББ қолдау, ТжКББ-ға деген қол жеткізуді
қолдау, тарту және теңдік, тұрақты даму мен әлем мәдениетіне оқыту
үшін мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктер арасындағы
стратегиялық бағыттарды белгілеуге қосқан үлесін жақсы түсінуге
бағытталған Ұсыныстарды қабылдады (А қосымшасы).
Ұсыныстар
ТжКББ-ның бәріне арналған (EFA) мақсаттарға және Мыңжылдық
(MDGs) мақсаттарына
жетуге үлес қосуы керектігін, сондай-ақ БҰҰ-
ның тұрақты даму жөніндегі Rio+20 конференциясы (20-22 маусым
2012ж.) және 2015 жылдан кейінгі кезеңде халықаралық білім беруді
дамыту жөніндегі халықаралық пікірталастар шеңберінде оның өсу
қажеттігін атап көрсетті. Шанхайда өткен ТжКББ конгресінің
қатысушылары үкіметке және Юнеско мемлекеттеріне мүше басқа да
стейкхолдерлерге конгресс жұмысының барысында анықталған
шақыруға жауап ретінде келесі жұмыстарды атқаруға ұсыныс жасады:
ТжКББ-ның маңыздылығын/өзектілігін күшейту
Қарқынды дамып жатқан еңбек нарығында, экономикада және
қоғамда ТжКББ маңыздылығын күшейтуді қамтамасыз ету үшін қазіргі
16
және болашақтағы уақытта дағдылардағы қажеттіктерді анықтауға
арналған тетіктер мен құралдарды жаңарту және дамыту керек:
ТжКББ-ның біліктілігі мен бағдарламаларының бөлігі ретінде
«жасыл» экономика және «жасыл» қоғам үшін оқытуды және төмен
көміртекті және климат сақтаушы өсім мен даму қажеттілігіне қарсы
«көктеп келе жатқан» бағдарламаны кіргізу керек;
жұмыс орнында және бүтін қоғамда болып жатқан өзгерістерге
жауап беру үшін ТжКББ-да ақпараттық және қарым-қатынастық
технологиялардың (ICTs) бірігуін қолдау керек;
жеке дағдылардың жетіспеуінен зиян шегетін мамандықтарға
ерекше көңіл аудару керек;
жергілікті/оқшауланған ерекшеліктер мен сұраныстарға көп
назар аудару керек
тиісті стейкхолдерлерді оқу жоспарын жоспарлауға, басқаруға,
әзірлеуге, біліктілік жүйесін дамытуға және оқу орындарының
кәсіпорындармен бірлесуі сияқты теңдей тиімділігін бағалауға және
жұмыс орнында оқытуға белсенді түрде қатыстырудың шеңберін және
ынталандырушы тетіктерін дамыту керек,
ТжКББ-ге қол жетімділікті кеңейту және сапа мен теңдікті
дамыту
сабақ беру мен оқыту үдерістерін жақсартуға бағытталған тиімді
саясаттар әзірлеу керек. Әсіресе, ТжКББ оқытушы кадрларының
біліктілігін арттырудың тиімді саясаттары мен шеңберін әзірлеу керек,
барлық деңгейлер үшін оқыту стандарттарын дамыту және күшейту
керек;
сапа өлшемдерінің стандарттарын анықтаумен қоса, ТжКББ
оқытылатын барлық жерлерде, ТжКББ-ны оқытудың барлық
түрлерінің сапасын жетілдіру үшін барлық күш-жігерін салу керек;
«мәселелерді шешу» және «сыни тұрғыдан ойлану», кәсіпкерлік
дағдылары және білім алушыларды тұрақты өмір және тұрақты табыс
дағдыларымен жабдықтау үшін өзгерістерге бейімделу қабілеті сияқты
аралас дағдыларға қолдау көрсету керек;
ТжКББ сапасы мен әсіресе білім алушылардың осал топтары
үшін – ерекше мұқтаж, маргиналды және ауыл топтары, көшіп-
қонушылар және дау-дамайлар мен апаттардан зардап шеккендер үшін
бар жағынан қамтылуын қамтамасыз ету үшін инновативтік өлшемдер
қолдану керек;
кыздар мен бозбалалардың, әсіресе еңбек нарығының қатаң
талаптары қойылған салалардағы ТжКББ бағдарламаларына теңдей қол
жеткізуін ұсыну арқылы гендерлік теңдікке септігін тигізу керек және
17
ТжКББ оқу жоспарлары гендерлік алғышарттарды қамтымайтынына
кепілдеме беру керек.
Біліктіліктің бейімделуі және даму жолдары
дамудың икемді жолдарын қолдау керек және айқын, нақты
тұжырымдалған және біліктілік жүйелерінің нәтижесіне бағытталған;
бағалаудың сенімді өлшемдері; біліктілікті мойындау және растау,
оның ішінде халықаралық деңгейде; ақпарат алмасу және сенімді
дамыту; барлық маңызды стейкхолдерлер серіктестігі арқылы жеке
оқытуды жинақтау, мойындау және беру керек;
барлық деңгейлерде икемді траекторияларды қамтамасыз ету
және «Бүкіл өмір бойғы оқу» стратегиясының бөлшегі ретінде білім
алушылардың жоғары білімге деген қызығушылыған тудыру үшін
ТжКББ-ның жалпы білім берумен байланысы болуы керек. Барлық
траекториялардың жастарды дағдылармен, сауаттылықтың жақсы
деңгейімен
және
санай
білумен,
өзгермелі
дағдылармен,
құндылықтармен және тәсілдермен бірге еңбек нарығының релевантты
талаптарымен қамтамасыз етуге кепіл болуы керек;
еңбек нарығының сұраныстары бойынша жаңартылған ақпарат
берумен қоса, тиісті стратегияларды таңдауда білім берушілерді қолдау
үшін
мамандықтар және (мамандыққа) бейімділікті және
қызығушылықты анықтау, сондай-ақ кәсіби менеджмент дағдыларын
алу үшін өзін-өзі дамыту құралдары бойынша жол көрсеткіштер
жүйесін әзірлеу керек.
Құжаттық/реттеу базасын жақсарту/жетілдіру
сандық
және
сапалық
құжаттардың
коллекциясын/жинағын/жиынтығын жақсарту, оқытушылар және
мастерлер/тренерлер, олардың мониторингі және бағасы бойынша
мәліметтер базасымен қоса, ұлттық саясатты қалыптастыру үшін
шеңберлер мен құралдарды күшейту керек. Бұған тиімділікті және
саясаттар сапасын өлшеу құралдарын дамыту кіруі керек;
әлеуметтік серіктестік мүмкіндіктері мен азаматтық қоғамның
осы үдерісті дамытуға қосқан үлесін қоса алғанда, саясат даму
циклдерінде
фактілерді тиімді пайдалану бойынша ұлттық
қуаттылықтарды кеңейту/күшейту керек;
ақпараттық базаны дамыту және эксперименттік базаға
негізделген саясатты қалыптастыруға қолдау көрсету тұрғысынан
ТжКББ-да зерттеу бастамасын күшейту керек;
ұлттық мәліметтер базасы және халықаралық стандарттар мен
бастамалар байланысын қамтамасыз ету керек;
ТжКББ басқаруды күшейту және серіктестік орнату
18
кәсіпкерлік өкілдерін, жұмысшыларды, білім алушыларды және
жастарды қоса, азаматтық қоғамды қатыстыратын шеңберлер мен
тәсілдер құру керек;
аймақтық және арельды ынтымақтастық шеңберінде ТжКББ
үшін серіктестікті дамыту керек.
ТжКББ-ға
салынатын
инвестицияларды
көбейту
және
қаржыландыру көздерін түрлендіру
ТжКББ-ны жекелілік, бизнес-құрылым, кәсіпорын және
мемлекетті қоса, қатысушылардың тобына пайда әкелетін жоғары
дәрежелі қайталамамен бірге адам капиталының дамуына инвестиция
ретінде анықтау және ТжКББ-ға «жоғары басымдылық» мәртебесін
беру керек;
барлық стейкхолдерлерді, әсіресе тиісті уәждемелік тетіктер
арқылы жұмылдыру арқылы ТжКББ-ны қаржыландыру көздерін
әртараптандыру керек;
Осал топтардың ТжКББ-ға, «жасыл» жұмысты қоса алғандағы
жұмысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мақсатты қаржы
схемаларын қолдау керек.
ТжКББ насихаттау
экономикалық амандық пен қоғам бірлігін қолдаудағы ТжКББ-
ның маңызды рөлін ескеру керек;
БАҚ қолданумен және олардың ТжКББ қамтамасыз ететін
прогреске жету, жұмысқа орналасу және өзін-өзі дамыту мүмкіндігі
туралы ақпараттандыруды қоса, білім алушылар, отбасылар және басқа
мүдделі стейкхолдерлер арасында ТжКББ қоғамдық беделін және
тартымдылығын көтеру керек.
Жеке институттармен және азаматтық қоғаммен бірге барлық
қатысушыларды (көпжақты да, екіжақты да ) қоса алғандағы
халықаралық бірлестіктің белсенді ат салысуы ТжКББ шешуі тиіс
өмірлік маңызды міндет болып табылады, Шанхайда өткен конгресс
қатысушылары төмендегілерді ұсынды:
жастар жұмыссыздығы мен олардың жұмысқа орналасу
мәселелерінде ТжКББ-ның атқаратын қажетті рөлін мойындау;
2015 жылдан кейінгі кезеңде халықаралық білім беруді дамыту
және тұрақты даму тәртібінің интегралды бөлігі ретінде ТжКББ қол
жетімдігі мен қолдауды қамтамасыз ету;
ТжКББ саласында саясаттарды әзірлеуге арналған белгілі
бағытқа қозғалу/жүру бағытын басқарудың пайдалы іс-әрекетінің
жоғары коэффициентіне ие дәйекті және тұрақты негіздемені
қамтамасыз ету үшін зерттеу мен талдауды дамытуға ерекше көңіл
бөлу;
19
халықаралық
ынтымақтастықты
ТжКББ-ның
ұлттық
мұқтаждықтарымен біріктіру/қосу және даму бағдарламаларына
қатысушыларды күшейту ұүін сектораралық стратегияларды құру,
сондай-ақ осы саладағы қолдауды ары қарай ынталандыру;
LDCs, SIDS және дау-дамайлар мен апаттардан зардап шеккен
мемлекеттерге ерекше ілтипат көрсету;
өздері тап болған ерекше шақыруға көңіл бөле отырып, табыс
деңгейі төмен (MICs) мемлекеттерге назар аудару;
Оңтүстік-Оңтүстік және Солтүстік-Оңтүстік-Оңтүстік желілері
бойынша
ынтымақтастықты
қолдай
отырып,
саясаттармен,
құралдармен және пікірлермен халықаралық алмасу үшін барабар
платформаларды қамтамасыз ету.
1.3 Еуроодақ тәжірибесі
Әсіресе ҰБЖ Еуроодақ елдерінде әзірленуде.
Еуропада кәсіптік оқыту мәселелерімен 1975 жылдан бастап
Cedefop – Еуропалық кәсіби даярлықты дамыту жөніндегі орталық
айналысуда. Оның басты міндеті барлық Еуропалық Одақ елдерінде
білім беру мен кадрларды даярлаудың дамуына қолдау көрсету болып
табылады.
Cedefop – Еуропалық комиссиямен, мемлекеттік үкіметтерімен,
кәсіпкерлер мен сауда федерацияларының өкілдерімен, сондай-ақ
ғадымдармен және мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс
істейтін кәсіби орталық.
Орталықтың міндеттері – ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу,
дамыту және басқару; тиісті ақпарат және құжаттама жинау;
ынтымақтастықты дамыту және білім беру мен кәсіби даярлықты
дамытуға жалпы тәсілдер құру; талқылау үшін форум құру;
Кәсіби-біліктілік саласындағы жұмыс күшінің сұранысы мен
ұсынысы арасындағы маңызды сапалық алшақтық ҰБЖ әзірлеудің
объективті қажеттігі болып табылады.
Сондықтан Болон процесінің
Еуропалық біліктілік құрылымын әзірлеуі және қабылдауы заңдылық
(2005ж. Берген қ.).
2007 жылдың қазанында Туринде Әлемдік банк пен «Cedefop»
Еуропалық кәсіптік білім беруді дамыту орталығы еуропалық біліктілік
аймағын құру және халықаралық келешекте ұлттық біліктілік шеңберін
(ҰБШ) қарастыру қажеттігі туралы мәселелерді талқылады. Осы
форумда Еуропа елдерінің келесілер жатқызылатын біліктілік және
мобилділік салаларындағы техникалық және кәсіптік білім беру
жөніндегі ынтымақтастығының қорытындылары талқыланды:
20
- EUROPASS біліктілігі мен құзыреттілігіне арналған ашықтықтың
бірыңғай шеңбері;
-
еуропалық біліктілік шеңбері (ЕБШ);
- ТжКББ-да сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жалпы шеңбері;
- формальды емес және ресми емес білімді шын деп танудың
жалпы ұстанымдары;
- бүкіл өмір бойы – Кеңес ұсынысы - оқыту саясатын, жүйелерін
және тәжірибесін нығайту;
- ТжКББ бойынша сынақтар жүйесі (ECVET – Еуропалық кәсіптік-
техникалық білім беру және оқыту бойынша сынақтар жүйесі);
- біліктілікті тану туралы нұсқама;
Еуропалық біліктілік шеңберін сынақтан өткізу және әзірлеу,
ұлттық/салалық шеңбер әзірлеу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
2008 жылы Еуропалық парламент ЕО мүше-мемлекеттерде
академиялық дәреже мен біріктілікті салыстыруды қамтамасыз ету
құралы – Еуропалық біліктілік шеңбері ресми түрде қабылданды (В
қосымшасы). ЕБШ өздері қамтитын еуропалық ұлттық біліктілік
шеңбері мен біліктілік арасындағы қарым-қатынасты айқын ететін
біліктілікті шеңберлік сипаттау болып табылады. ЕБШ – сондай–ақ
ұлттық біліктіліктерді салыстыру тетігі.
Еуропалық біліктілік шеңберінің ұсыныстары мемлекеттерді 2010
жылға қарай өздерінің ұлттық біліктілік деңгейлерін ҰБШ-ға
сәйкестілікке келтіруге шақырды. Осы міндетті мерзімінде орындау
және салыстыру үдерісінің түсінікті болуын, қатысушы мемлекеттердің
мүдделі тараптары осы үдеріске сенім білдіруін қамтамасыз ету
мақсатында, ЕБШ осы үдерісті реттейтін өлшемдер мен рәсімдердің
топтамасын құрастырды.
ЕБШ біліктіліктің бір деңгейінің екінші деңгейінен сапалы
айырмашылығын анықтайтын білім, шеберлік және құзыреттілік (осы
жағдайда жауапкершіліктің, күрделіліктің және автономдықтың деңгейі
ретінде түсінілетін) терминдерінде сипатталған сегіз деңгейден
тұратын мета-шеңберді білдіреді. ЕБШ мемлекеттер арасындағы
біліктіліктерді салыстыруға мүмкіндік береді және ҰБШ әзірлеудің
бағыты болып табылады.
Еуроодақ шеңберінде Ұлттық біліктілік шеңбері ұлттық және
халықаралық
деңгейлерде
танылатын
біліктіліктің
бірыңғай
көпдеңгейлі жүйесі ретінде анықталады, сол арқылы оқыту
нәтижелеріне өлшеу мен олардың өзара байланысы жүзеге асырылады,
сондай-ақ білім туралы дипломдар мен куәліктердің арақатынасы
белгіленеді.
Біліктіліктің ұлттық шеңбері немесе жүйесі және оның
біліктіліктері оқыту нәтижелерінің ұстанымы мен мақсаттарына
21
негізделген және формальды емес және ресми оқытуды тексеру
жөніндегі іс-шаралармен және егер мұндайлар болатын болса, несиелік
жүйелермен байланысты.
ҰБШ біліктілік жүйесінің негізі болып табылады және игерілген
білім деңгейінің өлшемдер жиынтығы базасында біліктілікті жіктеуге
арналған құрал болып табылады. Өлшемдердің осы жиынтығы
деңгейлер дескрипторларға (сипаттамаға) салынуы керек немесе
деңгейлер
дескрипторларының
нақты
тізбесі
түрінде
жеке
қалыптасады.
Біліктілік жүйесінің болуы кәсіптік білім беру кеңістігінде
азаматтардың тігінен мобильділігі ретінде де, бір кәсіптік
траекториядан басқасына жекелеген біліктілікті ресми тану тетігі
жүйесінде орнату есебінен
дамыту үшін
өте маңызды. Осы тетік
азаматтардың өзіндік мұқтаждықтарына және бүкіл өмір бойы олар
үшін қолайлы уақыттағы қабілеттеріне сәйкес білім алуына мүмкіндік
береді.
Еуропалық тәжірибені ескере отырып, ұлттық біліктілік жүйесін
құру, сертификаттау саласында әлемдік көшбасшыларды жұмылдыра
отырып, біліктілік пен білім беру бағдарламаларын сертификаттау
жүйесін енгізу «Еуропаға жол» (2009-2011 жылдар) мемлекеттік
бағдарламасында қарастырылған
.
ЕБШ трансшекаралық мобильділікті қамтамасыз етудің өзекті
тетігі мен жеке мемлекеттер деңгейінде бүкіл өмір бойы оқыту
стратегиясын жүзеге асырушы ретінде және мемлекеттер ішінде
реформалаудың және бәрін қамтитын ұлттық біліктілік шеңберін
әзірлеудің қозғаушы күші мен катализаторы ретінде мүше-мемлекеттер
тарапынан анық байқалатын сұраныс пен мықты қолдау көрсету
барысында жеке мемлекеттерде катализатор ретінде қабылданады.
ЕБШ енгізудің кілті – ұлттық біліктілік шеңбері, яғни біліктілік
жүйелерін
интеграциялау
және
үйлестіру,
біліктіліктің
айқындылығын, қол жетімділігін, түсу қозғалысын және сапасын
қамтамасыз ету үшін оқытудың қол жеткізілген деңгейлері бойынша
біліктіліктер.
Сегіз деңгейлі ЕБШ сондай-ақ кіші жүйелер арасындағы байланыс
(мысалы, жоғары білім және ТжКББ) мәселелерін шешетін кешенді
мета-негіз болып табылады.
Жұмыс күші мобильділігінің күтілген дамуына байланысты
Cedefop біліктіліктің салыстырмалылығына көмектесу үшін кәсіптік
білім беру мен оқытудың бес деңгейлі біліктілік шеңберін әзірледі.
Еуропалық комиссия 2010 жылы «Ақылға қонымды, тұрақты және
біріктіруші дамуға арналған стратегия: Еуропа 2020» құжатын әзірледі.
Еуропалық мемлекеттердің дамуын тездету үшін жетекші жеті
22
бастама, оның ішінде «Жаңа дағдылар мен жұмыс орындары үшін күн
тәртібі» бастамасы көтерілді, оның міндеті – еңбек нарығын жаңалау
және еңбек мобильділігін дамытумен қоса, бүкіл өмір бойы
азаматтардың нарық талаптарына сәйкес келу дағдыларын дамыту
арқылы оларға көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |