Шетел әдебиеті


Грек трагик-ақындарының (Эсхил, Софокл, Еврипид) шығармаларын атаңыз, бір трагедияны сипаттаңыз



бет6/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
шетел (20)

10. Грек трагик-ақындарының (Эсхил, Софокл, Еврипид) шығармаларын атаңыз, бір трагедияны сипаттаңыз.
Эсхил гректің ең алғашқы әрі ұлы трагик-ақыны саналады. Эсхилдің трагедиялары:«Парсылар» , «Фивке қарсы жетеу» , «Орестея» , «Агамемнон», «Хоэфорлар», «Эвменидтер». Грекияның ұлы ақыны -Софокл.Софоклдың 123 шығармасы бар делінеді. Бізге жеткені - 7. Олар: «Аякс» , «Трахинянки» , «Антигона» , «Эдип патша» , «Электра» , «Филоктет» , «Эдип Колон¬да» трагедиялары. «Эдип патша» трагедиясында Фив елінің патшасы Лайдың ұлы Эдиптің өмірі жайлы айтылады. Лай патша бал аштырғанда өзінің ажалы ұлынан болатынын біледі. Лай өзінің құлына жаңадан туған ұлының аяғын шауып, таудан лақтырып өлтіруге бұйрық береді. Бірақ оны аяғын құл баланы өлтірмей, Коринфтың патшасы Полибоның тәрбиесіне береді. Бұл бала Эдип болатын. Ол ержеткенде бағанағы құлдан өзінің әкесін өлтіріп, шешесіне үйлене¬тінін естиді. Ол Полибо патша мен оның әйелін туған әке-шешем, мұндай күнә жасамаймын деп, Коринф қаласын тастап кетіп қалады. Фив патшалығына қарай жол тартады. Ол жолда бір қартпен ерегісіп, оны өлтіріп тастайды. Ал бұл қарт Лай патша болады. Эдип Фив қаласына келіп, Сфинкс деген тажалдан құтқарады. Осы ерлігі үшін Фив елінің патшаның жесірі Иокастаға ұзақ жылдар халықтың қошеметіне бөленіп, ел басқарады.
Бір жылдары Фив елінде қайғылы оқиға болады. Елге үлкен апат келеді. Балгер бұл бақытсыздықтың болуына себепші арамызда кісі өлтірген адам бар дейді. Оны елден қуу керек дейді. Эдип патша бар күшін салып, сол адамды іздейді.
Бар шындық ашылып, Эдип өз әкесін өлтіріп шешесіне үйлегенін білгенде, мұндай қайғыға шыдамай өз көзін өзі ағызып соқыр болады. Бұл менің істеген қылмысымның жазасы деп есептейді. Ұзақ жыл елді адал басқарған Эдиптің трагедиядағы тағдыры осылай беріледі.
Еврипид – атақты көне грек драматургы.Еврипид шығармаларының бірінші ерекшелігі - сол заман қажеттілігі: ерлік-батырлық сарыны.Еврипидтің басты жаңалығы – адамдардың мінез-құлқын бейнелеу. Еврипид трагедиялық образ мінездерін көпқырлы¬лық¬пен өрнектеді, көрер¬мен¬дерді қобалжудан қорқынышқа дейінгі қиын сезім иірімдеріне батырып, қатты толқытты. Мысалы, бір ғана тақырыптағы Медеяның адам төзгісіз азаптары оны қанішер жауыздыққа итермелейді, сондықтан туған балаларын өлтірсе де, Медея өкініш сезімін бастан кешпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет