Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші


Класс ұжымына мінездеме беру үлгісі



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
 
Класс ұжымына мінездеме беру үлгісі 
1. Кластағы оқушылар туралы жалпы түсінік және оның 
қалыптасу тарихы (оқушылар саны, олардың ішіндегі 
ұлдары мен қыздары, жас мөлшері, кластан класқа көшпей 
қалғандар саны, кластың басқа класпен қарым-қатынасы, 
класс жетекшісінің ауысуы т.б.) 
2. Класс ұжымының жетекшісі және ұйымдастырушысы: 
а) Кластың ұйымдастырушы орталығы, белсенділігі, 
староста және оның жұмысы. Кластағы белсенді 
оқушылардың мінездемелері (олардың сана сезімінің 
деңгейі, инициативасы), өзбетімен еңбек ету мен 


71 
қайсарлылығы, өздеріне және басқаларға талап қоя білуі, 
достарының арасында беделді болуы, ұйымдастыру 
қабілеттері достарына деген қамқорлық, қоғамға деген 
көзқарастар. 
ә) Класс ұжымындағы басқа да сайланбаған «лидерлердің» 
саны, олардың мінезі мен класс ұжымына әсері, олардың 
тигізетін әсерінің себептері, кластағы «шетке шығып 
қалғандар» саны, шетке шығарудың себебі және оны 
анықтау жолдары, оларға жолдастарының қарым-
қатынасы. 
б) Ұжым ішіндегі қарым-қатынас (кластың ұйымшылдық 
деңгейі, жеке топтарға бөлінуі немесе оның болмауы
олардың ішкі деңгейі мен кластың жалпы жұмысына 
қызығушылық деңгейі, алма-кезек талап қоя білудің, 
жолдастық қамқорлықтың, сыйластықтың көрінуі), өзара 
сын. Ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым-қатынастың 
ерекшеліктері. Жолдастық және достық қарым-қатынастың 
жеке ұжым арасында пайда болуы. 
в) Класс жетекшісінің жеке бас және оның класқа әсері 
(білімділігі, оқушы психологиясын білуі, мәдениеті, 
ұйымдастырушылық қабілеті және олардың қызығуларын 
білуі т.б.) Класс жетекшінің класс оқушыларына қатынасы, 
оның оқушылар арасындағы беделі. 
3. Ұжымдық жұмыстың мазмұны мен сипаты: 
а) Оқу әрекеті (жалпы оқу үлгерімі мен тәртіп, кластың 
жоғары оқу үлгерім үшін күресі, жеке оқушылардың оқу 
үлгерімін қадағалау. Оларға деген класс жетекшінің, класс 
белсенділерінің, ұжымның талабы, өзара көмек, оның 
формасы мен ұйымдастырылуы, оқу әрекетіндегі кластың 
тәртібі (сабақта және үй тапсырмасын орындағанда, оқу 
жұмыстарындағы зиянды нәрселер шпаргалкалар, көшіріп 
алулар, жасырын көмек). 
ә) Оқудан тыс кластың өмірі. Саяси жаңалықтарға, өнерге, 
әдебиетке, спортқа, коллекция жинауға деген қызығулар. 


72 
Осы қызығулардың пайда болу формалары (оқу 
конференциялары, театрға, киноға бару, КВН, диспут 
өткізу, т.б.), класс оқушыларының мектеп өміріне 
араласуы. 
б) Қоғамдық пайдалы жұмыс және оның кластан тыс 
өмірдегі орны, еңбектің түрлері және оның орындалуында 
қоғамдық еңбекке деген саналы тәртіптің пайда болуы. 
4. Жалпы қорытынды. Класс оқушыларының дамуының 
деңгейі. 
Тәртіптілік сипаты. Ұжым өміріндегі кемшіліктер және 
оларды жою жолдары.


73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет