Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет55/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Ақұлан 
 - Ағаш жастық - екi басы қайқы, ағаш төсегiнiң ең алғаш 
пайда болған бөлшегi: биіктігі 25-30см, көлдененi бiр 
немесе екi кiсiлiк болады. Ағаш төсекте ағаш жастығы бетi 
ою- өрнектермен әшекейленген.
Асем
Күбi - ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат 
пiсуге кейде көже аштуға арналған пiспе шелек. Ожау 
сусын iшуге, құюға арналған ыдыс. Ағаштан жасалатын 
ожаудың түрiн II-ғасырдан қолдана бастаған, ол металдан 
жасалған ожау XVI-XIX ғасырда пайда болған. 
 
Қорытынды: Мұғалiм сабақты қорытындылау мақсатына 
киiз үйге байланысты жұмбақтар оқиды:
Ерте тұрдым, алып ұрдым
(есiк) 
Отыз омыртқа, қырық қабыртқа 
Бәрiн көтерiп тұрған ауыз омыртқа
(кереге, уық, шаңырақ) 
Жетпiс кемпiр, жер тiстеп жатыр
(керегенiң аяқтары) 
Төрде төртеуi отыр төремiн деп,
Есiкте екеуi отыр өлiмiн деп, 
Ортада бiреуi, Құдайдың не салғанын көремiн деп.
(жүк аяқ, екi босаға, бақан) 
 


120 
Қосымша 5 
Кластан тыс сабақтың тақырыптарының үлгі 
жоспарлары 
Тақырыбы: Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні 
Мақсаты: Оқушыларды Наурыз мейрамында ұмыт болған 
салт-дәстүрлерді дәріптеуге үйрету. Наурыз кешін өткізу 
арқылы балаларға рухани тәлім-тәрбие беру. 
1-ші жүргізуші: 
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар 
Наурыз тойы басталды 
Көргендер де армандар 
Көрмегендер де армандар 
Қызықтан тыс қалмаңдар 
Жаңарғаны сананың ұмытады мұны кім 
Ата-салтын бабамның алып келді, Ұлыс күн! 
2-ші жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Ұлыс тойы басталды 
Наурыз тойын көтеріп 
Жар салайық әлемге 
Көрмегендер, көріңдер, 
Естімеген, естіңдер. 
Дабылын оның қағайық 
Шақырамыз бәріңді, 
Ұлыстың ұлы күнінде 
Жиналыңдар алаңға 
Кешігіп одан қалмаңдар! 
1-ші оқушы: Күміс көмей әншілер, құдіретті күйшілер 
2-ші оқушы: Мың бұралған бишілер, балтыры жуан 
палуандар


121 
3-ші оқушы: Құралайды көзге атқан мергендер, күміс 
көмей әншілер, жез таңдай шешендер 
4-ші оқушы: Қара қылды қақ жарған көсемдер, 
Он саусағы алтын шеберлер, 
Бәрің де сынға түсіңдер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет