Мысыр пирамидалары — Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5-мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған.
Оның биіктігі – 147 м.
Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады.
Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
15. Ежелгі Мысыр прозасында көрініс берген жанрлар: ертегілер, повестер, олардың мазмұны туралы әңгімелеңіз.. Ежелгі Мысыр (көне грекше: Αἴγυπτος, лат.Aegyptus), Та-кемет, Та-мери, Та-уи т.б. ) — әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.
Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жылы біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше «гео — жер, метро — өлшеу» деген мағына береді).
Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
• Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн), Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.
• Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.
• Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.
Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.
• Жаңа патшалық (б.з.б. 1555-1090 жж.) ХVIII-XX династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.
Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.
• Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұлтабыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. XXIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды.
Б.з.б. 712-525 жылдарда XXV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды. XXVI династия Мысырды Эфиопиясыз тағы да бiрiктiре алды. Осы династияның соңғы патшаларының бiрi – III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тауып, Мысыр парсы провинциясына айналды. Осымен б.з.б. 525 жылы Ежелгi Мысыр тарихы мен Мысыр өркениетi тарихы аяқталады.
Ежелгі Египеттегі əлеуметтік құрылым[өңдеу | қайнарын өңдеу]