Шетел әдебиеті


Иран күнтізбесінде 14 мамыр - Фирдоусиді еске алу күні деп аталады



бет14/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
шетел (20)

Иран күнтізбесінде 14 мамыр - Фирдоусиді еске алу күні деп аталады, сондықтан біз сіздерді Қазақстан халқына танылған және де қазақ тіліне аударылған Фирдоусидің «Шаһнама» дастанымен жақынырақ таныстырамыз.
Кейбір халық риуаяттарында Шахнама бәйіттерінің саны «қырық мың» деп айтылады, ал Шахнаманың мәтініндегі дәлелдерге және басқа да дереккөздерге сүйенсек, Шахнамада 60 000 бәйіт бар.

Шахнама құдайдың атымен және «жан мен ақылды жаратушы құдай» деп басталады. Ақынның құдайдың шексіз сипаттары мен оның жанды жаратуы мен ақылды бергеніне сүйенуі, бұл өмірдің бәрінен де маңызды екенін және өмір даналықпен қатар жүруі керек екенін көрсетеді. Шахнама дастанындағы негізгі тақырып өмірге деген махаббат, адамдардың жайлылығы мен бақыты, басқаларды қорлаудан аулақ болу, соғыс пен адам өлтіруге, қантөгіс пен жоюға деген жек көрініш болып табылады. Адамдардың өмірі мен олардың ойы, мінез-құлқы ақылға негізделуі керек, ал оған бағынбау бақытсыздыққа әкеледі.


Шахнама - ежелгі Иран батырларының дастаны және оқырманды ежелгі Иранның ғасырлар мен мыңжылдықтарына қайта апарады. Фирдоуси өзінің үздік туындысы «Шахнаманы» парсы тілінде жазды. Шахнама - бұл төртінші ғасырдың жәдігері, Иранның зияткерлік және мәдени даму ғасыры, рационализм мен еркін ой ғасыры, Закария әл-Рази мен Ибн Сина, Бируни өмір сүрген ғасыр. Зиялы қауымның бойында ойлау мен пайымдау басым болған кезең. Шахнама мәдениеті Саманилер дәуірінің айнасындағы Сасанидтер мәдениетінің көрінісі болып табылады.


20) Орта ғасыр шығыс әдебиетінде көрініс тапқан жанр түрлерін, олардың ерекшеліктерін айтып беріңіз.
Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде , А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
21) Сервантес сомдаған жаңа кейіпкерлер: Дон Кихот пен Санчо Панса мінездерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз, роман жанрына тән суреттеу заңдылықтарын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет