Шетел әдебиеті



бет2/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
шетел (20)

Ведалық әдебиет. Мохенджо-Даро мен Хараппа өркениеттерінің жойылу себептері мен мерзімі нақты белгілі емес. Инда алқабының жоғарғы бөліктеріндегі қазба жұмыстарының нәтижесінде, ғалымдар шамамен б.з.д. ІІ мыңж. жататын жойқын жорықтардың қалдықтарын тапқан. Ол даму сатысы төмен болған халықтардың шабуылы екені де айқындалды. Гиндукуш тауларынан өтіп, Ауғанстанға шабуыл жасаған, одан Пенджабқа соққан сол арий тайпалары екені әбден мүмкін. Олар біраз уақыт Инда жерінде болып, Ямуна мен Ганга бассейндеріне өткен. 
Ведалық әнұрандарда осы шабуыл жайлы айтылған. Онда арийлердің заң, құдай, құрбандық дегенді тіптен білмейтін «дасью», «қара тәнділермен» шайқасы, дасью қамауларының жойылу және ведалық пантеонның басты құдайы Индра жайлы жазылған. Индра жиі «Пурандара»яғни «қалалардың қиратушысы» деп аталады. 
Қалай болғанымен, арийлердің Мохенджо-Даро мен Хараппа өркениеттерімен беттесуі кездейсоқ болғаны, әлде олардың арасында бір бізге белгісіз байланыстың болғаны нәтижесінде мәдениеттердің алмасуына себеп болды. Үндістанның солтүстік–батысындағы осы алмасу кезінде болған крит–микендік өркениеттің грек, этрус–римдіктің кейіннен неміс өркениетіне ауысуына ұқсас келеді. 
Арийлердің үнді жеріне келуін тек жанама мәліметтер арқылы талдауға болады. Сондай мәліметтердің арасындағы маңыздысы – веда әдебиеті. Ежелгі Үндістанның материалды, әлеуметтік және саяси өмірінің жалғыз ақпарат көзі болып саналады. Қазіргі таңда «Ригведаның» б.з.д. 1000 ж. жазылған деген пікірге күмән туады. Оған себеп - «Ригведа» тілінің Авестадағы гаттар тіліне жақындығы. «Ригведамен» бір уақыт немесе одан да кейінгі кезеңге жатқызылатын Авеста - Иран әдебиетінің құнды ескерткіші болып табылады. Өз кезегінде, «Ригведа» кейбір бөлімдерінде ежелгі мәдениетті суреттесе де, оның кейінгі кездегі үнді жерінде пайда болған арийлердің келу кезеңінен 300-500 жыл аралықта бөлектене алмайды. 
Сондықтан үндіарийлік немесе ведалық мәдениеттің басталуы шамамен б.з.д. ІІ мыңж. сәйкестендіріледі. Үндіарийлік тайпалар Үндістанға басып кіруіне дейін ежелгі иран халықтарымен территориалды және этникалық қауымдастық құрады. Үндіирандық тілдің іздері Богазкейде табылған және б.з.д. ХY ғ. басына жататын Хетт патшасы мен Митанни патшасы арасындағы келісім-шарттардың жазбаларында сақталған. Оларда вавилондық және хеттік тәңірлермен қатар, келісім–шарттарды сақтаушы ретінде шақырылған Митра, Варуна, Индра және Насатья – шығу тектері жағынан үндіирандық құдайлар аталады. 
Берілген барлық мәліметтер, гипотезалық түрде болса да, арийліктердің Үндістан территориясына баса көктеп кіруінің бейнесін еске түсіреді. Б.з.д. II мыңж. Орта Азия немесе Оңтүстік орыс жерлерінде қоныстанған арийлер Үндістан шекарасына, яғни оңтүстік-шығысқа қарай және оңтүстік-батыс бағытында Алдыңғы Азия аумағына жылжи бастады. Осыған байланысты бір уақытта Үндістанда ведалық мәдениет, Месопотамияда арийлік патшалар және Орта Азияда иран диалектілері пайда болды. 
Ведалық әдебиет негізінде өлеңдер мен проза формасында берілген кең көлемді мәтіндер жинағы, ұрандар мен ән-әуендер, рәсімдер түсініктемесі мен аңыз-әңгімелер, философиялық диалогтар және метафизикалық ой толғаулар көрініс табады. «Веда» сөзінің өзі «білім»деген мағынаны білдіреді, нақты айтсақ, жоғары әулиелі білім, және де веда ескерткіштері мәңгілік жасаған құдірет күші ретінде саналады. Ведалармен жетік таныспай тұра, Үндістанның рухани мәдениетін, діни әрі философиялық ілімдерін, осының ішінде тек индуисттік емес, сонымен қатар буддалық ілімдер тарихын жетік түрде тану мүмкін емес, дегенмен, буддисттер веданы мойындады. 
Алғаш уақытта қасиетті үш веда: «Ригведа» - ұрандар ведасы («рич» сөзі «ұран» дегенді білдіреді), «Самаведа»- өлеңдер ведасы (саман-мелодия, әуен), «Яджурведа» - құрбандыққа шалу рәсімімен байланысты нақыл сөздер (яджус - құрбан, құрбандық формуласы) болған. Кейін үш ведаға төртіншісі – «Атхарваведа» - дұғалар ведасы (атхарван - дұға, сиқырлы формула) қосылды. 
Бұл төрт веда барлық ведалық әдебиеттің негізі болып табылады, олардың композициясына байланысты, самхиттер, яғни жинақтар деп аталады. Өлең түрінде жазылған самхиттерге көбінесе брахмандар жатады, олар – рәсімге түсініктеме беретін, теологиялық мағынадағы прозалық мәтіндер. Брахмандармен араньяк және упанишадтар жақын болды, олар өлең мен проза формасында жазылған философиялық трактаттар, негізінен, адам болмысы, табиғат, Құдай және адамзат, олардың бұл өмірде байланысы мен орналасуы жайлы нақты мәлімет береді. Еврейлердің Библия кітабы немесе мұсылмандардың Құран Кәрімі тәрізді, самхиттер, брахмандар, араньяктар мен упанишадтар біріге отыра брахманизмнің қасиетті канонын құрайды. Оларға қатысты Үндістанда «шрути» («естілген») термині қолданылып, осының өзі ведалық мәтіндер оқылып, қағаз бетіне түсірілмеген, оның орнына мәтіндер қарапайым түрде айтылып, халыққа естіліп отырды. 
Шынымен, санскриттік жазбалар б.з.д. I мыңж. II жартысында қолданылып, қазіргі кезге дейін ауыздан ауызға таралып, тек қана ауызша түрде ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырды. 
Соңында, «шрути» атты ведалық мәтіндер категориясынан тыс, тіпті, оларға жатпайтын, тағы бір кең көлемді әдеби класс – «веданга», яғни «ведалар бөлігі»болған еді. Бұл сутраларда рәсімдер, фонетика мен грамматика, этимология, метрика мен астрономия болмысы немесе көмекші пәндер қарастырылып, дұрыс түсіндірілу мен ведалық діннің таралуы барысында маңызды болды. 
Ведалық ескерткіштер шеңбері, осылайша, сипатталады. Осы тәрізді кең көлемді әдебиет бірден бір уақытта пайда болған жоқ. Жеке мәтіндер тілі, мазмұнының сипаты, жылнамалар сияқты салыстырмалы мәліметтер ведалар пайда болуының дәуірін, шамамен, 500-700 жылдар және одан кейінгі деп анықтайды. 
Веда әдебиеттерінің кезеңденуі барысында әрбір ведалық мәтін хронологиялық түрде айрықша болды. Бір-бірінен жүзжылдықтар арқылы бөлініп тұрған веда ескерткіштері түрлі саяси-әлеуметтік қатынастар деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар ведалық канондар тұтас діни-рәсімдік кешен тәрізді, бұл ескерткіштер үнді дәстүрімен, оқырман қауымымен бір тұтас әрі өзара байланысты мәтіндер жүйесі ретінде қабылданды. Бұл жүйе, бір жағынан, құрбандық шалу рәсімдеріне негізделсе, екінші жағынан, ежелгі үнді көріністерінің ғарыштық және діни-философиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Ежелгі Иранның жазу өнері б.з.д. ІІ мыңж. бастап Гиндукуштан Дон сағасына дейін, Оралдан Парсы шығанағына дейін созылып жатқан кең алқапта өмір сүрген халықтар мен Иран тайпаларының көне мәденеитінің бір бөлігі болып табылады. Б.з. І мыңж. бастап шығыс және батыс ирандықтар қоныс тепкен территориялар анықтала бастады. Шығыс ирандықтар Орта Азияны (қазіргі Ауғанстанның біраз бөлігі мен Гиндукуш тау тарамдарының бір бөлігін қоса алғанда) мекен етіп, шығыс-еуропалық халықтармен, Қытай және Үндістанмен өзара қатынаста болды. Шығыс Иранның орталықтары Ферғана, Хорезм, Согда, Дрангиган, Памир мен Хорасан қалалары болды. Батыс ирандықтар қазіргі Иран жерінде өмір сүріп, Месопотамия мен Жерорта теңізінің алқабын мекендеген халықтармен қарым-қатынас жасады. Батыс Еуропаның орталық қалалары Мидия, Атропатен мен Фарс қалалары болды. Шығыс және батыс ирандықтардықтардың қарым-қатынасы ғасырлар бойы үзілмеді.
Ежелгі ирандықтардың, әсіресе көшпелі тайпалардың сенімі туралы мәліметтер Геродот пен Ктесия сияқты антикалық жазушылардың еңбектері мен көне шығыс тілдерінде жазылған жазбаларда кездеседі. Уақыты жағынан бізге жеткен иран жазба ескерткіштерінің алғашқысы – бірнеше бөлімнен тұратын қасиетті кітап Авеста. Оның ең көнесі 17 дұғадан тұратын «Гаталар»туындысы. Оның авторы - ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра.
Гаталар құрылған б.з.д. І мыңж. алғашқы ғасырлары Орта Азия мен Иранда рулық қоғамнан ерте таптық қоғамға өту кезеңі болып табылады. Бұл уақытта адамдар темір балқытуды игеріп, темір құрал-саймандар пайда болып, отырықшылық мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қалыптасып, дами бастады. Шығыс ирандықтар көшпелілер және отырықшылар болып бөлінді. Отырықшы ирандықтар үш әлеуметтік таптарға жіктелді: малшылар мен егіншілер, әскерилер және абыздар. Бұл қоғам біртіндеп әскери демократиядан аристократиялық олигархияға өтіп, алғашқы мемлекеттер пайда бола бастады.
Бізге дейін сақталған ескерткіштер мен фольклор арқылы ежелгі иран халқының алғашқы дүниетанымдары туралы және олардың табиғатпен белсенді қатынаста болғандарын біле аламыз. Осы кезде адамдарды от жағып, үй салуға, жануарларды қолға үйретіп, киім тігуге, егіншілікке үйреткен әдеби батырлар туралы аңыздар пайда бола бастады. Теріс зұлым күштермен күрескен батырлар туралы жырлар, шамандық өлеңдер мен абыздық ұрандар пайда болып, шешендік өнер дами түсті.
Иран тайпалары ежелгі тарихының осы кезеңінде пайғамбарлар немесе бір ғана ұлы пайғамбар Заратуштра арқылы арнаулар, гаталар оқылды. Бұл туындылар өздерінің әсемдігімен тыңдаушының жүрегін жаулап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды. Кейінірек оларды абыздар қағаз бетіне түсіреді. Гаталарда өмір, болмыс пен өзін-өзі ұстау нормалары көрсетіледі. Гаталардың бейнелеу жүйесіне табиғат пен қоғамдағы қарама-қарсы күштердің шынайы қақтығысын қамтитын әмбебапполяризация тән.
Жалпы, әлем екіге бөлініп қарастырылды: біріншісі – шынайы «заттар әлемі», екіншісі – ойдан шығарылған «рухтар әлемі». Заратуштра «екі дүниеде де, заттар мен рухтар әлемінде де жеңілдік беруіңді сұраймын» деп жалбарынатын. Гаталардағы түсініктер бойынша, құдайлар мен мейірімді рухтардың патшалығында жердегі тәртіпке мұрат болатын үйлесімді, таңғажайып тәртіп үстемдік етеді. Бұл үйлесімділік гаталарда көрініс тапқан үштік принципке негізделген. Онда 3 саны қасиетті болып есептелінеді.
5) 5. Ежелгі Мысыр жазбалары, танылуы, сақталуы, тақырыптары. Пирамида текстері, оның негізгі мазмұны жайлы анықтаңыз.
Мысыр жазбасы - дүниежүзіндегі жазулардың ең көнесі. Өз тарихында мысырлықтар жазудың екі жүйесін иерог¬лифтік және иератикалық қолданды. Б.з.д. 8 ғ. тағы бір күрделі демотикалық жазу түрі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет