Шет мемлекеттердің Ұлттық біліктілік жүйесін



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата04.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#1155
1   2   3   4   5   6   7   8

Малайзияда  БҰШ  жасау  2003  жылдың  маусым  айында,  бірінші 

семинар  өткен  кезде  басталды.  Бұл  семинарда  барлық  біліктіліктерді 

бір  өзара  байланысты  жүйеге  біріктіретін  шеңбер  құру  туралы 

талқыланды. Малайзия БҰШ толығымен 2007 жылы қабылданды. 

Ол  барлық  мемлекеттік  және  жеке  секторларда  орналасқан  білім 

беру  және  оқу  мекемелері,  колледждер,  университеттер,  кәсіптік-

техникалық  мекемелер  ұсынылатын,  біліктіліктердің  бірегей  жүйесі 

болып  табылады. 

Малайзия  БҰШ  білім  беру  нәтижелеріне  негізделеді,  сондағы 

оқыту  көлемі  сәйкес  біліктілікті  алу  үшін  қажетті  несиелер  түрінде 

көрсетілген. 

Олардың  жүйесі  мектеп  білім  беру  базасындағы  біліктіліктен  

басқа, барлық біліктіліктерді қамтитын, сегіз дәрежеден тұрады.  

Жүйе  үш  жүйеқұраушыдан  тұрады:  жұмыс  орнында  оқытуға 

есептелген  және  қысқа  мерзімді  өндірісітік  оқыту  және  «Кәсіптік 

тәжірибелердің  Ұлттық  стандарттары»  аталатын,  тәжірибелердің 

бесдәрежелі жүйесі; 

Мемлекеттік    политехникалық  институттар  мен  жергілікті 

колледждерде  берілетін  кәсіптік  және  техникалық  біліктіліктер 

стандарттарының жүйесі; 

 және  жоғарғы  білім  беру  базасындағы  біліктілік  стандарттар  

жүйесі. 

1993  жылы  кәсіптік  тәжірибелер  біліктілігінің  стандарттарының 

Ұлттық  жүйесі  (The  National  Skills  Qualification  Framework)  іске 

қосылды. 

  

 

Оның  негізін  тәжірибелерді  дамыту  секторлары  үшін  кәсіптік 



тәжірибелер  Ұлттық  стандарттарының    бір  бөлігі  болып  саналатын, 

тәжірибелерді  алу  туралы  сертификаттардың  бесдәрежелі  жүйесі 

құрады. 

Бұл біліктіліктер нәтижелерде және құзіреттердің негізгісы болып 

көрсетілген.   

 Жүйеге  кірмеген,  мектеп  білім  беру  базасындағы  біліктіліктер, 

мектептердің  әр  түріне,  сондай  ақ,  сапа,  дәрежесі  және  оқушыларды 

шығаратын  білім беру маршруттарына сәйкес көптеген нұсқаларда бар. 

Бұл  біліктіліктер,  жүйе  қамтитын  барлық  басқа  біліктіліктерге 

қарағанда, жоғарғы дәрежені алады. 

ҰБЖ  төрт  түрлі  салалық  ұйымдарға  арналған  –  университеттер 

және колледждер, политехникалық  институттар, жергілікті колледждер 

мен кәсіптік-техникалық даярлау орталықтары. 


43 

 

Бұл ұйымдардың қаржыландыруы мен әкімдеу жұмыстарымен үш 



жүйе  айналысады:  университеттер    мен    колледждер  үшін, 

политехникалық    институттар  үшін,  жергілікті  колледждер  мен 

кәсіптік-техникалық даярлау орталықтары үшін.   

Кәсіпкерлік  бірлестіктер  өз  ресми  құжаттарын  береді,  кейбір 

ұйымдар  шетелдік  біліктіліктерді  алады.  Осының  нәтижесінде 

Малайзияда  ҰБЖ  жасау  процесі  бірнеше  параллельді  бағыттарда 

дамиды.  

Білім беру мекемелерінің мынандай түрлері болады: 

1)  мемлекеттік  университеттер,  политехникалық    институттар, 

қоғамдық колледждер және педагогикалық оқу орталықтары; 

2)  жеке  университеттер,  университеттік  колледждер,  шетел 

университеттері мен  колледждерінің бөлімшелері (кампустары) . 

Қоғамдық  колледждерде білім алудың мақсаты,кәсіптік білім алу, 

қайта біліктендіру және біліктілігін көтеру болып табылады.  

Политехникалық  институттар  кәсіпкерліктер  мен  өндірістік 

ұйымдармен серіктесу арқылы жасалған бағдарламаларды ұсынады.  

Екіжылдық оқуды бітірген  соң  студенттер сертификат алады, ал, 

үш жылдық курсты аяқтаған соң диплом алады.  



Ресей  Федерациясының  БҰШ  Еуропалық  біліктілік  шеңберін 

құру  тәжірибесі  есебімен,  Болонский  және  Копенгаген  процесстерінің 

қатысушы – елдерінің ұлттық шеңбері есебімен құрылған. 

Ресей  БҰШ  9  дәрежелерге  бөлінген,  әр  біліктілік  білім  беру 

бағдарламасы  немесе  тәжірибелік  дағдыны  игеру  нәтижесі  болып 

табылады. 

ҰБЖ  құраушылары  мамандықтардың  және  ақпаратты  кодтау 

бірегей топтастыру жүйесіне арқа сүйенген.  

 

 Ол    үш  басқа  біліктілік  жүйелеріне  қатысты  үйлестіру  құралы 



ретінде  қызмет  істеуі  қажет:  Жалпы  ресейлік  жұмыскерлердің 

кәсіптері,  қызметкерлердің  лауазымы  мен  тарифтік  бірліктерін 

жіктеуіші;  Жалпы ресейлік сабақтар жіктеуіші мен Бірыңғай біліктілік 

анықтамалығы.  Бұл  жүйе  Ресей  мемлекетінің  денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік дамыту Менистрлігінің қарамағында. Осымен бірге, Жалпы 

ресейлік білім беру біліктіліктеріне арналған мамандар жіктеуіші бар.  

Деңгейлердің қарама-қайшы емес суреттеуін қамтамасыз ету үшін  

үш  параметр  пайдаланылады:  білім,  іскерлік  және  кең  құзырет, 

олардың  әрекетте  бірге  пайдалануы  жеке  тұлғаның  толық  құзыретін 

жасайды.  Алайда,  әрбір  біліктілік  үшін    әрқайсы  жеке  параметр  іс-

әрекеттегі  жеке  және  жалпы  түрде    өлшенуі  мүмкін.  «Кең  құзырет» 

терминіне  жауапкершілік,  азат  және  стандарттық  емес  деңгейі  сияқты 

іс-әрекеттің  сипаттарын  көрсете  отырып  шартты  сипаты  бар  ЕРК 


44 

 

аппаратымен салыстыруды қамтамасыз ету  үшін НРК параметрлеріне 



енгізілген.   

Біліктіліктің  алғашқы    8  деңгейі  Еуропалық  біліктілік  шеңберіне 

сәйкес  келеді.  Тоғызыншы  деңгей  Ресей  үшін  дәстүрлі  Еуропада 

ұқсастығы  жоқ  ғылым  докторларының  жоғары  біліктілігін  көрсетеді.  

Төменде көрсетілген НРК (сондай-ақ ЕРК) негізінде жатқан деңгейлер 

критерийлері  суреттеу  жүйесінің  шеңберін  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндігі  бар  әмбебап  көрсеткіштерге  негізделгендігін  айрықша  айта 

кету  қажет.    Деңгейлерді  дифференциациялау    үшінүш  көрсеткіштің 

біреуінде  өзгерту  жасау  жеткілікті.  Ресей  Федерациясының  Ұлттық 

біліктілік  құрылымында  біліктілік  деңгейлерін  сипаттау  құрылымы 

Еуропалық  біліктілік  шеңберіне  ұқсас  беріледі:    «білім  –  іскерлік  – 

жалпы құзыреттілік» жиынтық көрсеткіштері пайдаланылады. Олардың 

әрқайсысы  келесі көрсеткіштерді есепке ала отырып сипатталады:  

-  Кең  құзыреттер:  қосымша  көрсеткіштер  –  бағынышсыздық 

деңгейі/құзыреттердің  кеңдігі,  жауапкершілік  деңгейі;  белгісіздік 

бөлшегін есепке ала отырып, орындалатын қызметтің қиындығы.   

-  Бағынышсыздық  деңгейі/құзыреттердің  кеңдігі  еңбек  әрекетінің  

құрылымдығымен/  реттеуіш  деңгейімен,  өз  қызметіне  немесе 

басқалардың  қызметіне  басшылық  жасау  деңгейімен,    юбасқалардың 

қызметіне  басшылық  жасауға  қатысу  деңгейімен  және  оның  

көлемімен,  басқалар  оқытуды  және  өзінің  оқуында  қатысу  деңгейімен 

(осындай оқуды жоспарлау мен  ұйымдастыру) анықталады.  

-  Жауапкершілік  құрылым,  ұйым,  сала    (әлеуметтік,  экологиялық 

және  т.б.  зардаптар)    үшін  мүмкін  болатын  қателіктің  бағасымен 

байланысты.   

-Іс-әрекеттің 

қиындығымен:  көрсеткіштер  –  орындалатын 

қызметтердің  түрлілігі,  қызметтердің  қарапайымдылығы/қиындығы; 

еңбек  жағдайының  айқынсыздық  деңгейі  және  оның  дамуының  алдын 

ала болжай алмаулығы.  

-  Білім:  қосымша  көрсеткіштер  –  пайдаланылатын  білімдердің 

және  ақпараттардың  көлемі  мен  қиындылығы;  олардың  дерексіздігі  

(теориялық/практикалық сабақтардың басымдылығы). 

Іскерлік  басқару  және  қарапайым/қиын,  практикалық, 



аналитикалықтарға, мәселелерді шеше білуге бөлінеді.   

Ресейде БҰЖ мен ТжКБ құрамына: 

1) ұлттық біліктілік шеңбері;  

2) салалық біліктілік шеңбері; 

3) кәсіптік стандарттар; 

4) кәсіптік даярлықты бағалау мен маманның біліктілік сәйкестігін 

растау кіреді.  


45 

 

Міндетті  кәсіптік  білім  бағдарламасын  игерген  кезден  соң  да 



біліктіліктің  барлық  деңгейлері  алынбайтығын  айта  кету  қажет.  

Ресейдегі салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеудің қолда бар тәжірибе 

көрсеткендей  қандай  да  бір  деңгейдегі  біліктілік  қандай  ба  бір  еңбек 

қызметінен  соң  ғана  алынады.  Яғни,  шеңбер  қолда  бір  білім 

деңгейлерімен  сәйкес  келуі  қажет,  бірақ  олармен  шектелмеуі  қажет. 

Басқаша айтқанда, оқыту бағдарламалары білім беру жүйелерімен емес 

(АКБ  немесе  ОКБ  бағдарламасы),  біліктілік  деңгейімен  сәйкестендіру 

қажет.  


Ол үшін ең алдымен, кәсіптік қызмет салаларының, еңбек/кәсіптік 

қызмет  түрлерінің  және  оқыту  бағдарламасының  номенклатурасының 

арасындағы сәйкестікті анық белгілеу қажет.  

Кәсіптік/  еңбек  қызметінің  түрімен    еңбек  қызметтерінің 

жиынтығымен жасалған кәсіптік қызмет саласындағы негізгі бөлік деп 

танылады және оның құзыретерінің орындау үшін қажет.   

Кәсіптік    қызмет  саласына  кәсіптік  қызметтерінің  түрлерін 

біріктіру  кәсіптік    стандарттарға  сәйкестігін  кепілдендіретін  кәсіптік 

стандарттарды, 

кәсіптік 

біліктіліктерді 

(біліктілік 

салаларды/стандарттарды) қалыптастыру және білім беру мен іскерлікті 

(формалды  және  формалды  емес)  айқындауға  қажетті  мақсатымен 

жүзеге асырыды.  

    Эстонияның    біліктілік  жүйесі  мемлекеттің  экономикасын 

дамытуда кәсіптік жұмыскерлердің маңыздылығын есепке ала отырып, 

мемлекеттің    бәсекеге  қабілеттілігін  қолдауда  үлкен  рөл  атқарады. 

Жөнге  салынған    біліктілік  жүйесі    тұрақты  оқыту    принциптерін 

жүзеге  асыруға  көмектеседі  және  білім  беру  жүйесінің  тірегі  болып 

табылады.   

Эстониялық  біліктілік  жүйесінің  5  деңгейінде,  оның  ішінде  „I“  –  ең 

төменгі  деңгей,  және  сәйкесінше    „V“  –  ең  жоғары    деңгей.  Жүйе 

біліктілік  стандарттарды  құрады,  біліктілік  деңгейлерін  береді  және 

сәйкес  біліктілік  куәліктерін  береді.    Сондай-ақ,  сәйкес  саланың 

жұмыскерлері  мен  жұмыс  берушілерінің,  сала  бойныша  кәсіптік 

бірлестіктер  мен  бірлестіктердің,  сондай-ақ  министрліктің  уәкілетті 

өкіледерінің  арасындағы  серіктестікке  жәрдемдесетін  кәсіптік  кеңес 

бар. Кәсіптік кеңестердің қызметтерінің мақсаттары түрлі мекемелердің 

пікірлер  мен  ұсыныстарын  белгілеу  және  біліктілігін  беру  жүйесін 

әзірлеу,  енгізу  және  дамыту  кезінде    консенсусқа  қол  жеткізу  болып 

табылады.  

  Кәсіптік  кеңес  кәсіптік  саладағы  сарапшыларды  тағайындайды,  олар 

осы 


саланың 

негізгі 


мамандарын 

біліктендіреді, 

кәсіптік 

стандарттарды,  біліктілік  деңгейлерін  және  кәсіптерді  беру  сұлбасын 

әзірлейді.   


46 

 

  Біліктіліктің  Эстондық  сұлбасының  5  түрлі  біліктілік  деңгейлерін 



анықтайды.  

Олардың 


ішіндегі 

алғышқа 


үшеу 

міндеттерді 

орныдайтын 

мамандандырылған жұмыскерлермен байланысты, олардың күрделілігі 

әрбір деңгеймен көтеріледі.  I-ші  деңгейлі  жұмыскер  оқыту барысында 

кәсіптік  білім  мен  іскерлікті  иеленеді,  қажетінше  жұмыс  үрдісінде 

нұсқаулық  алады.    II  деңгей,  екәсіптік  білім  мен  іскерліктен    бөлек, 

тәжірибе  мен  дағдыны,  сондай-ақ  жұмысты  өз  бетінше  орындауды 

бағамдайды.  III  біліктілік  деңгей  түрлі  және  кезекпен  ауысатын 

жағдайларда  қиын  тапсырмаларды  орындауды  талап  етеді;  кәсіптік 

білім  мен  іскерліктен,  тәжірибеден  және  дағдыдан  бөлек,  сондай-ақ 

кәсіпкерлік шеберлік пенкәсіптік білімді/іскерлікті тапсыру мен жұмыс 

қорларын таратуға даярлық қажет.  

 IV-ші  және  V-ші  біліктілік  деңгейлерінің  талаптарына  басқару 

қызметі,  мәселелерді  шешуде  ғылыми  теориялар  мен  түсініктерді 

пайдалану жұмыс тапсырмаларының қиындылығы мен оларды орындау 

үшін  жауапкершілік    артып  келеді.    V-ші  деңгейдің  мамандары  қолда 

бар  білімдерді  жүйелеуге,  тереңдетуге  және  үйретуге  жауап  береді, 

күшті кәсіптік және мамандығымен байланысты білімі мен дағдылары 

бар,  қорлар  мен  жұмыстарды  және  басқа  адамдардың  жұмысын 

таратуды ұйымдастырады.  

 Кәсіптік  біліктілікті  беретін  орган–  біліктілік  тағайындайтын 

ұйымдар.  Әдетінше,  бұл  түрлі  жұмыс  берушілердің  одақтары, 

кәсіподақтар  мен  мемлекеттік  мекемелер.  Бекітілген  кәсіптік 

стандарттарға сәйкес әрбір осындай ұйым қандай ба бір деңгейге және 

белгілі  бір  мамандықтар  бойынша  біліктілік  беруге  құқылы.  Кәсіптік 

біліктіліктерді  беруге  жауап  беретін  ұйымдар    қазіргі  уақытта  

Эстонияда  85. 



 

Қорытынды 

 

Біліктіліктің  ұлттық  жүйесін  (ҰБЖ)  құру  бойынша  халық  аралық 

тәжірибені оқу  олар көлемі, яғни жалпы және кәсіптік білімнің барлық 

біліктілігін енгізу отырып,  көлемі бойынша, сондай-ақ формалды және 

спонтанды  оқыту,  немесе  тек  қане  кәсіптік  біліктілік  оқыту  және 

жоғары  білім  бойныша  ерекшеленетіндігін  көрсетті.  (Еуропа 

мемлекеттерінің,  сондай-ақ  Канада  мен  Австралияның  кәсіптердің 

біліктілік  ұлттық  біліктілік  жүйесін  біріздендіру  және  жетілдіру 

бойынша  өткізілген  жұмыстардың  қысқаша  шолуы  мен  мазмұны    

қосымшасында көрсетілген)

1.  БҰЖ  әзірлеу  кезінде  барлық  мемлекттер    келесі  мәселеге  тап 

болады:  кімнің  мүдделері  маңыздырақ  –  кәсіптік  дамуы  үшін  


47 

 

жағдайлар  жасалатын  жұмыскерге  немесе  білікті  жұмыскерлерге 



мұқтаж  жұмыс  берушілерге.  Алайда,  жұмыс  берушілердің  мүдделері 

білім  беру  мен  оқыту  стандарттарын  әзірлеуге  үшін  негіз  болып 

табылады. Бұл жерде жалпы білімнің әлеуметтік және мәдени маңызы 

бар  және  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  білімдерді  жалғастыруды 

қамтамасыз етеді, сондықтан да оның рөлін бағаламауға болмайды.  

2.  БҰЖ  әзірлеу  және  енгізу  кезінде  Еуроодақ  мемлекеттері    келесі 

жолдарды пайдаланды:  

 

-  біліктілік  шеңбері  мүдделі  тараптардың  түрлі  топтарының 



күтілетін нәтижелеріне жауап беруі және олардың қарапайым теңестіру 

және  біліктіліктің  сәйкес  шегіне  енгізу    жолымен  біліктіліктің 

түрлілігін  қамтуы  қажет    (Англия,  Франция  мен    Испанияда  жаңа 

амалдар); 

-  біліктілік  шегі  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бір  немесе  бірнеше 

сегменттерінде  критериәлерге  негізделген  біліктіліктерді  ұсынумен 

шектеледі  (голландалық,  неміс  және  Испаниядағы  жаңартылатын 

жүйе); 


-  еңбек  нарығындағы  жағдайды  дамытуды  есепке  ала  отырып 

жаңартылған біліктілік жүйесі (Нидерланды). 

Деңгейлердің  саны  білім  берудің  ұлттық  жүйесіне  байланысты. 

Осылайша, деңгейлердің қолайлы саны 10 құрайды. Біліктілік шегі 12 

деңгейді  құрайтын  мемлекеттер  де  бар.  Алайда,  БҰЖ  қалыптастыру 

кезінде  мемлекеттердің  басымды  бөлігі  біліктіліктің  8  деңгейлігін 

тарту.  

Қазіргі  заманғы  ұлттық  шектердің  көпшілігін  қалыптастыру 

әрекеттегі  біліктілік  жүйесінің  механизмдерінің  негізінде  жасалады. 

Деңгейлердің негізгі жиынтығын анықтау үшін  біліктілік жүйелерінің 

екі негізгі сипаттамасы пайдаланылады: білім беру жүйесінің біліктілігі 

мен  инфрақұрылымының  бағыныс  сатысы.  Ұлыбритания  және 

Ирландия  біліктілігінің  шегі  бірінші  амалдың  үлгісі  болып  табыла 

алады,  ал  білім  беру  жүйесінің  инфрақұрылымдарын  пайдалану 

Ресейдегі біліктілікті анықтау саласындағы қазіргі жағдай үшін тән. 

 

3.  Қиындық,  жауапкершілік  және  дербестіктен  тұратын  кең 



құзыреттердің  параметрлері    деңгейлерді  сапалы  бөлу  үшін  аса 

маңызды  болып  табылады  және  кәсіптік  стандарттарда  белгілейді. 

Кәсіптік 

стандарттардың 

талаптары 

біліктілігінде 

жатқан 

мемлекеттерге:  Австрия,  Болгария,  Франция,  Германия,  Румыния, 



Испания, Швейцария, Түркия және Ұлтыбритания енеді.  

 Осылайша,  көпшілік  мемлекетте  кәсіптік  стандарттардың  болуы 

мақсатқа  лайықтылық  болып  танылған,  ал  кейбір  мемлекеттерде 

осындай    стандарттар  әзірленбейді  (Ирландия,  Финляндия,  Норвегия, 

Швеция). Алайда ол  жерде де біліктіліктер   еңбек саласының өкілдері 


48 

 

оқыту  нәтижелерін  анықтау  мен  сипаттауға,  білім  беру  стандарттар 



ымен  бағалау  талаптарына  белсенді  түрде  қатысатындықтан, 

құзыреттерге  және  оқыту  нәтижелеріне  негізділген,    олар  еңбек 

қызметін  орындау  үшін  қажетті  құзыреттерді  анықтайды.  Яғни,  осы 

мемлекеттеде кәсіптік стандарттарды әзірлеу білім беру стандарттарын 

әзірлеу  үрдісіне    және  білім  беру  бағдарламаларының  талаптары  мен 

бағдарламаларына интегралданған.   

4.  БҰШ  әзірлеумен  айналысатын  барлық  мемлекеттерде  шек 

ұлттық  біліктілік  жүйесінің  бөлігі  ретінде  қарастырылады  және  БЕШ 

салыстырылатын мақсаты бар.  

  БҰЖ жобалау кезінде БҰШ ерекше назар аударылады:  

- еңбек нарығында талап етілген біліктіліктерді алуға алып келетін 

оқыту  траекториясын  құру  үшін  түрлі  деңгейлі  бағдарламалардың  

ауыспалылығын қамтамасыз ету;  

-  тек  қане  жұмыс  орындарында  ғана  емес,  сондай  ақ  жұмыс 

орындарында да оқыту үрдісін ұйымдастыру тәсілімен;  

-  оқуға  қолжетімділік  мәселелерін  қоса  алғанда,  оқушыларға  оқу 

үрдісіне көмек көрсету мәселелері;  

-  БҰЖ  әзірлеу  және  барлық  мүдделі  тараптардың  қызметін 

үйлестіру бойынша рөлдер мен міндеттерлі бөлу. 

5.  Халықаралық  тәжірибенің  жүргізілген  талдауы  Қазақстан 

Республикасының  біліктіліктің  ұлттық  жүйесін  әзірлеу  кезінде  оңды 

бөлшектерді,  қолжеткізілген  нәтижелерді  және  негізгі  ережелерді 

сәйкестендіру  мақсатымен,  сондай-ақ  еңбек  және  білім  беру 

саласындағы  халық  аралық  қоғамдастықтың  бірлестіру  шараларымен 

жүзеге асырылады.   

Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаетың  «Қазақстанды  әлеуметтік 

жаңғырту:    жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамына  жиырма  қадам» 

мақаласында  біліктіліктің  Ұлттық  жүйесін  құрудың  тек  қане 

нормативтік  маңызымен  қатар,  әрбір  мамандық  үшін  «жол  картасы» 

болып  табылатындығын  көрсетті.    Ол  кәсіптік  қызметінің  үрдісінде 

алынған  жұмыскерлердің  құзыреттерін  нақты  біліктілік  шарттарымен 

өзара байланысуына мүмкіндік береді.  

Осылайша,    біліктіліктің  Ұлттық  жүйесі  мен  шегін  құру  саяси 

шешімді  талап  ететін  күрделі  және  шығынды  үрдіс  болып  табылады. 

Қазақстанда оны қалыптастыру үшін білім беру және еңбек саласында 

сәйкес  заңнамалықты  жетілдіру,  БҰЖ  қызмет  етуі  мен  дамуын 

қамтамасыз  ету  үшін  сәйкес  институционалды  механизмдерді  құру 

басты шарт болып табылады.  



 

2. ҚР БҰЖ  құру және енгізу бойынша Ұсыныстар

 

2.1 Қазақстанда біліктіліктің ұлттық  жүйесін қалыптастыру 

49 

 

 

Дамыған    елдер,  жаңа  салада  жоғары  білімді  және  құзіретті 

мамандарды талап ететін, индустриалды дамуға ауысатыны мәлім.  

Қазіргі  әлем  үшін  ең    маңызды    мәселе  еңбек  жинақтылығын  

көтеру болып табылады. Осы  мәселе Қазақстанда шаралар  қолдануға 

түрткілейді.  Ең  бірінші    -  Ұлттық  біліктілік    жүйесін  және  Ұлттық 

біліктілік    шеңберін  енгізуді  бастау.  ҚР  БҰЖ  бойынша  ұсыныстарды 

талқылауға,  даулауға  болады,  бірақ  бастысы  –  осы    бағытта 

қозғалыстар  басталды.  

Бұл    кешенді    құжат,  қоғамның  назарын  болашақтың  негізгі 

мәселелеріне    аудару  керек:  адамға  –  кәсіптік  даму  болашағын,  оның 

білімдері  мен    қабілеттілігін.  Дамыған  сау  қоғам  құрудың  жолы  адам 

капиталын  көбейту.   

БҰЖ көптеген новаторлық  ұсыныстар бар,  соның ішінде оның 

элементтері ҰБШ, БСШ, КС қатысты, мысалы мыналар: 

Біріншіден,  еуропалық  Ұлттық  біліктілік    шеңберін  негіз  

ретінде  қабылдау. 

Екіншіден,  Ұлттық    біліктілік  жүйесінің  Агенттігін,  біліктілікті 

мақұлдау жүйесін, сондай-ақ, үстіртсіз  білім  беру және аяқ  асты білім 

беру  нәтижелерін    қабылдау  (осы  мәселенің  шешімін  бүкіл    әлем 

бүгінгі таңда қарастыруда) жүйелерін құру. 

Үшіншіден,  салалы  кәсіптік  стандарттарды  құру  және  бекіту 

процедураларының айқындығын орнатуға қажеттілік  туды.  

ҚР 

ҰБШ. 



Қазіргі 

уақытта 


Еуропамен 

толық  


сәйкескестендірілген,  Ұлттық  біліктілік  шеңбері  құрылды  және 

бекітілді.  

ҰБШ  салааралық    біліктіліктерді  салыстыруды    қамтамасыз    ете  

отырып,  біліктілік  салалық    шеңберін  (БСШ)  және  кәсіптік 

стандарттарды  құру    үшін  біліктілк    дәрежелерінің  бірегей  шкаласын 

анықтайды,  сондай  ақ,  мамандардың  біліктілігін  алу  және  сәйкестігін  

мақұлдайтын жүйе үшін негіз болып табылады.  

ҰБШ  –  ҰБЖ  басқа  мемлекет  біліктілік  жүйелерімен    салыстыру 

үшін маңызды құрал.  

ҰБШ мына қызметтерді атқарады: 

 

-  біліктілікті  еңбек  нарығының    талаптарымен  келісімдеу 



құралы ретінде қызмет ету;  

 

-  кәсіптік  қызмет  ету  үшін    қажетті  біліктілікті  алғыс  келетін  



немесе біліктілікті  өзгертетін адамдардың дәрежесін  көтеру; 

 

-  үздіксіз    білім  алуды  дамыту  және  біліктілікті  көтеруге 



көмектесу. 

50 

 

Сондай ақ, ҰБШ мыналардың мүддесін  қорғайды: 



 

-  біліктілік  тұтынушыларының  –  оқушы  және  қызмет  етуші 

азамат,  жұмыс    іздеп  жүрген  тұлғалар,  Қазақстанда  немесе  шет  елде 

алған  біліктілігін  қабылдауын  қалайтын  азаматтар,  сондай  ақ,  тікелей 

жұмыс берушілер; 

 

- біліктілікті бағалау мен беруге жауапты мекемелер;  



 

-  біліктілік  жүйесін  құруға,  енгізуге  және  жұмыс  істеуін 

қолдайтын  қазақстандық    және  шетелдік  тәуелсіз  эксперттер  мен  

мекемелер. 

  

Біліктіліктің  салалық    шеңбері  (БСШ)  Ұлттық  біліктілік 

шеңбері (ҰБШ) негізінде құралады және соның негізінде кәсіптік және 

сертификаттық стандарттарды құруға арналған.  

Қазақстанда  БСШ  құру  қажет  –  елдің    экономикасы  осылайша 

қалыптаскан.  Шетелдің  көбінде  салалық  шеңберлер    жоқ,  әрбір  

компания ҰБШ бейімделеді.  

Біліктілік  шеңберлеріндегі талаптардың дәрежесі, дескрипторлар 

аталатын  тәжірибелік  нәтижелерге  қол  жеткізу  тұрғысынан 

сипатталған, және мына топтарға біріктіріледі: 

 

-  субъектілердің  қызметтік  барысына  талаптар  (кәсіптік 



қызметте жауапкершілігін  анықтайтын құзіреттілігі); 

 



дағдыларға  қойылатын  талаптар  (логикалық  және 

шығармашылық  ойлау,  кәсіптік  қызмет  құралдарын    физикалық  

пайдалану – материалдар, машиналар, жабдықтар, механизмдер); 

-  білімге    қойылатын    талаптар:  практикалық  және  /немесе 

теориялық. 

ҰБШ мен БСШ келісімділігі мыналарға мүмкіндік  береді: 

-  құзіреттілігін    бағалау  және  сертификаттау    үшін  бақылау-

өлшеу  сапа  критерийі  мен  процедурасын  құру  жалпы  жүйелік 

мәселерін жасау.  

-  нақты  біліктілік  алуға  апаратын,  білім  берудің  түрлі 

траекторияларын  жоспарлау; 

-  БСШ  негізгі  бағытын  ұстау  –  қызмет    субъектілерін  бәсекелес 

өнім шығаруға бейімдеу.  

Дәл  осы  салаларда  экономиканың  масштабты  және  құрылымды 

секторларында өндіріс құралдары мен материалдық өнімдер жасалады. 

Сондықтан, 

мемлекеттің 

стратегиялық 

мақсаттарына 

сай 


– 

индустриалды-инновациялық 

даму 

мемлекеттік 



бағдарламасы 

аясында,экономика  секторларын    кадрлық    қорлармен    қамтамасыз  

ететін осындай БСШ құру өте маңызды. 


51 

 

ҚР  БСШ  құру  кезінде,  барлық  Ұлттық  біліктіліктер  жүйесін 



біріктіруді  қамтамасыз    ету  үшін,  жүйелік-қызметтік  және 

фунционалық жол ұсынылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет